Қазақстан Республикасы Үкіметінің Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қол қоюы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1268 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненовке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1268 қаулысымен  
мақұлданған      

Құқықтық құжаттар

      2010 жылғы Хаттамасымен түзетулер енгізілген
      Салық істері бойынша
      өзара әкімшілік көмек туралы өзгертілген
      конвенция

Баспа нұсқасы

Еуропа Кеңесі

      Осы жарияланымдағы мәтіндерді басып шығаруға толық атауын және негізгі көзді, яғни Еуропа Кеңесін көрсеткен жағдайда рұқсат етіледі. Егер ол коммерциялық мақсаттарда пайдалануға немесе Еуропа Кеңесі бейресми тілдерінің біреуіне аударуға арналған болса, publishing@coe.int бойынша хабарласуды өтінеміз.

      Еуропа Кеңесінің баспасы
      F-67075 Strasbourg Cedex
      http://book.coe.int

      ISBN 978-92-871-7182-5
      Еуропа Кеңесі, Желтоқсан 2011
      Еуропа Кеңесінде басып шығарылған

      Салық істері бойынша
      өзара әкімшілік көмек туралы өзгертілген
      конвенция

      Мәтін 2011 жылғы 1 маусымда күшіне енген Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы өзгертілген конвенция хаттамасының ережелеріне сәйкес өзгертілді.

      Еуропа Кеңесі Шарттарының Топтамасы/127

Кіріспе

      Осы Конвенцияға қол қойған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер,
      Адамдардың, капиталдардың, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің халықаралық қозғалысының дамуы – осы процестердің тиімділігіне қарамастан – салық салуды болғызбау және одан жалтару ықтималдығының өсуіне әкеп соқтырғанын және сондықтан салық органдары арасында ынтымақтастықты нығайтуды талап ететінін ескере отырып;
      халықаралық деңгейде екі жақты, сол сияқты көпжақты негізде салық салуды болғызбаумен және одан жалтарумен күресу үшін соңғы жылдары қолға алынған барлық жан-жақты күш-жігерлерді құптай отырып;
      мемлекеттер арасындағы үйлесімді күш-жігерлер салық төлеушілердің құқықтарын тиісті қорғауды бірмезгілде қамтамасыз ете отырып, кез келген салық түрін алу мәселелерінде әкімшілік көмектің барлық нысандарын дамыту мақсаттарында қажеттілік болып табылатындығын ескере отырып;
      халықаралық ынтымақтастық салықтық жауапкершілікті тиісінше анықтау кезінде және салық төлеушіге оның құқықтарын қамтамасыз етуде жәрдемдесу кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігін тани отырып;
      әрбір адамға заңда белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған құқықтары және міндеттері бар қабілетке ие ететін негізгі қағидалар барлық мемлекеттерде салық мәселелері бойынша қолданылатын ретінде танылуға тиіс екендігін және мемлекет кемсітушілік пен қосарланған салық салудан тиісті қорғауды қоса алғанда, салық төлеушілердің заңды мүдделерін қорғау жөнінде күш-жігерлерін салуға тиіс екенін ескере отырып;
      осыған байланысты, Мемлекеттер ақпараттың құпиялылығын қорғау қажеттігін назарға ала отырып және жеке өмірді қорғаудың халықаралық құралдарының күшін және жеке деректерді пайдалануды ескере отырып, шараларды жүзеге асыруға және ақпаратты беруге тиіс екендігіне кәміл сеніп;
      ынтымақтасудың жаңа шарттары туындағанын және ынтымақтасудың жаңа шарттарынан пайда алу және сонымен бірге салық саласында өзара іс-қимыл жасаудың үздік халықаралық стандарттарын енгізу үшін Мемлекеттердің қалың тобына қолжетімді жан-жақты құрал жасау мүмкіндігі бар екендігін ескере отырып;
      Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

I ТАРАУ. КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1-бап

Конвенцияның мақсаты және ол қолданылатын тұлғалар

      1. Тараптар IV тараудың ережелеріне сәйкес, салық істері бойынша бір-біріне әкімшілік көмек көрсетеді. Мұндай көмек қажет болған кезде сот органдары қолданатын шараларды көздеуі мүмкін.
      2. Мұндай әкімшілік көмек:
      a) біржолғы салықтық тексерулерді қамтитын ақпарат алмасудан және шетелде салықтық тексерулерге қатысудан;
      b) қамтамасыз ету шараларын қабылдауды қоса алғанда, салықтарды алу бойынша көмектен; және
      c) құжаттарды жіберуден тұрады.
      3. Тарап тиісті тұлға Тараптың немесе кез келген өзге мемлекеттің резиденті не ұлттық тұлғасы болып табылатындығына не табылмайтындығына қарамастан әкімшілік көмек көрсетеді.

2-бап

Конвенция қамтитын салықтар

      1. Конвенция:
      a) мынадай салықтарға:
      i) табысқа немесе пайдаға салынатын салықтарға,
      ii) табыс пен пайдаға салынатын салықтан бөлек белгіленген капиталдың өсіміне салынатын салықтарға,
      iii) Тарап белгілеген таза активтерге салынатын салықтарға; және
      b) мынадай салықтарға:
      i) Тараптың мемлекеттік құрылымдарының немесе жергілікті билік органдарының атынан белгіленген табысқа, пайдаға, капиталдың өсіміне немесе таза активтерге салынатын салықтарға,
      ii) орталық үкіметке не жария құқыққа сәйкес құрылған әлеуметтік қорғау мекемелеріне төленетін әлеуметтік қорғауға арналған міндетті жарналарға,
      iii) Тарап белгілеген кедендік баждарды қоспағанда, салықтардың өзге түрлеріне, атап айтқанда:
      A. мүлікке, мұраға немесе сыйға салынатын салықтарға,
      B. жылжымайтын мүлікке салынатын салықтарға,
      C. қосылған құн салығына немесе сатудан алынатын салық сияқты тұтынуға салынатын жалпы салықтарға,
      D. акциздер сияқты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салынатын арнайы салықтарға,
      E. автокөлік құралдарын пайдалануға немесе иеленуге салынатын салықтарға,
      F. автокөлік құралдарынан өзге, жылжымалы мүлікті пайдалануға немесе иеленуге салынатын салықтарға,
      G. кез келген өзге салықтарға;
      iv) Тараптың мемлекеттік құрылымдарының немесе жергілікті билік органдарының атынан белгіленген жоғарыда ііі тармақшада көрсетілген салықтардың санаттарына қолданылады.
      2. Конвенция қолданылатын қазіргі бар салықтар 1-тармақта көрсетілген салықтардың санаттарына сәйкес А қосымшасында санамаланған.
      3. Тараптар А қосымшасына енгізілетін, 2-тармақта көрсетілген тізімнің өзгеруіне әкеп соқтыратын кез келген өзгерістер туралы Еуропа Кеңесі Бас хатшысын немесе ЭЫДҰ Бас хатшысын (бұдан әрі – депозитарийлер деп аталатын) хабардар етеді. Мұндай өзгерістер депозитарийлер осындай хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      4. Конвенция сондай-ақ А қосымшасында санамаланған, осы Тарапқа қатысты Конвенция күшіне енгеннен кейін Уағдаласушы мемлекетте қолда бар салықтың немесе олардың орнына қосымша енгізілген, олар белгіленген кезден бастап мәні жағынан бірдей немесе ұқсас салықтарға қолданылады және бұл жағдайда тиісті Тарап салықтың енгізілгені туралы депозитарийлердің бірін хабардар етеді.

II ТАРАУ. НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР

3-бап

Анықтамалар

      1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      a) «сұрау салушы мемлекет» және «сұрау салынатын мемлекет» терминдері салық істері бойынша әкімшілік көмек көрсету үшін жүгінген тиісінше кез келген Тарапты және осындай көмек үшін сұрау салынатын кез келген Тарапты білдіреді;
      b) «салық» термині 2-бапқа сәйкес Конвенция қолданылатын әлеуметтік қорғау мақсаттарына арналған кез келген салықты немесе алымды білдіреді;
      c) «салық талабы» термині салықтың кез келген сомасын, сол сияқты ол бойынша пайыздарды, тиісті әкімшілік айыппұлдарды және төлеуге жататын және әлі төленбеген өндіріп алуға ілеспе шығыстарды білдіреді;
      d) «құзыретті орган» термині В қосымшасында көрсетілген тұлғалар мен органдарды білдіреді;
      e) Тарапқа қатысты «ұлттық тұлғалар» термині:
      i) осы Тараптың азаматтығына ие барлық жеке тұлғаларды, және
      ii) құқықтық жағдайы осы Тараптың қолданыстағы заңдарымен бекітілетін барлық заңды тұлғаларды, әріптестіктерді, қауымдастықтарды және басқа ұйымдарды білдіреді.
      Осыған байланысты өтінішпен жүгінген әрбір Тарап үшін жоғарыда көрсетілген терминдер С қосымшасында анықталғанындай түсініледі;
      2. Егер Конвенцияның ережелерінде өзгеше көзделмесе, Тарап оны қолданған кезде онда анықталмаған кез келген термин Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Тараптың заңнамасында ол үшін белгіленген мағынаға ие болады.
      3. Тараптар В және С қосымшаларына енгізілетін кез келген өзгерістер туралы депозитарийлердің бірін хабардар етеді. Мұндай өзгерістер аталған Депозитарий хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі келесі айдың бірінші күні күшіне енеді.

III ТАРАУ. КӨМЕК НЫСАНДАРЫ

I бөлім

АҚПАРАТ АЛМАСУ

4-бап

Жалпы ережелер

      1. Тараптар Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты заңнаманың сақталуын әкімшілендіру немесе мәжбүрлеп қамтамасыз ету үшін шамамен маңызды болып табылатын, атап айтқанда осы бөлімнің ережелеріне сәйкес келетін кез келген ақпаратпен алмасады.
      2. Алып тасталды.
      3. Кез келген Тарап Депозитарийлердің біреуіне жіберілген өтініш арқылы өзінің ішкі заңнамасына сәйкес оның билік органдары өзіне қатысты ақпаратты берер алдында 5 және 7-баптарға сәйкес оның резидентін немесе ұлттық тұлғаны хабардар ете алады.

5-бап

Сұрау салу бойынша ақпарат алмасу

      1. Сұрау салушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салушы мемлекетке 4-бапта аталған, жекелеген тұлғаларға немесе операцияларға қатысты кез келген ақпаратты береді.
      2. Егер Сұрау салынатын мемлекеттің салық істерінде бар ақпарат ақпарат беру туралы сұрау салуды қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, осы мемлекет Сұрау салушы мемлекетті сұралатын ақпаратпен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

6-бап

Автоматты түрде ақпарат алмасу

      Істердің санаттарына қарай және өзара уағдаластық бойынша анықталатын рәсімдерге сәйкес екі және одан да көп Тараптар 4-бапта көрсетілген ақпаратпен автоматты түрде алмасады.

7-бап

Ерікті түрде ақпарат алмасу

      1. Тарап алдын ала сұрау салмастан мынадай жағдайларда, егер:
      a) аталған Тараптардың біріншісінің екінші Тарапта салықтық шығындардың болуы мүмкін деп пайымдауға негіздері бар болса;
      b) салықты төлеуге жауапты тұлға салық мөлшерінің ұлғаюына немесе салық жауаптылығына әкеп соғуы мүмкін аталған Тараптардың біріншісінде салық мөлшерін азайтуға немесе салық жауаптылығынан босатылуға ие болса;
      c) Тарапта салық салынуға жататын тұлға мен екінші Тарапта салық салынуға жататын тұлға арасындағы сауда мәмілелері бір немесе бірнеше елдер арқылы бір немесе екінші Тарапта немесе екеуінде де төлеуге жататын салықтың мөлшері азаятындай түрде жүргізілсе;
      d) Тараптың төлеуге жататын салықтың мөлшерін сақтау компаниялар тобы шеңберінде пайданы қасақана аудару салдары болып табылуы мүмкін деп пайымдауға негізі болса;
      e) аталған Тараптардың біріншісіне екінші Тарап жіберген ақпарат соңғы Тарапта салық жауаптылығының мөлшерін анықтау үшін қажет болып табылуы мүмкін ақпаратты алуға мүмкіндік берсе, қолда бар ақпаратың екінші Тарапқа жібереді.
      2. Әрбір Тарап 1-тармақта жазылған ақпарат екінші Тарапқа беру үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін қажет болатын осындай шараларды қабылдайды және осындай рәсімдерді жүргізеді.

8-бап

Бір мезгілдік салықтық тексерулер

      1. Екі және одан да көп Тараптар біреуінің сұрау салуы бойынша бір мезгілде салықтық тексерулерді жүргізу жағдайларын және рәсімдерін анықтау мақсаттары үшін бірлесіп кеңеседі. Тартылған Тараптардың әрқайсысы жеке салықтық тексеру жүргізуге қатысатынын немесе қатыспайтынын шешеді.
      2. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін бір мезгілде салықтық тексеру екі немесе одан да көп Тараптар арасында әркім өзінің аумағында іске қатысты осылайша алынған кез келген мәліметтер алмасу мақсатында Тараптарда оларға қатысты өзара мүдделілік немесе өзара байланысты мүдделері бар тұлғаны немесе тұлғаларды бір мезгілде тексеру жүргізу уағдаластығын білдіреді.

9-бап

Шетелдегі салықтық тексерулер

      1. Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдары сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдеріне сұрау салынатын мемлекетте салықтық тексерудің тиісті бөлігіне қатысуға рұқсат бере алады.
      2. Егер сұрау салу қанағаттандырылса, сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдары мұндай салықтық тексеру жүргізудің уақыты, орны туралы, тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті органдар немесе ресми тұлғалар, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін сұрау салынатын мемлекет белгілеген міндетті рәсімдер мен шарттар туралы сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдарын қысқа мерзімде хабардар етеді. Салықтық тексеруге қатысты барлық шешімдерді сұрау салынатын мемлекет қабылдайды.
      3. Тарап 1-тармақта аталған сұрау салуларды жалпы ереже бойынша қабылдамау ниеті туралы депозитарийлердің біреуін хабардар ете алады. Мұндай өтініш кез келген уақытта жасалуы не қайтарып алынуы мүмкін.

10-бап

Қайшы келетін ақпарат

      Егер Тарап екінші Тараптан тұлғаның салықтық істері туралы өзінде бар ақпаратқа қайшы келетін ақпаратты алса, онда ол осы ақпаратты берген Тарапты бұл туралы хабардар етеді.

II бөлім

САЛЫҚТАРДЫ ӨНДІРІП АЛУ БОЙЫНША КӨМЕК

11-бап

Салықтық талаптардың орындалуы

      1. Сұрау салушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша сұрау салынатын мемлекет 14 және 15-баптардың ережелеріне сәйкес, егер олар оның өзінің салықтық талаптары болатыны сияқты аталған мемлекеттердің алғашқысының салықтық талаптарын орындауға қажетті қадамдарды қолданады.
      2. 1-тармақтың ережесі құрал-жабдық нысанасы болып табылатын, егер мүдделі Талаптар дау туғызбайтын өзгені көздемесе, оларды сұрау салушы мемлекетте мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат беретін салықтық талаптарға ғана қолданылады.
      Әйтсе де, егер талап сұрау салушы мемлекет тұрақты тұратын елі болып табылмайтын тұлғаға қойылса, егер мүдделі Тараптар өзгеше көздемесе, егер талап енді дау туғызбайтын болса, 1-тармақ қолданылады.
      3. Қайтыс болған адамға немесе оның мүлкіне қатысты салықтық талаптарды орындау бойынша көмек көрсету жөніндегі міндеттеме мүліктің немесе осы мүлікке немесе оны алушыларға қатысты талаптың орындалуға жататындығына не жатпайтындығына қарай мүліктің әрбір мұрагері алған меншіктің құнымен шектелген.

12-бап

Қамтамасыз ету шаралары

      Сұрау салушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша сұрау салынатын мемлекет салық сомасын өндіріп алу мақсатында, егер талап дауланса да немесе мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат беретін құжаттың мәні болып табылмаса да, қамтамасыз ететін шараларды қолданады.

13-бап Сұрау салуға қоса берілетін құжаттар

      1. Осы бөлімге сәйкес әкімшілік көмек көрсету туралы сұрау салуға мыналар қоса беріледі:
      a) салықтық талап Конвенция қолданылатын салыққа қатысты екендігі туралы, ал салықты өндіріп алу жөнінде сұрау салумен жүгінген жағдайда, 11-баптың 2-тармағына сәйкес салықтық талап дау туғызбайтыны немесе дау туындамайтыны туралы өтініш;
      b) сұрау салынатын мемлекетте мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат беретін құжаттың ресми көшірмесі, және
      c) өндіріп алу немесе қамтамасыз ету шараларын қолдану үшін талап етілетін өзге де кез келген құжат.
      2. Сұрау салушы мемлекетте салықтық талапты орындауға мүмкіндік беретін құрал, егер қажет болса сұрау салынатын мемлекеттің қолданыстағы ережелеріне сәйкес көмек көрсету туралы сұрау салуды орындау қабылданған кезден бастап қысқа мерзімде орындауға қабылданады, соңғы мемлекетте салықтық талапты орындауға мүмкіндік беретін құралмен ресми танылады, толықтырылады және ауыстырылады.

14-бап

Мерзімдер

      1. Кез келген кезеңге жататын, онсыз салықтық талап орындалмайтын мәселелер сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасымен реттеледі. Көмек туралы сұрау салуда осы кезеңге қатысты нақты ережелер қамтылады.
      2. Сұрау салынатын мемлекет көмек көрсету туралы сұрау салуды орындау үшін қолданатын, осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзінің салдарымен 1-тармақта аталған кезеңнің барысын тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін әрекеттің де сұрау салатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай салдары болады. Сұрау салынатын тарап мұндай әрекеттер туралы сұрау салушы мемлекетке хабарлайды.
      3. Сұрау салынатын мемлекет қандай да бір жағдай болмасын бастапқы құжатпен мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат етілген күннен бастап он бес жылдық кезең аяқталғаннан кейін ұсынылған көмек туралы сұрау салуды орындауға міндетті емес.

15-бап

Басымдық

      Орындалуына көмек көрсетілетін салықтық талап осы мемлекеттің салықтық талаптарын орындауға қатысты арнайы ұсынылатын, егер орындауға пайдаланылған рәсім оның өзінің салықтық талаптарына қатысты дәл солай болып табылғанының өзінде, сұрау салынатын мемлекетте ешқандай да басымдылыққа ие болмайды.

16-бап

Төлемнің мерзімін ұзарту

      Сұрау салынатын мемлекет, егер оның заңнамасы немесе әкімшілік практикасы осыған ұқсас жағдаяттарда жол берсе, төлемнің мерзімін ұзартуға немесе төлемді бөліп төлеуге рұқсат беруі мүмкін, бірақ оның алдында ол осы туралы сұрау салынатын мемлекетке хабарлайды.

III бөлім

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖІБЕРУ

17-бап

Құжаттарды жіберу

      1. Сұрау алушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша сұрау салынатын мемлекет сот шешімдеріне жататын, сұрау салушы мемлекеттен шығатын және Конвенция қолданылатын салыққа жататын құжаттарды жібереді.
      2. Сұрау салынатын мемлекет тиімді түрде құжаттарды:
      a) осыған ұқсас құжаттарды жіберу үшін оның ұлттық заңнамасымен белгіленген әдісті пайдалану арқылы;
      b) мүмкіндігіне қарай, оны сұрау салушы мемлекет ұсынған арнайы әдісті немесе оның өз заңнамасы бойынша осы үшін қолданылуға болатын оған жақын әдісті пайдалану арқылы жібереді.
      3. Тарап құжатты басқа Тараптың аумағындағы адамға почта бөлімі арқылы тікелей жібере алады.
      4. Осы Конвенцияда ештеңе де Тараптың оның ішкі заңнамасына сәйкес құжаттарын жіберудің кез келген әдісін заңды күшінен айыратын ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      5. Осы бапқа сәйкес құжатты ұсынған кезде оның аудармасын қоса беру міндетті емес. Бұл ретте, егер алушы құжат жасалған тілді түсінбесе сұрау салынатын мемлекет құжаттың аудармасын немесе оның өз тілінде немесе өзінің ресми тілінің бірінде қысқаша жазылған мазмұнын алуы үшін қажетті шараларды қолданады. Ол сұрау салушы мемлекетке құжаттың не сұрау салынатын мемлекеттің, не Еуропа Кеңесінің немесе ЭЫДҰ ресми тілдерінің бірінде жазылған аудармасын не қысқаша мазмұнын қоса беруді балама ретінде ұсынуы мүмкін.

IV ТАРАУ. КӨМЕКТІҢ БАРЛЫҚ НЫСАНДАРЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

18-бап

Сұрау салушы мемлекет беретін ақпарат

      1. Көмек көрсету туралы сұрау салуда, егер бұл қажет болса мыналар:
      a) құзыретті орган жүгінген сұрау салуға бастамашылық жасаған агенттіктің немесе билік органының атауы;
      b) оған қатысты сұрау салу жүргізілген тұлғаның мекенжайы немесе оны анықтауға ықпал ететін өзге де кез келген мәліметтер;
      c) ақпаратты беру бойынша көмек туралы сұрау салынған жағдайда сұрау салушы мемлекет өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ниет білдіретін нысан;
      d) салықты өндіріп алу бойынша немесе қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша көмек туралы сұрау салынған жағдайда салықтық талаптың сипаты, оның құрамдас бөліктері және есебінен салықтық талап сомасы өндіріліп алынуы мүмкін қаражат;
      e) құжаттарды ұсыну бойынша көмек туралы сұрау салынған жағдайда жіберуге жататын құжаттың сипаты мен мазмұны;
      f) сұрау салу сұрау салушы мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына сәйкес келе ме және 21.2 g-бабының талаптары аясында өзін ақтай ма екендігі көрсетіледі.
      2. Сұрау салуға қатысы бар кез келген өзге де ақпарат өзіне белгілі болғанда сұрау салушы мемлекет оны сұрау салынатын мемлекетке жібереді.

19-бап

      Алып тасталды

20-бап

Көмек туралы сұрау салуды орындау

      1. Егер көмек көрсету туралы сұрау салу орындалса, сұрау салынатын мемлекет сұрау салушы мемлекетке қабылданған шаралар мен көмек нәтижелері туралы қысқа мерзім ішінде хабарлайды.
      2. Егер сұрау салуды орындаудан бас тартылса, сұрау салынатын мемлекет сұрау салушы мемлекетке осы шешім туралы және бас тарту үшін негіздемелер туралы қысқа мерзім ішінде хабарлайды.
      3. Егер ақпаратты беру туралы сұрау салуға қатысты сұрау салушы мемлекет ақпарат алудың өзі қалаған нысанын айқындаса және сұрау салынатын мемлекет осыны орындай алатын жағдайда болса, сұрау салынатын мемлекет оны сұратылған нысанда береді.

21-бап

Адамдарды қорғау және көмек көрсету бойынша міндеттемелерді
шектеу

      1. Осы Конвенцияда ештеңе де сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасымен немесе әкімшілік практикасымен адамдарға берілген құқықтары мен кепілдіктерін қозғамайды.
      2. Осы Конвенцияның ережелері, 14-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сұрау салынатын Мемлекетке жүктелетін:
      a) өзінің заңнамасына немесе әкімшілік практикасына немесе сұрау салушы Мемлекеттің заңнамасына немесе әкімшілік практикасына қайшы келетін шараларды жүзеге асыру;
      b) жария тәртібіне қайшы келетін шараларды жүзеге асыру (ordre public);
      c) өзінің ішкі заңнамасына немесе оның әкімшілік практикасына сәйкес немесе сұрау салушы Мемлекеттің заңнамасына немесе әкімшілік практикасына сәйкес алынуы мүмкін емес ақпаратты беру;
      d) кез келген сауда, іскерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияның немесе өзара сауда қатынастарының, ашылуы жария тәртіпке қайшы келетін ақпараттың ашылуына әкеп соғуы мүмкін ақпаратты беру (ordre public);
      e) мұндай жағдайларда және салық салуды ол сұрау салушы Мемлекетте жалпы қабылданған салық салу қағидаларына немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияның немесе сұрау салынатын Мемлекет сұрау салушы Мемлекетпен жасасқан кез келген өзге де конвенцияның ережелеріне қайшы келеді деп танығанда әкімшілік көмек көрсету;
      f) әкімшілендіру немесе сұрау салушы Мемлекеттің салық заңнамасы ережелерін немесе сондай жағдайлардағы сұрау салушы Мемлекеттің ұлттық тұлғасымен салыстырғанда, сұрау салынатын Мемлекеттің ұлттық тұлғасын қалайсыз жағдайға әкелетін онымен байланысты кез келген талапты орындауды мәжбүрлі қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік көмек көрсету;
      g) сұрау салушы Мемлекет, мұндай шараларға жүгіну шамадан тыс қиындықтарды туғызатын жағдайларды қоспағанда, өзінің заңдарына немесе әкімшілік практикасына сәйкес қолжетімді барлық тиесілі шараларды орындамаған жағдайда әкімшілік көмек көрсету;
      h) әкімшілік шығындар мұндай Мемлекет үшін сұрау салушы Мемлекет алуы мүмкін болатын пайдасы шамалас емес екені анық болып табылатын жағдайларда өндіріп алу бойынша көмек көрсету міндеттемелері ретінде түсіндірілмейді.
      3. Егер ақпаратты Конвенцияға сәйкес сұрау салушы Мемлекет сұраса, онда сұрау салынатын Мемлекет, егер сұрау салынатын Мемлекет өзінің салық мақсаттары үшін осы ақпаратқа мұқтаж болмаса да, сұратылатын ақпаратты алу үшін ақпарат жинау жөніндегі өзінің шараларын қолданады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы Конвенцияда қамтылған шектеулерге ұшыраған, бірақ ешбір жағдайда да мұндай шектеулер, атап айтқанда 1 және 2-тармақтарда көрсетілгендерді қоса алғанда, сұрау салынатын Мемлекетке ол мұндай ақпаратқа мүдделі емес болғандықтан ғана ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      4. Осы Конвенцияның ережелері, атап айтқанда 1 және 2-тармақтарын қоса алғанда, ешбір жағдайда ақпарат банктің, өзге де қаржы мекемесінің, атаулы иесінің немесе агент немесе сенімді тұлға ретінде әрекет ететін тұлғаның билігінде болғандықтан ғана немесе ол оның жеке қатысуы үлесіне жататындықтан сұрау салынатын Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

22-бап

Құпиялылық

      1. Осы Конвенцияға сәйкес Тарап алған кез келген ақпарат құпиялы және осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат ретінде осындай түрде және беруші Тарап өзінің ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленуі мүмкін кепілдіктерге сәйкес дербес деректерді қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін талап етілетін шекте қорғалған болып есептеледі;
      2. Кез келген жағдайда мұндай ақпарат осы Тараптың салығына қатысты есептеумен, алумен, сот тәртібімен өндіріп алумен, мәжбүрлі өндіріп алумен немесе шағымдарды қараумен немесе жоғарыда айтылғандарды бақылаумен байланысты тұлғаларға немесе билік органдарына (соттарды және әкімшілік немесе бақылау органдарын қоса алғанда) ғана ашып көрсетілуге жатады. Жоғарыда айтылған тұлғалар немесе билік органдары ғана және осындай мақсаттарда ғана осы ақпаратты пайдалана алады. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, олар осы ақпаратты осындай салықтарға қатысты ашық сот талқылауында немесе сот шешімдерінде ашуы мүмкін.
      3. Егер Тарап 30-баптың 1-тармағының а) тармақшасында көзделген ескертпе жасаса, осы Тараптан ақпарат алатын кез келген басқа Тарап ескертпе жасалған салыққа қатысты көмек көрсету мақсаты үшін оны пайдаланбайды. Осыған ұқсас мұндай ескертпе жасаған Тарап та ескертпе жасалған салыққа қатысты көмек көрсету мақсаты үшін осы Конвенцияға сәйкес алынған ақпаратты пайдаланбайтын болады.
      4. 12 және 3-тармақтардың ережелерін қозғамай, Тарап алған ақпарат беруші Тараптың заңнамасына сәйкес мұндай ақпарат өзге де мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін болғанда және осы Тараптың құзыретті органдары мұндай пайдалануға рұқсат бергенде өзге мақсат үшін пайдаланылуы мүмкін. Тарап екінші Тарапқа берген ақпаратты соңғысы жоғарыда аталған Тараптардың құзыретті органының алдын ала рұқсатына сәйкес үшінші Тарапқа беруі мүмкін.

23-бап

Рәсімдер

      1. Сұрау салынатын Тарап осы Конвенцияға сәйкес қабылдаған шараларына қатысты рәсімдерді осы мемлекеттің тиісті органы ғана өткізеді.
      2. Сұрау салушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қабылдаған шараларына қатысты, атап айтқанда өндіріп алу түпмәтінінде салық талабының болу фактісіне немесе мөлшеріне немесе оның орындалуына мүмкіндік беретін құралына қатысты рәсімдерді осы мемлекеттің тиісті органы ғана жүргізеді. Осындай рәсімдер жүргізілген жағдайда сұрау салушы мемлекет жоғарыда аталған орган шешім қабылдағанға дейін өзінде рәсімдер тоқтата тұратын сұрау салынатын мемлекетке хабарлайды. Бұл ретте сұрау салушы мемлекет жүгінген жағдайда сұрау салынатын мемлекет өндіріп алу мақсаттары үшін сұрау салуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады. Мұндай рәсімдер туралы кез келген мүдделі тұлға сұрау салынатын мемлекетке де хабарлауы мүмкін. Мұндай ақпаратты алу жөнінде қажеттілік туындаған жағдайда сұрау салынатын мемлекет сұраушы мемлекетпен осы мәселелер бойынша консультация жүргізеді.
      3. Көрсетілген рәсімдер шеңберінде түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін сұрау салынатын мемлекет немесе өзге жағдайда сұрау салушы мемлекет көмек туралы сұрау салуды орындау үшін өзінде бар осындай шешімі және оның ережелері туралы басқа мемлекетті хабардар етеді.

V ТАРАУ. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап

Конвенцияны имплементациялау

      1. Тараптар осы Конвенцияны имплементациялау мақсатында бір-бірімен өздерінің тиісті құзыретті органдары арқылы кеңесіп отырады. Ол үшін құзыретті органдар тікелей жүгіне алады, сондай-ақ бағынысты органдарға да өздерінің атынан әрекет етуге уәкілеттік бере алады. Екі немесе одан да көп Тараптың құзыретті органдары Конвенцияны қолдану сипатын өзара келісуі мүмкін.
      2. Егер сұрау салынатын мемлекет осы Конвенцияны қолданудың сол немесе өзге жағдайда күрделі және жағымсыз салдары болуы мүмкін деп есептесе, онда сұрау салынатын мемлекет пен сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары консультациялар өткізеді және өзара уағдаластыққа қол жеткізу арқылы қалыптасқан жағдайды шешуге ұмтылады.
      3. Тараптардың құзыретті органдарының өкілдерінен тұратын үйлестіруші орган ЭЫДҰ қамқорлығымен осы Конвенцияны имплементациялауды және дамытуды қадағалайды. Осы мақсатта үйлестіруші орган Конвенцияның негізгі мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін кез келген шараларды ұсынады. Атап айтқанда, ол салық мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудің жаңа әдістері мен рәсімдерін зерделеу жөніндегі форум ретінде әсер етеді және қажет болған жағдайда Конвенцияға өзгерістерді немесе түзетулерді ұсына алады. Конвенцияға қол қойған, бірақ әлі ратификацияламаған, қабылдамаған немесе мақұлдамаған мемлекеттер үйлестіруші органның отырыстарында бақылаушылар ретінде ұсынылуы мүмкін.
      4. Тарап үйлестіруші органнан Конвенцияның ережелерін талқылау жөнінде өздерінің пікірлерін шығару туралы сұрата алады.
      5. Екі немесе одан да көп Тарап арасында Конвенцияны имплементациялауға немесе түсіндіруге қатысты қиыншылықтар немесе күмән туындаған жағдайда осы Тараптардың құзыретті органдары өзара уағдаластыққа қол жеткізу арқылы проблеманы шешу үшін барлық күшін салады. Уағдаластық туралы үйлестіруші органға хабарланады.
      6. ЭЫДҰ Бас хатшысы осы Конвенцияға қол қойған, Конвенцияны әлі ратификацияламаған, қабылдамаған немесе бекітпеген Тараптар мен мемлекеттерге 4-тармақтың ережелеріне сәйкес үйлестіруші орган білдірген пікір туралы және жоғарыда жазылған 5-тармаққа сәйкес қол жеткізілген өзара уағдаластықтар туралы хабарлайды.

25-бап

Тіл

      Көмек туралы сұрау салулар және оларға жауаптар ЭЫДҰ және Еуропа Кеңесінің ресми тілдерінің бірінде немесе мүдделі Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы өзара уағдаластық бойынша кез келген басқа тілде жасалады.

26-бап

Шығыстар

      Егер мүдделі Тараптар өзге екіжақты уағдаластыққа қол жеткізбесе:
      a) көмек көрсетуге әдеттегі шығыстар сұрау салынатын мемлекет есебінен өтеледі;
      b) көмек көрсетуге төтенше шығыстар сұрау салушы мемлекет есебінен өтеледі.

VI ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап

Өзге де халықаралық келісімдер және уағдаластықтар

      1. Осы Конвенцияда көзделген көмек көрсету мүмкіндіктері қолданыстағы немесе болашақтағы халықаралық келісімдерде немесе мүдделі Тараптар арасындағы басқа уағдаластықтарда немесе салық мәселелері бойынша ынтымақтастыққа жататын басқа да уағдаластықтарда қамтылғандарды шектемейді және олармен шектелмейді.
      2. 1-тармаққа қарамастан, Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттері болып табылатын Тараптар өздерінің өзара қарым-қатынастарында Конвенцияда көзделген жәрдемдесу мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін, өйткені олар Еуропалық Одақтың қолданылатын қағидаларында көзделген мүмкіндіктерге қарағанда, неғұрлым кең өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

28-бап

Конвенцияға қол қою және оның күшіне енуі

      1. Осы Конвенция Еуропа Кеңесінің мүше мемлекеттері мен ЭЫДҰ-ға мүше елдердің қол қоюы үшін ашық. Ол ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар депозитарийлердің біріне сақтауға беріледі.
      2. Осы Конвенция 1-тармақтың ережелеріне сәйкес бес мемлекет Конвенцияның ережелерімен байланысты болуына өз келісімін білдірген кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      3. Кейіннен Конвенцияның ережелерімен байланысты болуына өз келісімін білдірген Еуропа Кеңесінің кез келген мүше мемлекетіне немесе ЭЫДҰ-ға кез келген мүше елге қатысты ол ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар сақтауға тапсырылған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      4. 2010 жылғы 27 мамырда қол қоюға ашық Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама («2010 жылғы Хаттама») күшіне енгеннен кейін Конвенцияның Тарапы болатын Еуропа Кеңесінің кез келген мүше мемлекеті немесе ЭЫДҰ-ға кез келген мүше ел, олар Депозитарийлердің біріне жазбаша хабарламада басқа ниетін білдірген жағдайлардан басқа, осы Хаттамамен өзгертілген Конвенцияның Тарапы болады.
      5. 2010 жылғы Хаттама күшіне енгеннен кейін Еуропа Кеңесінің немесе ЭЫДҰ мүшесі болып табылмайтын кез келген Мемлекет 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген осы Конвенцияға қол қоюға және оны ратификациялауға шақыру туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін. Осындай кез келген өтініш оны Тараптарға жіберетін Депозитарийлердің біріне жіберіледі. Депозитарий Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетіне және ЭЫДҰ Кеңесіне де хабарлайды. Осы Конвенцияның қатысушысы болуға өтінішпен жүгінетін Мемлекеттерді шақыру туралы шешімді Конвенция Тараптарының консенсусы үйлестіруші орган арқылы қабылдайды. 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген Конвенцияны ратификациялайтын кез келген Мемлекетке қатысты осы тармаққа сәйкес осы Конвенция ратификация құралы Депозитарийлердің біріне сақтауға тапсырылған күннен бастап үш айлық кезең өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      6. 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген осы Конвенцияның ережелері 2010 жылғы Хаттамамен енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, Тарап үшін Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе кейін басталатын салық кезеңдеріне қатысты әкімшілік көмекке немесе салық кезеңі жоқ жағдайлар үшін 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген Конвенция Тарапқа қатысты күшіне енген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе кейін жүргізілген салық аударымдарына қатысты әкімшілік көмекке қолданылады. Кез келген екі немесе одан да көп Тарап 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген Конвенция бұрынғы салық кезеңдеріне немесе салық аударымдарына қатысты әкімшілік көмекке қолданылатынына өзара келісуі мүмкін.
      7. 6-тармаққа қарамастан, сұрау салушы Тараптың қылмыстық құқығына сәйкес қудалануға жататын қасақана қылыққа қатысты істерге байланысты 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген осы Конвенцияның ережелері бұрынғы салық кезеңдеріне немесе салық аударымдарына қатысты Тарап үшін күшіне енген күнінен бастап қолданылады.

29-бап

Конвенцияны аумақтық қолдану

      1. Әрбір мемлекет қол қою, ратификациялау туралы құжатты сақтауға тапсыру, қабылдау немесе бекіту кезінде Конвенция қолданылатын аумақты немесе аумақтарды айқындай алады.
      2. Кез келген мемлекет кез келген уақытта кейіннен депозитарийлердің бірінің атына өтініш жіберу арқылы өтініште көрсетілген кез келген басқа аумаққа Конвенцияны қолдануы мүмкін. Осындай аумаққа қатысты Конвенция Депозитарий осындай өтінішті алған күннен бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      3. Осындай өтініште айқындалған кез келген аумаққа қатысты алдыңғы кез келген екі тармаққа сәйкес жасалған кез келген өтініш депозитарийлердің біріне жіберілетін хабарлама арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін. Өтініш Депозитарий осындай хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні кері қайтарылған болып есептейді.

30-бап

Ескертпелер

      1. Кез келген мемлекет қол қою не ратификациялау туралы құжатты сақтауға тапсыру, қабылдау немесе бекіту кезінде немесе кейіннен өзіне мынадай:
      a) 2-баптың 1-тармағының b) тармақшасында көрсетілген басқа Тараптар салықтарының кез келген түрлеріне қатысты Конвенцияға А қосымшасына сәйкес салықтардың осы түрлерінің біреуіне өзінің ішкі салықтарын қоспаған жағдайда қандай да бір көмек көрсетпеу;
      b) кез келген салықтық талапты орындау бойынша немесе салықтардың барлық түрлері үшін әкімшілік айыппұлды өндіріп алу бойынша не 2-баптың 1-тармағында көрсетілген нақты түрге немесе бірнеше түрге қатысты көмек көрсетпеу;
      c) осындай мемлекетке қатысты Конвенция күшіне енген күні қолданылатын кез келген салықтық талапқа қатысты немесе егер тиісті санаттың салықтарына қатысты осындай ескертпені алып тастау күніне жоғарыда жазылған a) немесе b) тармақшаларына сәйкес бұрын ескертпе жасалса көмек көрсетпеу;
      d) барлық салықтарға арналған немесе 2-баптың 1-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше салық түрлеріне арналған құжаттарды жіберуге көмек көрсетпеу;
      e) 17-баптың 3-тармағында көзделгендей құжаттарды почтамен жіберуге рұқсат бермеу;
      f) 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген Конвенция Тарап үшін күшіне енген жылдың алдындағы үш жылдық кезеңнің бірінші жылының 1 қаңтарынан немесе одан кейін басталатын салықтық кезеңдерге жататын әкімшілік көмек үшін ғана немесе 2010 жылғы Хаттамамен өзгертілген Конвенция Тарапқа қатысты күшіне енген жылдың алдындағы үш жылдық кезеңнің бірінші жылының 1 қаңтарынан немесе одан кейін жүргізілген салық есептеулеріне қатысты әкімшілік көмек үшін салық кезеңі жоқ жағдайларда ғана 28-баптың 7-тармағын қолдану құқығын қалдыра алады.
      2. Басқа ешқандай ескертпелерге жол берілмейді.
      3. Тарапқа қатысты Конвенция күшіне енгеннен кейін бұл Тарап ратификациялау, қабылдау немесе бекіту кезінде жасамаған 1-тармақта көрсетілген бір немесе одан да көп ескертпе жасай алады. Осындай ескертпелер Депозитарийлердің біреуі ескертпені алған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
      4. 1 және 3-тармақтарға сәйкес ескертпе жасаған кез келген Тарап депозитарийлердің біреуінің атына хабарлама жіберу арқылы оны толық немесе ішінара алып тастауы мүмкін. Осы Депозитарий осындай хабарламаны алған күні ескертпе алып тасталған болып саналады.
      5. Осы Конвенция ережелерінің біреуіне қатысты ескертпе жасаған Тарап кез келген басқа Тараптың осы ережені қолдануын талап ете алмайды; ол бұл ретте, егер оның ескертпесі ішінара болып табылса, осы ережені өзі қабылдаған шамада оны қолдануды талап ете алады.

31-бап

Күшін жою

      1. Кез келген Тарап кез келген уақытта депозитарийлердің біреуіне хабарлама жіберу арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
      2. Мұндай жағдайда осы Тарапқа қатысты Конвенцияның қолданылуы депозитарий хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні тоқтатылады.
      3. Конвенцияның күшін жойған кез келген Тарап Конвенцияға сәйкес алынған құжаттар немесе ақпарат қолда бар болып тұрғанда 22-баптың ережелеріне байланысты болады.

32-бап

Депозитарийлер және олардың функциялары

      1. Өзіне қатысты әрекет жасалған, хабарлама жіберілген немесе ақпарат хабарланған Депозитарий Еуропа Кеңесінің мүше мемлекеттеріне және ЭЫДҰ-ға мүше елдерге және осы Конвенцияның кез келген Тарапына:
      a) кез келген қол қою туралы;
      b) ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттарды тапсыру туралы;
      c) 28 және 29-баптардың ережелеріне сәйкес осы Конвенция күшіне енген кез келген күн туралы;
      d) 4-баптың 3-тармағының немесе 9-баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес жасалған кез келген өтініш туралы және осындай өтінішті кері қайтарып алу туралы;
      e) 30-баптың ережелеріне сәйкес жасалған кез келген ескертпе және 30-баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес кез келген ескертпені алып тастау туралы;
      f) 2-баптың 3 немесе 4-тармақтарының, 3-баптың 3-тармағының29-баптың немесе 31-баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес алынған кез келген хабарлама туралы;
      g) осы Конвенцияға қатысты кез келген басқа іс-әрекет, хабарлама немесе хабар туралы хабарлайды.
      2. 1-тармақтың ережелеріне сәйкес хабар алатын немесе хабарламаны жүзеге асыратын Депозитарий бұл туралы басқа депозитарийге дереу хабарлайды.
      Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      Депозитарийлер Салық істері бойынша Өзара Әкімшілік Көмек туралы Хаттамамен өзгертілген Хаттаманың X.4-бабына сәйкес 2011 жылғы 1 маусымда ағылшын және француз тілдерінде жасады, бұл ретте екі мәтін де теңтүпнұсқалы болып табылады, екі данада, оның біреуі әрбір Депозитарийдің мұрағатына депозитке салынады. Депозитарий, әрбір Тарапқа және тарап болуға құқығы берілген әрбір мемлекетке Хаттамамен өзгертілген Келісімнің куәландырылған көшірмелерін жібереді.

ТҮПНҰСҚАҒА СӘЙКЕС
Страсбург, 2012 жылғы 27 қараша
Бас хатшының атынан
Пол Девагует
ЭЫДҰ құқықтық мәселелер жөніндегі директоры

Еуропа Кеңесінің басылымдар бойынша сауда агенттері

БЕЛЬГИЯ
La Librairie Europйenne –
The European Bookshop
Rue de l'Orme, 1
BE-1040 BRUXELLES
Teл.: + 32 (0)2 231 04 35
Факс.: + 32 (0)2 735 08 60
Э-пошта: lnfo@liberop.eu
http://tvww.libeurop.be

Jean De Lannoy/DL Service
Avenue du Roi 202 Koinslaan
BE – 1190 BRUXELLES
Тел.: + 32 (0)2 538 43 08
Факс: + 32 (0)2 735 08 60
Э-пошта: jean.de.lannoy@dl-servi.com
http://tvww.jean-de-lannoy.be

БОСНИЯ МЕН ГЕРЦЕГОВИНА
Robert's Plus d.o.o.
Marka Maruliзa 2/V
BA-71000, SARAJEVO
Тел.: + 387 33 640 818
Факс: + 387 33 640 818
Э-пошта: robertplus@bih.net.ba

КАНАДА
Renouf Publishing Co. Ltd.
22-1010 Polytek Street
CDN-OTTAWA, ONT K1J 9J1
Тел.: + 32 (0)2 231 04 35
Факс.: + 32 (0)2 735 08 60
Э-пошта: order.dept@renoufbooks.com
http://renouf books.com

ХОРВАТИЯ
Robert’s Plus d.o.o.
Marasoviзeva 67
HR-21000, SPLIT
Teл.: + 385 21 315 800, 801. 802, 803
Факс: + 385 21 315 804
Э-пошта: robertsplus@robertsplus.hr

ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ
Suweco CZ, s.r.o.
Klecakova 347
CZ-180 21 PRAHA 9
Teл.: + 420 2 424 59 204
Факс: + 420 2 848 21 646
Э-пошта: import@suweco.cz

ДАНИЯ
Vimmelskaftet 32
DK-1161 KШBENHAVN K
Тел.: + 45 77 66 60 00
Факс: + 45 77 66 60 01
Э-пошта: gad@gad.dk
http://www.gad.dk

ФИНЛЯНДИЯ
Akateeminen Kirjakauppa
PO Box 128
Keskuskatu 1
Fl-00100 HELSINKI
Teл: +358 (0)9 121 44 30
Факс: + 358 (0)1 40 15 68 00
Э-пошта: akatilaus@akateeminen.com
http://www. librairie.com

ФРАНЦИЯ
La Documentation franзaise
(diffusion/distribution France entiere)
124, rue Henri Barbusse
FR-93308 AUBERVILLIERS CEDEX
Tел.: + 33 (0)3 88 15 78 88
Факс: + 33( (0)3 88 15 78 80
Э-пошта: librairie-kleber@coe.int
http://librarie–kleber.de

ГЕРМАНИЯ/АВСТРИЯ
UNO Verlag GmbH
August-Bebel-Allee 6
DE-53175 BONN
Teл.: + 33 (0)3 88 15 78 88
Факс: + 33 (0)3 88 15 78 80
Э-пошта: uno-verlag.de

ГРЕЦИЯ
Librarie Kauffmann s.a.
Stadiu 28
GR-105 64 ATHINAI
Teл.: + 30 210 32 55 321
Факс: + 30 210 32 30 320
Э-пошта:ord@otenet.gr
http://www.kauffman.gr

ВЕНГРИЯ
Euro Info Service
Pannonia u. 58.
PF. 1039
HU-1136 BUDAPEST
Тел.: + 36 1 329 2170
Факс: + 36 I 349 2053
Э-пошта: euroinfo@euroinfo.hu
http://www.euroinfo.hu

ИТАЛИЯ
Licosa SpA
Va Duca di Calabria. 1/1
IT-50125 FRENZE
Teл.: + 39 0566 483215
Факс: +39 0556 41257
Э-пошта: licosa@licosa.com
http://www.licoa.com

НОРВЕГИЯ
Akademika
Postboks 84 Blindern
NO-0314 OSLO
Teл.: + 47 2 218 8100
Факс: + 47 2 218 8103
Э-пошта: support@akademika.no
http://www.akademika.no

ПОЛЬША
Ars Polona JSC
25 Obroncow Street
PL-03-933 WARSZAWA
Teл.: + 48 (0)22 509 86 00
Факс: + 48(0)22 509 86 10
Э-пошта: arspolona@arspolona.com.pl\
http://www.arspolona.com.pl

ПОРТУГАЛИЯ
Livraria Protugal
(Dias & Andrade. Lda.)
Rua do Carmo, 70
Teл.: + 351 21 347 42 82/85
Факс: + 351 21 347 02 64
Э-пошта: info@livrariaportugal.pt
http://www.livrariaportugal.pt

РЕССЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Ves Nir
17b, Butlerova ul.
RU-101000 MOSCOW
Teл.: + 7 495 739 0971
Факс.: + 7 495 739 0971
Э-пошта: info@vesmirbooks.pt
http://www.vesmirbooks.ru

ИСПАНИЯ
Dнas de Santos Madrid
C/Albasanz, 2
ES-28037 MADRID
Teл.: + 34 91 743 48 90
Факс.: + 34 91 743 40 23
Э-пошта: jpinilla@diazdesantos.es
http://www.diazdesantos.es

Dнas de Santos Barcelona
C/Balmes, 417-419
ES-08022 BARCELONA
Teл.: + 34 93 212 86 47
Факс: + 34 93 211 49 91
Э-пошта: david@diazdesantos.es
http://www.diazdesantos.es

ШВЕЙЦАРИЯ
Platenis Sбrl
16 chermin des Pins
CH-1273 ARZIER
Тел.: + 41 22 366 51 77
Факс: + 41 22 366 51 78
Э-пошта: info@planetis.ch

БІРЛЕСКЕН КОРОЛЬДІГІ
The Stationery Office LTD
PO Box 29
GB-NORWICH NR3 1GN
Teл.: + 44 (0)870 600 5522
Факс.: + 44 (0)870 600 5533
Э-пошта: book.enriquiries@tso.co.uk
http://tsoshop.co.uk

БІРЛЕСКЕН ШТАТТАРЫ және КАНАДА
Manhattan publishing Co
670 White Plains Road
USA-10583 SCARSDALE, NY
Teл.: + 1 914 271 5194
Факс: + 1 914 472 4316
Э-пошта: coe@manhattanpublishing.com
http://www.manhattanpublishing.com

Еуропа Кеңесінің баспасы
FR-67075 STRASBOURG Codex
Teл: +33 (0)3 88 41 25 81 – Факс: +33 (0)3 4139 10 – Э-пошта: publishimg@coe.int – Сайт: http:/book.coe.int

Еуропа Кеңесі шарттарының топтамасы олардың қол қоюға ашылуы бойынша хронологиялық тәртіппен нөмірленген, Еуропа Кеңесінде қабылданған конвенциялар мен келісімдердің ресми нұсқаларын қамтиды.

Еуропа Кеңесінің қолтаңба және шарттар ратификациясының кестесіне Еуропа Кеңесі Шарттар бюросының сайтында тегін қол жеткізуге болауы:

http://conventions.coe.int

Еуропа Кеңесі                                             www.coe.int

Еуропа Кеңесі Еуропа континентін біршама толық қамтитын 47 мүшеден тұрады. Ол адам құқықтары туралы Еуропалық Конвенцияға және жеке тұлғаларды қорғау туралы өзге де құқықтық құжаттарға негізделген жалпы демократиялық және құқықтық қағидаларды дамытуға ұмтылады. Еуропа Кеңесі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде 1949 жылы негізі салынған уақыттан бері татуластықтың нышаны болып табылады.

ISBN 978-92-871-7182-5

http://book.coe.int

Еуропа Кеңесінің баспасы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады