Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 1257 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 606-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      3-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын беріледі;»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің* немесе анықтаманың өтініш берушінің бірінші басшысы растаған және мөрі қойылған көшірмесі;
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағы) және оның радионавигациялық құралы орналасқан жер учаскесін, құрылысты пайдалану (меншік) құқығына актінің көшірмесі;
      4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесінің көшірмесі;
      5) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарының көшірмесі;
      6) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмесі;
      7) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөніндегі диспетчер немесе радиооператор пункті жабдығының тізбесі;
      8) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, метеорологиялық қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
      9) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың көшірмесі (бірлесіп пайдаланатын әуеайлақтар үшін);
      10) инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      11) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрі – АІР) енгізу үшін ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық;
      12) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тізбесі;
      13) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтінім қайта берілген кезде);
      14) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алынатын алымның төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;».
      9. Егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге тартылған болса, осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесіне ғылыми зерттеу ұйымдарының және тиісті құзыретті органдардың қорытындылары қоса беріледі.»;
      12-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      13-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтiнiш берушіге өтiнiмдi алдын ала бағалау барысында анықталған кемшiлiктердiң тiзбесi бар жазбаша хабарламаны және оларды жою мерзімдері белгіленген ұсынымдарды жiбередi.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім шығарады және күнтізбелік 15 күннің ішінде бұл туралы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтініш берушіні хабардар етеді.»;
      16-тармақтың 1)6) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әуеайлақ объектілерінің, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) геометриялық, физикалық сипаттамаларының және оның жабдықтарының әуеайлақ жөніндегі нұсқауға және сертификаттау талаптарына сәйкестігін;
      6) өтініш берушінің басқа ұйымдармен тиісті арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау құқығына жасасқан өзара іс-қимыл жасау шарттарының болуын, сондай-ақ авиация персоналын оқытуды;
      9) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымдарының өндіріс жабдықтары мен құралдарының техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерін) қарайды, өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттау және пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндірістік рәсімдерді тексереді.»;
      1721 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
      21. Сертификатты немесе сертификат беруден бас тарту туралы шешімді ресімдеуді және беруді уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннің iшiнде жүргiзедi.
      24. Мынадай:
      1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау және пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайда;
      2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан және уәкілетті органға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін сертификаттың қолданылуын қалпына келтіруді сертификаттық тексеруден кейін уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте ұшу қауіпсіздігінің барабар деңгейін (бұдан әрі – ҰҚБД) қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданады, сертификаттық құжаттама құрамына енгізілетін және сертификат алуға арналған өтінімге қоса берілетін қажетті құжаттама әзірленеді. ҰҚБД қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдау туралы құжаттама бағалау, тәуекелді басқару әдістемесінің негізінде жасалады және оған өтініш беруші мен ҰҚБД-ны әзірлеуге қатысқан ұйым қол қояды.»;
      2933 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. ҰҚБД бойынша құжаттаманы әзірлеу үшін өтініш беруші (әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағының) пайдаланушысы, иесі) тиісті ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыретті ұйымдарды тартуы мүмкін. Тәуекелді бағалау мақсатында ҰҚБД әзірлеуге дейін осы шараларға қатысты уәкілетті органнан консультация алуы қажет.
      Уәкілетті органмен келісілгеннен кейін осы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) ҰҚБД қолданысқа енгізу туралы ақпарат он жұмыс күні ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқауға және аэронавигациялық ақпараттың басқа да құжаттарына енгізіледі.
      33. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшін сертификаттың иесі негiздемесімен, тиiсті өзгерiстердi растайтын құжаттармен қоса еркiн нысандағы өтiнiшті және бұрын берілген сертификатты (жоғалған немесе ұрланған жағдайлардан басқа) бередi.
      35. Әуеайлақта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, әуе кемелерінің тұрақ орындарының, перрондарының физикалық, геометриялық сипаттамасына, жарық сигналдық, радиотехникалық немесе метеорологиялық жабдықтарды орнатуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, әуеайлақ объектілерін электрмен жабдықтауды қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға; талап етілетін өрттен қорғау деңгейі бойынша санатты өзгертуге; ИКАО-ның 15-қосымшасына сәйкес әуеайлақтың 2, 3 немесе 4-ауданында кедергілердің құрамы мен сипаттамасындағы өзгерістерге қатысты бөлікте әуеайлақта өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, сертификаттың иесі өзгерістерді есепке ала отырып, әуеайлақ объектісінің пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтайды және өзгерісті әуеайлақ нұсқауына енгізу үшін уәкілетті органнан мақұлдау алу үшін өтінім жолдайды.
      Өзгерістерді ескере отырып, әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтау жұмысына қажеттілігіне қарай ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыретті ұйымдар тартылады.»;
      6-тарау алынып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаға 12345-қосымшалар осы қаулыға 12345-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаға 6-қосымшада:
      «Әуеайлақты сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы» деген кестеде:
      «1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және сәйкестiгi» деген бөлімдегі реттік саны 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3)

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады



                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:

      «

12. Отын құю құралдары

1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру



2

Отын құю машиналары мен механизмдері



3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар



                                                                   »;

      Әуеайлақты сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Әуеайлақты сертификаттық  
тексерудiң үлгi бағдарламасына
қосымша           

Әуеайлақты сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына
сәйкессiздiктер тiзбесi

______________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)

Бағдарламадағы
сәйкессiздiк
позициясының №

Сәйкессiздiктiң сипаттамалары

Ескертпе

1

2

3



Мерзімді белгілеу



Қажеттілігіне қарай тәуекелді талдауды талап ету



Қажеттілігіне қарай тәуекелді талдауды талап ету



Тәуекелді басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын талап ету

Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
                   __________________________________________________
                   __________________________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Таныстым:          __________________________________________________
                   __________________________________________________
                     (азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә.,
                                          қолы)

Сертификаттық
тексеру жүргiзiлген күн           20__ жылғы «___» ________________»;

      көрсетілген Қағидаға 7-қосымшада:
      21-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

21. Отын құю құралдары

21.1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру



21.2

Отын құю машиналары мен механизмдері



21.3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар



                                                                   »;

      Тікұшақ айлағын сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Тікұшақ айлағын сертификаттық
тексерудiң үлгi бағдарламасына
қосымша           

Тiкұшақ айлағын сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына
сәйкессiздiктер тiзбесi

______________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)

Бағдарламадағы
сәйкессiздiк
позициясының №

Сәйкессiздiктiң сипаттамалары

Ескертпе

1

2

3



Мерзімді белгілеу



Қажеттілігіне қарай тәуекелді талдауды талап ету



Қажеттілігіне қарай тәуекелді талдауды талап ету



Тәуекелді басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын талап ету

Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
                   __________________________________________________
                   __________________________________________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

Таныстым:          __________________________________________________
                   __________________________________________________
                     (Азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә.,
                                          қолы)

Сертификаттық
тексеру жүргiзiлген күн           20__ жылғы «___» ________________»;

      көрсетілген Қағидаға 8-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және жиырма төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
1-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
1-қосымша           

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
АРД сериясы № _____

20__ жылғы «___» __________ берiлдi
20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды

1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы) ________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жерi (әкімшілік және географиялық
координаталары) _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Әуеайлақтың иесi (заңды тұлға) ___________________________________
_____________________________________________________________________
4. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды ________________________________
_____________________________________________________________________
5. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану
талаптарына және жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні
куәландырылады. Осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын
сертификатқа қосымшада қолданылу саласында көрсетілген ережелер мен
шектеулерді ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат етіледі.
6. Сертификатты беру үшiн негiз: ____________________________________
Комиссияның 20   ж. «   » ____________________ қорытындысы туралы акт
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________
          (қолы, Т.А.Ә.)

Әуеайлақтың жарамдылық
сертификатына қосымша

АРД сериясы № _______________

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшу шарттары

Кіру түрі және қону бағыты

Ескертпе

















Р/с

Шектеулер


1




2




3




4




_____________________________________________________________________
          (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________
       (қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
2-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
2-қосымша           

ТIКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫ
ВРД сериясы № _____

20__ жылғы «___» __________ берiлдi
20__ жылғы «___» __________ дейiн жарамды

      1. Тiкұшақ айлағы (жерүсті, көтерілген және тікұшақ
палубасындағы тікұшақ айлағының атауы) ______________________________
      2. Тiкұшақ айлағының орналасқан жерi (әкімшілік және
географиялық координаталары) ________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Тiкұшақ айлағының иесi _____________________________________
      4. Тiкұшақ айлағын пайдаланушы ________________________________
      5. Тiкұшақ айлағының ИКАО бойынша сыныбы HI, HII __ H __ III __
_____________________________________________________________________
      6. Осымен тікұшақ айлағы осы сертификаттың ажырамас бөлiгi
болып табылатын қолданылу саласын есепке ала отырып, азаматтық
тiкұшақ айлақтарын пайдалану талаптары мен жарамдылық нормаларына
сәйкес келетiнi куәландырылады.
      7. Сертификатты беру үшiн негiз: ______________________________
Сертификат 20   ж. «   » _________________________ қорытындысы туралы
акт (тексеру парағы) ________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________
         (қолы, Т.А.Ә.)

Тікұшақ айлағының жарамдылық
сертификатына қосымша   

ВРД сериясы № ___________________

ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ
СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшулар шарттары

Қону бағыты

Ескертпе

















Р/с

Шектеулер


1




2




3




4




_____________________________________________________________________
            (сертификатты берген орган басшысының Т.А.Ә.)

МО ___________________________
         (қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
3-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
3-қосымша           

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттауды жүргiзуге
ӨТIНIМ

       1. ____________________________________________________________
              (ұйымның, өтiнiш берушiнiң атауы, оның мекенжайы)
атынан ______________________________________________________________
                          (әуеайлақтың атауы)
_____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
_____________________________________________________________________
                    (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
            (нормативтiк актiлердi көрсету және атауы)
талаптарына сәйкес келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң
сертификаттау талаптарына сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жүргiзудi
сұрайды.
       2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы, қону
аспаптарын ескере отырып (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес
немесе нақты кірулер) ұшу шарттары __________________________________
_____________________________________________________________________
       3. Қосымша ____________________________________________________

Басшы ____________________________________       ____________________
                   (Т.А.Ә.)                              (қолы)

М.О.                                        Күнi ____________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
4-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына 
4-қосымша          

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттау жүргiзуге өтiнiм бойынша
шешім

      20__ жылғы «___» ___________
      Сiздiң әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын
сертификаттауға өтiнiмiңiзді және құжаттамаңызды қарап, мынаны
хабарлаймыз:
      1. Сертификаттық тексеру ____ бастап ___ кезеңiнде жүргiзiледi.
      2. Тексеру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының)
пайдалануға жарамдылығы нормаларының, сондай-ақ _____________________
______________________________________ талаптарына сәйкес жүргiзiледi
   (нормативтік құжаттардың атауы)
      3. Сертификаттық тексеруді мынадай құрамдағы Комиссия
объектiлерді тексеру (сынау) жолымен жүзеге асырады:
      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      Комиссия мүшелері _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жұмыстар 20__ жылғы «___» __________ № ____ өтiнiм негiзiнде
жүргiзiледi.

      Басшы ___________________________           ___________________
                      (Т.А.Ә.)                           (қолы)

      МО                               20__ ж. «___» ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
5-қосымша       

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
5-қосымша          

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылық
сертификатына өтiнiш берушiнiң
мiндеттемесi

Мен, ________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________ осы арқылы әуеайлақтың (тiкұшақ
айлағының) __________________________________________________________
____________________________________________________________________,
                 (нормативтiк құжаттардың атауы)
сертификаттау талаптарына сәйкес келетiнiн, ұсынылған құжаттамадағы
ақпарат әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкес келетiнiн куәландырамын
және:
      1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау талаптары мен
нормативтiк құжаттаманың ережелерiне сәйкес пайдалануға және ұстауға;
      2) аэронавигациялық ақпарат басылымдарында (АIP) қамтылған
деректердiң әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкестiгiн қамтамасыз
етуге;
      3) әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) сертификаттау және
нормативтiк талаптарға сәйкессiздiктер анықталған кезде әуежайда ұшу
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шектеулерді дереу
енгiзiп, уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлауға;
      4) уәкілетті органнан әуеайлақ басшылығына, әуеайлақтың
аэронавигациялық паспортына (ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа)
және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын
және өрттерді сөндіру бойынша жедел жоспарға толықтырулар мен
өзгерістер енгізуге рұқсат алуға;
      5) АIP-ге енгiзу үшiн дайындалған материалдарды уәкiлеттi
органға бекiтуге уақытында жiберуге мiндеттенемiн.

      Басшы ___________________________          ____________________
                      (Т.А.Ә.)                          (қолы)

      МО                               20__ ж. «___» ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 1257 қаулысына   
6-қосымша      

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының)
жарамдылығын сертификаттау және
сертификат беру қағидасына  
8-қосымша          

Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын)
сертификаттық тексеру
актiсi

      20 ___ жылғы «___» __________ № _______ бұйрықпен тағайындалған
мынадай құрамдағы комиссия:
      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., лауазымы)
_______________________________ кезеңде ұсынылған құжаттаманы қарады,
әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне
тексеру жүргiздi және мыналарды анықтады:
      1. Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiк ______________________________________________________________
                  (№, берiлген күнi және қолданылу мерзiмi)
      2. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) пайдалануға жарамдылық
сертификаты _________________________________________________________
                    (№, берiлген күнi және қолданылу мерзiмi)
      3. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) физикалық сипаттамалары:
      1) әуеайлақ элементтерiнiң геометриялық өлшемдерi;
      2) кедергiлердi шектеу және есепке алу;
      3) жасанды жабындарының берiктiгi;
      4) жасанды жабындарының жай-күйi.
      4. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) әуеайлақ жабындары мен
кедергiлерiнiң күндiзгi таңбалануы:
      1) әуеайлақ жабындарының күндiзгi таңбалануы;
      2) кедергiлер мен объектiлердiң күндiзгi таңбалануы.
      5. Радиотехникалық жабдықтар және ӘҚБ диспетчерлiк пункттерiнiң
жабдықтары:
      радиотехникалық құралдардың құрамы;
      1) қону жүйесiнiң жер үстi жабдықтары;
      2) ҚЖЖ отырғызудың радиотехникалық жүйесi;
      3) жеке жалғамалы станция;
      4) әуеайлақтың қосымша маркерлiк радиомаягi;
      5) автоматты радиопеленгатор;
      6) объективтiк бақылау құралдары;
      7) электрбайланыс құралдары;
      8) ұшу алаңын көретiн радиолокациялық станциясы;
      9) әуе қозғалысын басқарудың диспетчерлiк пункттерінiң жабдығы.
      6. Әуеайлақтың жарық сигналы жабдықтарының және объектiлердi
жарықпен қоршау жүйелерi
      7. Метеорологиялық жабдықтар
      8. Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары:
      1) әуеайлақты электрмен жабдықтау;
      2) әуеайлақ объектiлерiн электрмен қоректендiру;
      3) автономды электрмен қоректендiру;
      4) электр желiлері.
      9. Авариялық-құтқару құралдары.
      10. Әуеайлаққа қызмет көрсету мен жөндеуге арналған арнайы
техника _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгi
туралы Комиссияның қорытындысы

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      Комиссия мүшелерi: _________________________       ____________
                                  (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      Таныстым: _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (азаматтық авиация ұйымының басшысының Т.А.Ә., қолы)

Сертификаттық
тексеру жүргiзiлген күн             20__ жылғы «___» ______________»;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады