«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1308 қаулысы (бұдан әрі - № 1308 қаулы) баспасөз релизі.
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1308 қаулыға сәйкес сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды өткізілмейді.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау жүзеге асырылады.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі