Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылғы 29 қарашада № 1266 «Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 820 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылғы 29 қарашада № 1266 «Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 820 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысын қабылдады.
Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) қол қою туралы жұмыстарды жалғастыру орынсыз деп танылды.
2013 жылғы 4 ақпанда қабылданған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде қазақстандық заңнама бойынша зейнетақы тағайындау кезінде барлық зейнеткерлердің, оның ішінде «Байқоңыр» кешенінің ресей ұйымдарында қызмет еткен азаматтардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті толықтырулар енгізілген болатын.
Хаттамаға қол қою туралы мәселе Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені жөніндегі кіші комиссиясының күн тәртібінен алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі