Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«426. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер болған жағдайда, зиян келтірген, соттардың шешімдері бойынша төлемдер жасауға міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Атқару құжаты түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздемелер болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы әзірленген қаулы жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Бұл ретте, қаулы жобасына атқару құжаттарының және барлық инстанциялардағы сот актілерінің көшірмелері қоса беріледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов