Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 және "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1307 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 728 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 № 229 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      2) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 55-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 № 229 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1307 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен  
бекiтiлген      

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеудi бiрыңғай мемлекеттiк дерекқор қалыптастыру және қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.
      3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынған жылжымалы құрам бірліктері кiредi.
      4. Мемлекеттік тiркеуден не қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – тізілім) енгiзуге тиiс.

2. Жылжымалы құрамды тiркеу, қайта тiркеу және оның кепiлін
тіркеу тәртiбi

      5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу жылжымалы құрамды иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.
      6. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу:
      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлға тiркелген орны бойынша;
      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
      7. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өткен;
      3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелген, сондай-ақ әкеткен жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге жатпайды.
      8. Меншік құқығы алынған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда мемлекеттік тiркелуге тиіс.
      Жалға беру, сенiмгерлiкпен басқару құқығы алынған, жылжымалы құрам туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жылжымалы құрам тіркеуші органда қайта мемлекеттік тiркеуге тиіс.
      9. Жылжымалы құрам:
      1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;
      2) сенiмгерлiкпен басқаруға не мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда, қайта мемлекеттік тiркеу жүргізілмейді.
      10. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымалы құрамның бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.
      11. Тіркеуші органға жылжымалы құрамның мынадай түрлерін мемлекеттік тіркеуге өтініш беріледі:
      1) жүк жылжымалы құрамы;
      2) жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;
      3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;
      4) арнайы жылжымалы құрам.
      12. Жүк жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) жабық вагондар;
      2) платформалар;
      3) жартылай вагондар;
      4) цистерналар;
      5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
      6) астық тасығыш;
      7) цемент тасығыш;
      8) фитингтiк платформалар;
      9) битум тасығыш платформалар;
      10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған арнайы вагондар, оның iшiнде бункерлiк түрi, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрi).
      13. Жылжымалы жолаушы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) купе вагондары;
      2) плацкарт вагондары;
      3) «СВ» – ұйықтауға арналған вагондар;
      4) «РИЦ» – РИЦ габаритті купе вагондары;
      5) вагон-мейрамханалар;
      6) облысаралық вагондар;
      7) «ЗАК» – қамауға алынған адамдарды тасымалдауға арналған вагондар;
      8) қызметтiк вагондар;
      9) қызметтiк техникалық вагондар;
      10) пошта вагондары;
      11) багаж вагондары.
      14. Тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) магистральдық жолдар бойынша кез келген санаттағы пойыздарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
      2) кең жолтабанды магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
      3) тар жолтабанды магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
      4) тар және кең жолтабанды магистральдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор–вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
      5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистральдық және станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ).
      15. Арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;
      2) өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам.
      16. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу үшiн заңды және жеке тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға 2345-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам, оның iшiнде сенiмгерлiкпен басқаруға, мүлiктiк жалға не лизингке берiлген мүкәммал паркiнiң тiзбесі;
      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелуі туралы куәлік заңды тұлғаның қызметінің тоқталуына дейін жарамды болып табылады;
      4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
      5) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкiлеттікті растайтын құжат;
      6) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;
      7) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шарты;
      8) жасаушы зауыттың жылжымалы құрамның әр бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры).
      9) тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.
      Осы тармақтың 3)–8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне өтініш берілген сәтте қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
      17. Тіркеуші орган жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.
      18. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу үшiн өтініш беруші не оның сенімхаты бойынша уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      19. Тіркеуші орган құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      20. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидаларға 16-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.
      21. Тіркеуші орган кепiлдi мемлекеттік тiркеу не одан бас тарту туралы шешiмді Заңның 101116 және 17-баптарына сәйкес қабылдайды.
      Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган куәлікті бір жұмыс күні ішінде береді.
      22. Жылжымалы құрамның кепiлiн мемлекеттік тіркеу, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.
      Тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.
      23. Жылжымалы құрамды тiркеген адам оны мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.
      24. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады.
      Жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      25. Жылжымалы құрамды тiркеген адамдар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркеуші органның талабы бойынша жылжымалы құрамы туралы мәлiметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн тіркеуші органның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
      2) заңды тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, шешім қабылдағаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде тіркеуші органды хабардар етедi.
      26. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған;
      2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында не машина жазбаларында түзетулер не көшiрмелердi куәландыратын қолы және мөрi болмаған;
      3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда, жазбаша түрде уәжделген бас тарту туралы жауап береді.
      Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде куәлік немесе тізілімнен шығару туралы хабарлама береді.
      27. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы берiлген куәлiктi:
      1) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға не дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;
      2) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда керi қайтарып алады.
      28. Жылжымалы құрам тiзiлiмнен:
      1) жылжымалы құрам есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған не алты айдан астам жоғалып, оны iздестiру тоқтатылған;
      2) жылжымалы құрамды шетелдiк тұлғаларға иелiктен шығарып, одан әрi Қазақстан Республикасының шегінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда алып тасталады.
      29. Жылжымалы құрамды тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген адам тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын ұсынады.
      Өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және тіркелген кепілдікті тоқтату Заңның 161719-баптарына сәйкес жүргізіледі.
      30. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәлiметті тiзiлiмге енгiзедi және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
1-қосымша        

Нысан

Жылжымалы құрамның мемлекеттiк тiзiлiмi

Тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік
тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Көлік құралының жалпы қуаты, квт-де

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Нақты қызмет мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

10

11

12

13

14

15

16

17









      кестенің жалғасы

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Сериясы

Санаты

Тіркелген депосы

жарамды

есептен шығарылған

18

19

20

21

22

23

24

Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

КЖ-1

КЖ-2

жарамды

есептен шығарылған

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

      кестенің жалғасы

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген депосы

19

20

21

22

23

Жүк жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

9

10

11

12

13

14

15

16









      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген станциясы

жарамды

есептен шығарылған

17

18

19

20

21

22

23

24

Жолаушы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет мерзімі

Нақты қызмет мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

ҚМҰКЖ

ҚККЖ

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркелген депосы

жарамды

есептен шығарылған

19

20

21

22

23

24

25

26

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
2-қосымша        

Нысан

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тiзбесi

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

Көлік құрамының жалпы қуаты, КвТ-де

(КЖ-1)*

(КЖ-2)**

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                      (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(КЖ-1) – 1-көлемдегi күрделi жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-көлемдегi күрделi жөндеу

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
3-қосымша        

Нысан

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу
күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген станциясы****

(КЖ)**

(ҚМҰКЖ) ***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                      (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ) – күрделi жөндеу
      ***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
      **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
4-қосымша        

Нысан

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы

(КЖ-1)**

(КЖ-2) ***

(ҚМҰКЖ) ****

(ҚККЖ) *****

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21













      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                       (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
      ***(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу
      **** (ҚМҰКЖ) – қызмет ету мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу
      ***** (ҚККЖ) – қалпына келтіре отырып, күрделі жөндеу

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
5-қосымша        

Нысан

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркелген депосы****

(КЖ-1)**

(КЖ-2)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      Басшы ______________________/_________________________________/
                    (қолы)                      (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      Ескертпе:
      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
6-қосымша        

___________ облысы (қаласы) бойынша
уәкiлеттi органның басшысы        
___________________________________
(Т.А.Ә.)             

Өтiнiш

___________________________________________________ құқығында тиесiлi
(меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг)
саны ____________ бiрлiк жылжымалы құрамды тiркеудi (қайта тiркеудi),
мемлекеттік тізілімнен шығаруды сұраймын (керек емесін сызып тастау)

      Мекенжайы:
________________________ қаласы _____________________________ көшесi.
ЖСН/БЖН: ____________________________________________________________
байланыс телефондары (факс) _________________________________________
      Тiзбе __________________________________ парақта қоса берiледi.

      Өтiнiш берушi ________________/________________________________
                     (басшының қолы)            (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
7-қосымша        

Нысан

Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi

Жазбаның №

Тізілімнің №

Кепілдің мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепілдің сомасы

Шарттың қолданысы

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың жойылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

теңге

доллар

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

Құжаттың атауы және №, жасалған күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
8-қосымша        

______________________________________
(тіркеуші органның атауы)

      Жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу),
мемлекеттік тізілімнен шығару туралы (керегінің астын сызу)

      20__ жылғы «___» ___________________________

      уақыты: ___________ сағат _____________ мин.
      № ____ өтініш бойынша құжаттарды алу қолхаты

      Қабылданған құжаттардың тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы,
нөмірі, қашан және кім берді)
1.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдаған: ___________________________________________________
                     Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә және қолы

      Өтінішті орындау күні 20__ жылғы «___» ________________________

_____________________________________________________________________
                       (тіркеуші органның атауы)

      Жылжымалы құрамның мемлекеттік кепілін тіркеу туралы
      20__ жылғы «___» ___________________________
      уақыты: ____________ сағат ____________ мин.
      № ____ өтініш бойынша құжаттарды алу қолхаты

      Қабылданған құжаттардың тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы,
нөмірі, қашан және кім берді)
1.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдаған: ___________________________________________________
                     Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә және қолы

      Өтінішті орындау күні 20__ жылғы «___» ________________________

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
9-қосымша        

___________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

20__ жылғы «___» ___________ № _____
Жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік
тіркеу туралы
КУӘЛІК

_____________________________________________________________________
          кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті
_____________________________________________________________________
                       өкілінің деректемелері)
____________________________________________________________ берілді.

      Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау:

Мүліктің түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрам саны

Құны

Ескертпе







Кепіл ұстаушының құқықтары: _________________________________________
_____________________________________________________________________
          (Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні мен жылы)
Мекенжайы:
_____________________________________________________________________
 (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды
_____________________________________________________________________
                       тұлғаның тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
Кепіл заты __________________________________________________________
                          (кепіл затының сипаттамасы)
______________________________________ кепіл туралы шарттың негізінде
        (шартты жасасу күні)           пайда болды
______________________________________ тіркелген және мынадай негізгі
      (тіркелу күні мен нөмірі)
шарттарды қамтиды
_____________________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге
_____________________________________________________________________
                          де шарттары)
Кепіл берушінің құқықтары ___________________________________________
                                          (құқық түрі)
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты орны, туған күні және жылы;
_____________________________________________________________________
     заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
          (кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы,
____________________________________________________________________
                  қабылдау күні, тіркеу күні мен №)
____________________________________________________________ расталды
Басшы ___________________________________ М.О. ______________________
                  (Т.А.Ә.)                              (қолы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Ескертпе:
      1. Осы куәлік кепілді өтеу кезінде тіркеуші органға қайтарылуы тиіс.
      2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда, құқық иеленуші куәлікті жоғалту (бүлдіру) себептерін көрсете отырып, тіркеуші органға өтініш беруі тиіс.

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
10-қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
КӨЛIКТIК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТI

Жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы
(керегінің астын сызу)
КУӘЛIК

КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _№_ _ _ _ _ _

      Осы куәлiк «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ___________________________________________ құқығындағы
                (жылжымалы құрамына құқығы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________ берiлдi
               (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.)
және ____________________________________________________ үлгiсiндегi
санаты ______________________________________________________________
сериясы, вагон түрi _________________________________________________
зауыт нөмiрi ________________________________________________________
түгендеу нөмiрi _____________________________________________________
секциясы ____________________________________________________________
жасалған жылы _______________________________________________________
20__ жылғы «___» ______________ бастап жылжымалы құрамның мемлекеттiк
тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайды.
      (керегінің астын сызыңыз)
      Осы куәлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесiн
куәландыратын құжатпен бiрге көрсетiледi, ондағы келтiрiлген
мәлiметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
_____________________________________________________________________

Берiлген күнi 20__ жылғы «___» ________________

М.О.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамы __________________________________
                                               қолы, Т.Ә.А.

Жылжымалы құрамды және оның
кепілін тiркеу қағидаларына
11-қосымша        

________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Өтініш № _____

Кепіл беруші

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия _________ № ______
_________________________________ берген, берілген күні _____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон _________________________________________
______________________________________________________________ атынан
            (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________ негізінде әрекет етеді.
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия _________ № ______
_________________________________ берген, берілген күні _____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон _________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ атынан
            (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_____________________________________________ негізінде әрекет етеді.
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: _____________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы) _______
_____________________________________________________________________
Кепілге салынған мүліктің құны ______________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік ______________________________ кепіл берушінің
____________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: иә, жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: иә, жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан
және кім берген)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
иә, жоқ (керек емесін сызып тастау)
---------------------------------------------------------------------

Өтініш берілген күн: 20__ ж. ________________________________________
Өтініш қабылданған күн: 20__ ж. _____________________________________
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыт: ___________________________ сағат _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады