Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін |
500 |
1881,5 |
2945,1 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін |
539 |
1 700 |
3 400 |
»;
мына:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға |
500 |
1505,0 |
3098,2 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға |
537 |
1 418 |
2 836 |
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оку орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 — 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
мына:
«
Назарбаев Университеті |
140 |
2106,3 |
4212,7 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университеті |
97 |
2 500 |
5 000 |
».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов