"Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1004 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1304 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1004 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада (бұдан әрі – Бағдарлама):
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде кемінде 66 %-ға ұлғайту.
      2. Ішкі нарық қажеттілігін құрылыс материалдарымен 80 %-дан астамға қанағаттандыру.
      3. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту.»;
      «3. Ағымдағы жай-күйдi талдау» деген бөлімде:
      «3.4. Өңiрлердегi аумақтық жоспарлау және қала құрылысының дамуын талдау» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.4. Өңiрлердегі аумақтық жоспарлауды және қала құрылысының дамуын талдау
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын (бұдан әрі – Бас схема) әзірлеу жөніндегі жұмыстарды аяқтап қалды.
      Бас схема – аумақтық бәсекелік артықшылықтарды іске асыру және елдің орнықты дамуына қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді кеңістіктік дамудың пайымы мен Қазақстан Республикасының аумағын ұтымды ұйымдастыру жүйесін қамтитын қала құрылысының жобасы.
      Бас схема мемлекеттік қала құрылысы саясатының негізгі бағыттарын негіздейтін және айқындайтын, ұдайы қолданыста болатын және үнемі жаңартылып отыратын (өзекті етіліп отыратын), бағдарламалық ақпараттық-талдамалық құжат болып табылады.
      Бас схеманы кешенді әзірлеу шеңберінде нормативтік негіз бекітілді, тұңғыш рет Қазақстан өңірлері аумақтарының қазіргі жағдайына кешенді бағалау жүргізілді. Халықты қоныстандыру жүйесін жетілдіруді, өндірістік күштерді орналастыруды, көліктік, инженерлік, рекреациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жағдайын жақсартуды қоса алғанда, елді дамытудың жобалық ұсыныстары әзірленді.
      Белгіленген тәртіппен келісуден және сараптамадан өткен Бас схеманың Негізгі ережелерінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді, одан әрі тұтас Бас схема уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      Бас схеманы іске асырудың мониторингі, ақпараттық деректерді өзектілендіру ақпарат көзін жаңарту, жобалық ұсыныстарға және негізгі ережелерге өзгерістер енгізу кезінде не мемлекеттің аумақтық ұйымдастыру мәселелеріндегі саясаты түбегейлі өзгерген жағдайларда тұрақты жүзеге асырылуы тиіс.
      Бас схема аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын және мұқият жоспарлау жобаларын әзірлеу шеңберінде нақтыланатын республикалық деңгейдегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін дамытудың негізі болып табылады.
      Қазіргі кезең заманауи компьютерлік технологиялар мен ақпараттық коммуникация жүйелерін пайдалануға кеңінен көшумен сипатталады, оларсыз жоспарлық реттеудің және аумақтық дамытуды іске асырудың қазіргі заманғы тетіктерінің толыққанды қызмет етуі іс жүзінде мүмкін емес.
      Қала құрылысын, сәулет және құрылыс қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру және жүргізу қажет.
      2011 – 2012 жылдары республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры құрылды, оның шеңберінде мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшін мамандандырылған жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді, орталық атқарушы органдармен бірге ел экономикасының негізгі салаларының тақырыптық дерекқорларын құру және толтыру бойынша жұмыстар жүргізілді, Қарағанды және Қызылорда облыстарының үлгісінде республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының төмен тұрған деңгейлермен өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сонымен бірге, облыстық және базалық деңгейлерді құрмайынша, республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры толық көлемде қызмет етпейді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру тек қала құрылысы кадастрының облыстық және базалық деңгейлерін құрғаннан кейін ғана мүмкін болмақ.
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі (бұдан әрі – заң жобасы), онда барлық аумақтық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын жүргізуге арналған мемлекеттік кәсіпорын құру жолымен қала құрылысы кадастрының сатылас ықпалдасқан бірыңғай жүйесін қалыптастыру көзделеді. Заң жобасында барлық аумақтық деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жанындағы мемлекеттік кәсіпорынға беруді көзделеді.
      Аталған заң жобасы барлық мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен, Президент Әкімшілігімен келісілді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 537 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.
      Қазіргі кезде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес жүзеге асырылуда.»;
      «4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
      1. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде кемінде 66 %-ға ұлғайту.
      2. Ішкі нарықтың қажеттілігін құрылыс материалдарымен 80 %-дан астамға қанағаттандыру.
      3. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту.
      12-кесте. Жылдар бойынша нысаналы индикаторлардың ұлғаю серпіні

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Өлш. бiрл.

Дерек

Болжамды кезең

2010

2011

2012

2013

2014

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту

%

179,3

191,0

227,3

180

190

      Кесте деректерiнен республиканың құрылыс индустриясы кәсiпорындарының ЖҚҚ орта есеппен 66 %-ға, ішкі нарықтың қажеттілігін құрылыс материалдарымен 80 %-дан кем емес, еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту мүмкіндігі бар екенін көруге болады. 2009 – 2014 жылдар кезеңiнде бұған iс-шаралар жоспарына 3-қосымшаға сәйкес мынадай жобаларды iске асыра отырып қол жеткізуге болады:
      жұмыс істеп тұрған цемент зауыттарын жаңғырту;
      жаңа зауыттарды салу;
      индустриялық құрылыс комбинаттарының желiсiн ұйымдастыру;
      сантехкерамика шығару зауытын салу;
      Қуатын арттыра отырып, керамика зауыттарын жаңғырту;
      Балшық өңдеу комбинатының құрылысын ұйымдастыру.»;
      «4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген кіші бөлімдегі 12-кесте мынадай жолдармен толықтырылсын:
      «12-кесте. Жылдар бойынша нысаналы индикаторлардың ұлғаю серпіні

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Өлш. бiрл.

Дерек

Болжамды кезең

2010

2011

2012

2013

2014

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде кемінде 66 %-ға ұлғайту

%

101,8

118,0

130,6

50

66

Ішкі нарықтың қажеттілігін құрылыс материалдарымен 80 %-дан астамға қанағаттандыру

%

63,2

65,2

68,3

75

80

                                                                   »;

      «4.4. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелердiң көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
      «Күтiлетiн нәтижелерде»:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      цемент өндірісінде 2014 жылға қарай жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарда цемент шығару жылына 7 млн. тоннаға жеткізіледі, цемент терминалдары салынады, жұмыс істеп тұрған цемент зауыттарын техникалық қайта жарақтау жүргізіледі және негізгі құралдардың тозу дәрежесі 30 %-ға дейін қысқарады;
      керамика өндірісінде 2014 жылға қарай керамикалық тақтайшаларды шығару жылына 5,5 млн. шаршы м. дейін жеткізіліп, қуаты жылына 200 мың тонна балшықты қайта өңдеу жөніндегі байыту комбинаты салынады;»;
      «5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi» деген бөлімде:
      «5.2. Аумақтық жоспарлауды жетiлдiру және өңiрлердiң қала құрылысын дамыту» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      Тиімді аумақтық жоспарлау мақсатында: өңірлердің қала құрылысын дамыту сандық және сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік жүйесі ретіндегі Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеу, әртүрлі деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін құру және жүргізу қажет. Құрылыс саласын одан әрі дамытуға бағытталған жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін:
      1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасының және оның Негізгі ережелерінің басты жобалық ұсыныстарын мемлекеттік орталық жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету.
      Бас схема Қазақстан Республикасының аумағын тиімді пайдалануды, қолайлы қоршаған ортаны жасау және сақтауды, экологиялық, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, халық денсаулығының сақталуын, тарихи және мәдени ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етуді, орналастыру жүйесі мен өндірістік, әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын дамытудың мемлекеттік басымдықтарын айқындауды көздейді.
      Мемлекеттік қала құрылысы кадастры (бұдан әрі – МҚК) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық кадастрлар жүйесіне кіреді және ел аумағын дамыту үшін оның стратегиялық маңызы зор, себебі әртүрлі объектілерге (елді мекен аумағы немесе оның бір бөлігі, құрылыс объектісі және т. б.) жататын құжаттарды өзіне қамтиды, елді мекеннің бұрынғы және қазіргі жағдайының кешенді және тұтас бейнесін, оның көліктік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымдарын кеңістіктік деректерге байланыстыра отырып, цифрлық картографиялық негізде қалыптастырады.
      МҚК Қазақстан Республикасы үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері бойынша ақпарат жинаудың, өңдеудің, есепке алудың, тіркеудің, сақтаудың және ұсынудың бірыңғай жүйесі бойынша жүргізілуі тиіс. МҚК тиімді қызмет етуінің қажетті шарты жүйелі түрде жандандырылуы болып табылады.
      Осыған байланысты, МҚК жүйесін әкімшілендіруді және басқаруды бір ведомство жүргізуі тиіс.
      Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру заң жобасында көзделген.
      Заң жобасы қабылданғанға дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      «5.3. Мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен құрылыста сметалық баға белгiлеу жүйесiн жетiлдiру» деген кіші бөлімдегі алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиімді баға саясатын әзірлеу үшін мынадай қағидаттарды сақтай отырып, құрылыс өніміне дұрыс баға айқындау талап етіледі:
      1) баға белгілеудің транспаренттілігі;
      2) құрудың бүкіл кезеңіне арналған тұрақтылық, яғни баға заңнамада және/немесе құрылыстың мердігерлік шартында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, құрылыс аяқталғанға дейін өзгеріссіз болуы тиіс;
      3) орындалған жұмыс үшін тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы тұрақты баға мен есеп айырысу тәртібі арасындағы өзара байланыс.
      Ағымдағы бағада құрылыс құнын айқындаудың базистік-индекстік әдістен ресурстық әдіске ауысуды қамтамасыз ету қажет.
      Құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісіне негізделген баға белгілеу жүйесін енгізу үшін мынандай бөлімдерден тұратын ресурстық сметалық нормалар жүйесін құру қажет:
      1) сметалық ресурстық баға белгілеу жүйесіндегі басшылыққа алынатын құжаттар;
      2) ресурстық баға белгілеудің ресурстық-технологиялық базасын ұдайы жаңартып тұру;
      3) элементтік ресурстық сметалық нормалар;
      4) конструктивтер мен жұмыс түрлері бойынша ірілендірілген ресурстық сметалық нормалар;
      5) тұтынушылық сипаттаманың бір бірлігіне арналған ірілендірілген ресурстық сметалық нормалар;
      6) құрылыс үшін ресурстарға арналған ағымдағы сметалық бағалардың жүйелі түрде шығарылатын жинақтары.»;
      «5.7 Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі шаралардың тізбесі және бизнес өкілдерімен кері байланыс жүйесі» деген кіші бөлімдегі сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші бөліктер алынып тасталсын;
      «6. Қажеттi ресурстар» деген бөлімде:
      екінші бөлікте:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) 2014 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзiрлеу, шығындар көлемi 2700,530 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде, тұжырымдаманы әзiрлеуге 2010 жылы – 100,0 млн. теңге, Бас схеманы әзiрлеуге 2011 жылы – 1000,0 млн. теңге, 2012 жылы – 917,20 млн. теңге, 2013 жылы – 783,330 млн.теңге;
      4) республикалық деңгейдегі мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша шығындар көлемi 2014 жылы 178,370 млн. теңгені құрайды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) сметалық-нормативтік базаны жетілдіру, оның ішінде ағымдағы сметалық бағалар жинағын шығару, барлығы 2 306,5 млн. теңге, оның ішінде 2010 жылы – 391,0 млн. теңге, 2011 жылы – 375,0 млн. теңге, 2012 жылы – 596,3 млн. теңге, 2013 жылы – 382,4 млн. теңге, 2014 жылы – 561,8 млн. теңге;»;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау – 5868,0 млн. теңге, оның iшiнде 2010 жылы – 300,0 млн. теңге, 2011 жылы – 1 575,990 млн. теңге, 2012 жылы – 1362,0 млн. теңге, 2013 жылы – 1463,9 млн. теңге, 2014 жылы – 1166,0 млн. теңге;»;
      «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірлері 1, 7, 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Көп қабатты және аз қабатты тұрғын үй салу үшiн үлгi жобалардың серияларын әзiрлеу

Үлгi жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп

ҚР ӨДМ

2014 ж.
4-тоқсан

2 473,8
оның iшiнде
2012 ж. - 997,4
2013 ж. - 492,0
2014 ж. - 984,4*

Республикалық бюджет


Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау

Үкiметке ақпарат

ҚР ӨДМ

2010 - 2014 жж.
4 тоқсан

5 868,0
оның iшiнде
2010 ж. - 300,0
2011 ж. – 1 575,99
2012 ж. – 1 362,0
2013 ж. – 1 463,9
2013 ж. – 1 166,0

Республикалық бюджет


Республикалық деңгейде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру

Үкіметке ақпарат

ҚР ӨДМ

2014 жылғы
4 тоқсан

178,370

Республикалық бюджет


Сметалық-нормативтік базаны жетілдіру, оның ішінде ағымдағы сметалық бағалардың жинақтарын шығару

Үкіметке ақпарат

ҚР ӨДМ

2010 - 2014 жж.
4 тоқсан

2 306,5
оның ішінде
2010 ж. - 391,0
2011 ж. - 375,0
2012 ж. - 596,3
2013 ж. - 382,4
2014 ж. – 561,8

Республикалық бюджет


Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу

Үкiметке ақпарат

ҚР ӨДМ

2010 - 2014 жж.
4 тоқсан

2 700,530
оның ішінде
2010 ж. - 100,0
2011 ж. – 1 000,0
2012 ж. - 917,200
2013 ж. – 783,330

Республикалық бюджет

                                                                   »;

      реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Мыналар әзірленеді және енгізіледі:
1) ұлттық және мемлекетаралық 405 стандарт;
2) жылу өткізудің және температуралық шамалардың мемлекеттік эталондарын техникалық регламенттерге сәйкестігі тұрғысынан жаңғырту

ИЖТМ-ге есеп

ИЖТМ ТРМК

2014 ж.
4-тоқсан

Қаржыландыруды талап етпейдi


                                                                   »;

      Бағдарламаға «Сала кәсiпорындарының негiзгi инвестициялық жобалары» деген 3-қосымшаның реттік нөмірлері 49, 50, 51, 52, 53-жолдары алынып тасталсын;
      Бағдарламаға «2010 – 2014 жылдар кезеңiнде кадрларға қажеттiлiк» деген 4-қосымшаның реттік нөмірі 21-жолы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады