Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 29.11.2013 № 1266 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбжәлиұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою өкілеттігі берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 820 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 8-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«а)» тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) «өкілетті орган» термині:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры, дегенді білдіреді;»;
2) мынадай мазмұндағы «в)» тармақшасымен толықтырылсын:
«в) «еңбек (сақтандыру) стажы» термині – зейнетақы алу құқығын айқындау кезінде Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының заңнамасына сәйкес ескерілетін еңбек қызметі кезеңі.»;
3) 3-баптың екінші бөлігіндегі «стажы» деген сөз «(сақтандыру) стажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап
Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Зейнетақы тағайындау үшін көрсетілген адамдардың «Байқоңыр» кешенінің аумағында жұмыс істеу кезеңіндегі жалақысы (табысы) ескеріледі.
«Байқоңыр» кешенінің аумағында жұмыс істеу кезеңіндегі жалақы (табыс) белгіленген тәртіпте жұмыс берушілер немесе тиісті мемлекеттік (муниципалдық) органдар беретін құжаттармен расталады.
Зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының ұлттық валютасымен төленген жалақының (табыстың) мөлшері зейнетақы тағайындау (қайта есептеу) сәтінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми белгілеген валюта бағамының негізінде есептеледі.»;
5) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы төлемін қаржыландыру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
6) 6-баптағы «Зейнетақымен» деген сөз «Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттаманың қолданысы Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісім күшіне енген сәтінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттаманың қолданысы Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатылады.
_______________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін