«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын
азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық
стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1309 Қаулысына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 22-1) тармақшасына сәйкес 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1309 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары қолданылады.
Қағидалар мемлекеттік және эксперименттік авиацияның әуе кемелеріне қолданылмайды.
Мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға жіберу үшін азаматтық авиация ұйымдары уәкілетті органға келесі құжаттарды:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі (ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) немесе азаматтық авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының көшірмесі;
3) мәлімделген авиациялық стандарттар қолданылатын және ұшу жарамдылығының ұсталуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдалану жөніндегі (азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы болып табылатын өтініш беруші үшін) құжаттар көшірмелері;
4) мәлімделген авиациялық стандарттарға жауап беретін ұйымдық құрылым сипаттамасының көшірмесі;
5) халықаралық тәуелсіз аудиторлық ұйым жүргізген мәлімделген авиациялық стандарттарды қолданудың сәйкестігіне аудитті бағалау нәтижелерінің көшірмелері;
6) мәлімделген авиациялық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын ұстау және/немесе техникалық қызмет көрсетуді орындау жөніндегі құжаттардың көшірмелері;
7) мыналар:
ұшуды жүргізу;
ұшу жарамдылығын, техникалық жай-күйі мен жабдықты инспекциялауды (бақылауды) да көздейтін пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және авиациялық техникасын жөндеу рәсімдері;
мәлімделген авиациялық стандарттарға сәйкес авиациялық персоналдың дайындығын жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
8) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері;
9) сапаны бақылау жүйесі жөніндегі құжаттардың көшірмелері қоса беріп жібереді.
Шешім оң болған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіні жарамдылық уақыты бойынша шектелмейтін мәлімделген авиациялық стандарттарды қолдануға жіберу туралы жазбаша хабардар етеді.
Қағиданы қабылдау әлеуметтік-экономикалық келеңсіз салдарға жеткізбейді.
Қағидалар мерзімді басылымдарда ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрлігі