Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 605-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) темір жол вокзалының класы – орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты айқындалған теміржол вокзалының мәртебесі;»;
4 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Теміржол вокзалдары орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне, жолаушылар ағыны мен техникалық жабдықталуына байланысты кластарға бөлінеді. Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың кластарына сәйкес теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесіне сәйкес уәкілетті орган бекітеді.»;
«6. Теміржол вокзалының билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлары, санитарлық–тұрмыстық үй-жайлары, соның ішінде мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына арнайы әлеуметтік жабдықталған үй-жайлары, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (соның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті күзету пункті болуға тиіс.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында қосымша қол жүгін сақтау камерасы, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері, тамақтану орындары, шаштараз, дүкендер, сауда дүңгіршіктері, пошта бөлімі, ақша айырбастау орны, дәріхана, банкомат, төлем терминалдары, интернет (WI-FI) болуға тиіс.
Барлық қызмет көрсету орындары тәулік бойы жұмыс істеуге және мүгедектерге оңай қолжетімді болуға тиіс.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайл шрифтін, түйсіну қатынасын, ірі шрифтті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысымен
бекітілген
Теміржол вокзалдарының класын айқындау
әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) теміржол вокзалы – класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
2) класын айқындау – осы әдістемеге сәйкес балдық жүйе бойынша айқындалатын жұмыс (көрсетілген қызметтер) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты осы вокзал жатқызылатын топтың атауы;
3) тұтынушылар – теміржол көлігінің жолаушылары, теміржол вокзалына келіп-кетушілер (соның ішінде жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылар);
4) пайдаланушылар – жолаушылар теміржол тасымалдары саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін теміржол вокзалы алаңдарын пайдаланатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер.
3. Әдістемені теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданады.
2. Теміржол вокзалдарының класын айқындау
4. Теміржол вокзалдарының класын айқындау мынадай жиынтық көрсеткіштерді қамтиды:
1) жылдық есептеуде тәулігіне жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 1 жолаушы - 1 балл;
2) алаңның әрбір 100 шаршы метр вокзалдық үй-жайларды күтіп-ұстау - 1 балл;
3) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес теміржол вокзалдарының класы бөлінісінде балдық градация;
4) техникалық жабдықталуы (қосымша құрылыстар мен жабдықтар), соның ішінде эскалаторлар, лифттер, электрондық көрсеткіш тақта, жаяу жүргіншілер көпірлері, жерасты өтпелер әрбір объектіге (бірлікке) 0,05 балдан.
5. Теміржол вокзалының класы төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:
К=(Ж*1)+(S/100 ш.м)+Т
мұндағы:
К - вокзал класы,
Ж - жылдық есептеуде тәулігіне жолаушылар,
S - вокзалдық үй-жайларды (жалпы алаңы) күтіп-ұстау,
Т - қосымша құрылыстар мен құрал-жабдықтар.
Ескертпе:
балды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу жөнелтілген жолаушылар саны есебінен айқындалады;
балды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу теміржол вокзалының техникалық паспортында көрсетілген теміржол вокзалы ғимаратының алаңына сәйкес айқындалады.
алынған көрсеткіштерді жиынтықтау класты айқындайтын балдар санын береді.
Математикалық есептеулер жүргізілген кезде бөлшек сандар бүтін санға дейін дөңгелектеуге жатады. Егер алынып тасталатын сандардың біріншісі 5-тен көп болса, онда сақталатын сандардың соңғысы бірлікке ұлғаяды. Ұлғайту бірінші алынып тасталатын сан 5-ке тең болғанда да жасалады.
Теміржол вокзалдарының
класын айқындау әдістемесіне
қосымша
Теміржол вокзалдары класы бөлінісінде балдық градация
1. Вокзалдар орындалатын жұмыстар күрделілігіне және көлеміне байланысты градация бойынша төрт класқа бөлінеді:
1) кластан тыс;
2) 1-класс;
3) 2-класс;
4) 3-класс.
Кесте
атауы |
кластан тыс |
1-класс |
2-класс |
3-класс |
вокзал |
2 500-ден және одан астам балл |
700-ден 2 499 балға дейін |
300-ден 699 балға дейін |
101-ден 299 балға дейін |
2. Тиісті есептеулер жүргізілгеннен кейін кесте бойынша есептеулер негізінде вокзал мәртебесі беріледі.