2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1290 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.21 № 1224 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1290 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш
айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын негізге ала отырып,
      Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:

1-бап

      Келісімнің 4-бабында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру үшін Қазақстан тарапы Бірлескен кәсіпорынға нобайлық жобаның Тараптар келіскен сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттік кредиттің сомасын нақтылай отырып, негізгі борышты өтеу және 2019 жылға дейін жылдық 0,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезеңмен 19 жыл мерзімге 223 миллион АҚШ долларына баламалы сомада бюджеттік кредит береді.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2013 жылғы «___» ______________ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының                  Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады