"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):

      "Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" деген бөлімде:

      "Тiзiмде пайдаланылатын терминдердiң анықтамалары" деген кіші бөлімде:

      "Ұшу аппараты" (1, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшу аппараттары" (1, 7, 9) – жылжымайтын қанаты, бұрылмалы қанаты (тікұшақ), айналмалы қанаты, бұрылмалы тірек бұрандасы немесе қанатының оқтай қалпы өзгермелі ұшу аппараттары.";

      "Композициялық материал" (1, 2, 6, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Композициялық материал" (1, 2, 6, 8, 9) – бөлшектерден, жіптәріздес кристалдардан, талшықтардан немесе олардың кез келген комбинациясынан тұратын, белгілі бір мақсат немесе мақсаттар үшін әзірленген "матрица" және қосымша фаза немесе қосымша фазалар.";

      "Оқшаулау" (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқшаулау" (9) зымыран қозғалтқыштарының құрамдауыштары, яғни корпус, сопло, ауа сақтағыштары, корпустың бітеуіштері үшін қолданылады және құрамында оқшаулау және отқа төзімді материал бар вулканизацияланған немесе жартылай вулканизацияланған резеңке қоспаның пластинасын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныш оқшаулағышты немесе кернеуді төмендетуге арналған төсемді қамтуы мүмкін.";

      "Ішкі қаптау" (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі қаптау" (9) – қатты зымыран отыны мен корпус немесе оқшаулау төсемі арасындағы қабатша үшін қолданылады. Әдетте, бұл сұйық полимер негізіндегі оқшаулау немесе отқа төзімді материал, мысалы, түпкi гидроксилдi топтармен көмiртегi толтырылған полибутадиен (КТКП) немесе тозаңданатын немесе вулканизациялық қоспалармен корпустың iшiне орналастырылған басқа полимер.";

      "Лазер" (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лазер" (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) – құрауыштардың жиынтығы, олар кеңістікте де, сондай-ақ уақыт бойынша да сәулеленудiң ынталандырылған эмиссиясы арқылы күшейтілетін когерентті жарықтық сәулеленуді жасайды.";

      "Лазер" деген терминге айрықша ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айрықша ескертпе: "Химиялық лазерді"; "Аса жоғары қуатты лазерді"; "Қайта құрылатын лазерді" де қараңыз.";

      "Зымыран" (1, 3, 6, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реактивті снарядтар" (1, 3, 6, 7, 9) – кемінде 300 км қашықтыққа салмағы кемінде 500 кг жүкті жеткізуге қабілетті толық зымыран жүйелері және пилотсыз ұшу аппараты.";

      "Өндiрiстiк жабдық" (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндiрiстiк жабдық" (1, 7, 9) – "әзірлеу" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған немесе "өндірістің" бір немесе одан көп кезеңдері үшін аспаптық құралдардың, үлгiлердiң, қысқыш бейiмдемелердiң, жақтаулардың, білікшелердің, жалаушалардың, арматураның, реттеуге арналған тетiктердiң жиынтығы, сынақтан өткiзуге арналған жабдық.";

      "Өндiрiстiк қондырғылар" деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндiрiстiк қондырғылар" (7, 9) – "өндірістік жабдық" және "әзірлеу" үшін немесе "өндірістің" бір немесе одан көп кезеңдері үшін монтаждау процесінде ол үшін арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету.";

      "Талап етілетін" деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талап етілетін" (1 – 9) – "технологияға" қатысты бақыланатын деңгейлерге, сипаттамаларға немесе функцияларға қол жеткізуге немесе арттыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бір бөлігін ғана білдіреді. Мұндай "талап етілетін" "технология" әртүрлі тауарларда болуы мүмкін.";

      "Ғарыштық аппараттар" (7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғарыш аппараттары" (7, 9) – активті және пассивті спутниктер және ғарыш зондтары.";

      мынадай мазмұндағы терминдермен толықтырылсын:

      "FADEC жүйелері" (7, 9) (қозғалтқышты басқарудың толығымен автономды электронды-сандық жүйелері) – газ-турбиналық қозғалтқыштарды басқарудың сандық электрондық жүйесі, ол ұшырудан бастап тоқтағанға дейін қалыпты және авариялық жағдайларда қозғалтқыштың барлық пайдалану диапазонында қозғалтқышты автономды түрде басқара алады.

      "Пилотсыз ұшу аппараты" ("ҰҰА") (9) – бортта адамның қатысуынсыз бақыланатын ұшуды және аэронавигацияны қолдауға және ұшып көтерілуге қабілетті кез келген ұшу аппараты.";

      "1-санат Материалдар, химикаттар, "микроорганизмдер" және "токсиндер" деген кіші бөлімде:

      "Әскери стандарттар немесе ерекшелiктер бойынша әзiрленбеген және орындалуында оларға тең емес бронды кеудешелермен арнайы арналған компоненттер." деген 1А005-бөлік мынадай мазмұндағы 3-ескертпемен толықтырылсын:

      "3-ескертпе: 1A005-тармақ пышақтың, ұшталған кертіктің, иненің немесе доғал заттың жарақаттайтын соққысынан қорғануға арналған бронды кеудешелерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 1А006, 1А007 және 1А008-бөліктермен толықтырылсын:

      "1A006 Төменде көрсетілген қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру үшін арнайы әзірленген және модификацияланған жабдық және оған арналған құрамдауыштар мен құралдар:

      a. Қашықтықтан басқарылатын көлік құралдары;

      b. "Ажыратқыштар".

      Техникалық ескертпе:

      "Ажыратқыштар" – сұйықтықпен, қатты немесе осал снарядтың әсер етуі арқылы жарылғыш құрылғының жұмыс істеуін тоқтату үшін арнайы әзірленген құрылғылар.

      N.B. Әскери мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған, атап айтқанда, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыруға арналған жабдықтың сипаттамасы, сондай-ақ ML4-тармақта келтірілген.

      Ескертпе: 1A006-тармақ егер оны оператор басқаратын болса, жабдыққа қолданылмайды.

      1A007 Электр құралдарының әсерімен құрамында энергетикалық материалдар бар зарядтар мен қондырғыларды бастамалау үшін арнайы әзірленген жабдық және құрылғылар, мысалы:

      a. 1A007 b тармағында көрсетілген жарылғыш қондырғылардың детонаторларын іске қосу үшін әзірленген жарылғыш қондырғыларының детонаторларын іске қосуды басқару пульті.

      b. Жарылғыш құрылғылардың электродетонаторлары:

      1. Жарылғыш көпірі бар детонаторлар (ЕВ);

      2. Сымнан жасалған жарылғыш маңдайшасы бар детонаторлар (EBW);

      3. Соққышы бар детонаторлар;

      4. Жарылғыш фольгасы бар бастамашылар (EFI).

      Техникалық ескертпе:

      1. "Детонатор" деген терминнің орнына кейде "бастамашыл" немесе "тұтандырғыш" деген терминдер пайдаланылады.

      2. 1A007b тармағына қатысты, онда сипатталған барлық детонаторларда шағын электр өткізгіш пайдаланылады (көпір, жарылатын тізгін немесе фольга), ол жарылыс кезінде буға айналады, ол арқылы қысқа күшті ағымды электр импульсі өтеді. Соқпалы әрекет етпейтін детонаторларда РЕТМ (пентаэритритолтетранитрат) сияқты онымен түйісетін сезімтал жарылғыш затта жарылғыш өткізгіш химиялық детонациялауды тудырады. Электр өткізгішінің булануы тудырған жарылыс соқпалы әрекет ететін детонаторларда ұрғышты немесе тескішті қолданысқа келтіреді, ол жарылғыш затқа әсер етеді және химиялық детонацияны тудырады. Кейбір конструкцияларда соққышты магниттік өріс қолданысқа келтіреді. "Жарылғыш фольгасы бар детонатор" деген термин жарылғыш көпірі бар детонаторларға да, соғу әрекетінен болған детонаторларға да жатады.

      N.B. Әскери пайдалану үшін арнайы жасалған жабдық және құрылғылар әскери тізімде сипатталған (СВ).

      1A008 Зарядтар, құрылғылары мен құрамдауыштары:

      a. Төменде аталған барлық сипаттамалары бар "кумулятивтік зарядтар":

      1. Жарылғыш заттың нетто мөлшері (ЗНМ) 90 г астам; және

      2. Қабығының сыртқы диаметрі 75 мм және одан астам;

      b. Төменде келтірілген барлық сипаттамалары, сондай-ақ оларға арнайы әзірленген құрамдауыштары бар, конструкция бөлшектерін іркілтуге арналған желілік кумулятивтік зарядтар.

      1. Жарылғыш заттың заряды 40 г/м астам; және

      2. Ені 10 мм тең немесе одан көп;

      c. Өзегінде жарылғыш заттар бар детонациялайтын баулар 64 г/м астам;

      d. 1A008 b тармағында көзделгендерді қоспағанда, пирошпангоуттар, және ЗНМ 3,5 кг астам ажыратқыш зарядтар.

      Ескертпе: 1A008-тармақта айқындалған зарядтарға және құрылғыларға 1-санатқа қосымшада тізбеленген "жарылғыш заттарды" қамтитындар және олардың қоспалары ғана жатады.

      Техникалық ескертпе:

      "Кумулятивтік зарядтар" – жарылыс толқынының әрекетін бағыттауға мүмкіндік беретін арнайы нысаны бар жарылғыш заттар.";

      1D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1D101 "Бағдарламалық қамтамасыз ету", 1B101, 1В102, 1В115, 1В117, 1В118 немесе 1В119-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын өнiмді "пайдалану" үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған.";

      1D103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1D103 Объектінің көрінуін, мысалы, радиолокациялық бейнелеу қабілетін, ультра күлгiн/инфрақызыл толқындар және акустикалық көрініс диапазонында көрінуін азайту үшін арнайы әзiрленген немесе модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету.";

      1Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1Е101 "Технологиялар" 1A102, 1B001, 1B101, 1B102, 1B115 – 1B119, 1C001, 1C101, 1C107, 1C111 – 1C118, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын тауарларды "пайдалау" үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.";

      1Е102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1Е102 "Технологиялар" 1D001, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын "бағдарламалық қамтамасыз етуді" "әзірлеу" үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.";

      1Е103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1Е103 "композициялық материалдарды" немесе iшiнара өңделген "композициялық материалдарды" "өндіру" кезінде автоклавтардағы немесе гидроклавтардағы температураны, қысымды немесе атмосфераны реттеуге арналған "Технологиялар".;

      1E104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1E104 "Технологиялар" құрамында 1,573 К (1,300 С)-ден 3,173 К (2,900 С)-ге дейiн температура диапазонында және 130 Ра-дан 20 кРа-ға дейiн қысым кезiнде ыдырайтын заттары бар қалыпқа, ілдірікке немесе газ ағынының өзге төсеміне беру арқылы пиролит тәсілімен материалдарды "өндiруге" байланысты.

      Ескертпе. 1Е104-тармағы белгілі бір ағын жылдамдығы бар қажетті құрамдағы газ ортасын алу "технологиясын", технологиялық дәйектілікті және процесті реттеу өлшемдерін қамтиды.";

      "2-Санат Материалдарды өңдеу" деген кіші бөлімде:

      2А001-бөліктен кейін мынадай мазмұндағы 2А101-бөлікпен толықтырылсын:

      "2А101 ISO 492 сәйкес 2-рұқсат сыныбы белгіленетін, барлық рұқсаттары бар, 2А001 көрсетілгендерден ерекшеленетін шарикті подшипниктер (немесе ABEC-9 рұқсат сыныбының ANSI/ABMA Std 20 немесе өзге де ұлттық баламалар) немесе жақсысы және барлық мынадай сипаттамалары бар:

      a. Саңылау диаметрі 12 және 50 мм ішкі сақина;

      b. Саңылау диаметрі 25 және 100 мм сыртқы сақина; және

      c. Ені 10 және 20 мм арасында.";

      2B104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2B104 "2В004-тармаққа сәйкес бақылауға жататындардан басқа, мынадай барлық сипаттамалары бар "изостатикалық престер":

      Ерекше ескертпе: сондай-ақ 2В204 қараңыз.

      а. Ең жоғары жұмыс қысымы 69 МПа және одан көп;

      b. Камерада 873 К (600 С) немесе одан жоғары бақыланатын температураға жеткiзуге және оны ұстап тұру үшін әзірленген; және

      с. Ішкi диаметрi 254 мм немесе одан астам жұмыс камерасы бар.

      2B104 8462 99 200 9

      8462 99 800";

      2B105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2B105 2В005.а тармағында көрсетiлгендерден (СVD) басқа, бу фазасынан химиялық элементтерді тұндыруға арналған, көмiртек-көмiртектiк композициялық материалдарды нығыздау үшiн арнайы әзірленген немесе модификацияланған пештер.

      2В105 8462 99 200 9

      8462 99 800";

      2В109-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В109 2В009-тармақтарында көрсетілгендерден басқа жаныштап үгітетін аунатпалы станоктар және мыналар сияқты арнайы құрастырылған компоненттер:

      Ерекше ескертпе: сондай-ақ 2В209 қараңыз.

      а. Мынадай барлық сипаттамалары бар станоктар:

      1. Өндірушінің техникалық ерекшелiгiне сәйкес "сандық бағдарламалық басқару" блоктарымен немесе егер тиісті электр жабдығы станоктармен немесе оларға арналған құрамдауыштармен бiрге жеткізілмесе де компьютерлік басқарумен жарақтандырылуы мүмкін; және

      2. Екi немесе одан көп осі, олар бiрлесіп мезгiлдiк "контурлық басқаруға" үйлестірілуі мүмкін;

      b. 2В009 немесе 2В109-тармақтарға сәйкес бақылануға тиіс ию станоктарына арналған арнайы құрастырылған құрамдауыштар.

      Ескертпе: 2В109-тармақ бойынша 9А005, 9А007.а немесе 9А105.а тармақтарында көрсетiлген жүйелер үшiн қозғалтқыш құрылғылары мен жабдықтары (мысалы, қозғалтқыш корпусын) өндірісінде қолданыла алмайтын станоктар бақылауға алынбайды.

      Техникалық ескертпе: 2В109-тармақтың мақсаты үшін жаныштап үгіту және ию функцияларын бiрiктiретiн станоктар жаныштап үгіту станоктары ретiнде қаралады.

      2В109 8462 29 100 0

      8463 90 000 0

      8462 21

      8462 29

      8462 99 800

      8462 99 800 9";

      2В116-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В116 Вибрациялық сынақтарға арналған жүйелер, оларға арналған жабдықтар және құрамдауыштар:

      а. Керi байланысты немесе тұйық контурмен басқару әдiстерiн пайдаланатын және "таза үстел" режимiнде өлшенген, 50 кН немесе одан артық күшпен итеретiн 20 Гц-ден 2 Гц-ге дейiнгi жиiлiктер диапазонында 10 Д (орташа квадраттық мән) немесе одан артық вибрациялық қайта жүктеу құруға қабiлеттi вибрациялық сынақтарға арналған жүйелер;

      b. Уақыттың нақты ауқымында арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлесімді 5 кГц астам өткiзу белдеуiнiң енiне, 2В116.а тармағында көрсетiлген жүйелерде вибрациялық сынақтар үшiн пайдалануға арнайы құрастырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлестіріп пайдалану үшiн құрастырылады;

      Техникалық ескертпе: 2В116.b тармағында "уақыттың нақты масштабында өткізу жолақтарының ені" деп ең жоғарғы жылдамдық түсіндіріледі, онда бақылаушы үлгілерді жинау, деректерді өңдеу және басқару сигналдарын берудің толық циклін орындай алады.

      с. Тиiстi күшейткiштерi бар немесе олар жоқ "таза үстел" режимiнде өлшенген 50 кН немесе одан артық күштi беруге қабiлеттi және 2В116.а-тармағында сипатталған вибрациялық сынақтар үшін жүйелерде қолдануға жарамды вибрациялық итергiштер (вибраторлар);

      d. Вибраторлардың көпшiлiгiн жүйеге бiрiктiру үшiн әзiрленген, "таза үстел" режимiнде өлшенген 50 кН жалпы күш беруге қабiлеттi және 2В116.а-тармағында сипатталған сынақ жүйелерiнде қолдануға жарамды механикалық және электронды құрамдауыштар.

      Техникалық ескертпе: 2В116-тармаққа қатысты "таза үстел" тегiс үстелді немесе бекiту немесе монтаждау бөлшектері жоқ үстiңгi беттi бiлдiредi.".

      2B116 a. 9031 20 000 0

      2B116 b. 8537 10 100 0

      8537 10 910

      8537 10 990 0

      8537 20

      2B116 c. 9031 90 850 0

      2B116 d. 9031 20 000 0

      9031 90 850 0";

      2В117-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В117 2B004, 2B005.a., 2B104 немесе 2В105-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, зымыран қозғалтқыштары шүмектерінің композиттік материалдарын және қайтарылатын аппараттардың ұштықтарын нығыздау және күйдіру үшін әзірленген немесе модификацияланған жабдық және бақылау жабдығы.".

      2B117 8803 90 200 0

      8803 90 300 0";

      2В120-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В120 Мынадай сипаттамалардың барлығына ие қозғалыс имитаторлары немесе айналу үстелдерi:

      а. Осі екi немесе одан да көп;

      b. Электр энергиясын және/немесе сигналдың ақпаратын беруге қабiлеттi сырғымалы сақиналармен немесе байланыссыз құрылғыларымен жабдықтау үшін әзірленген немесе модификацияланған; және

      с. Мынадай сипаттамалардың бірiне ие:

      1. Осьтердiң кез келгенi төменде көрсетілгендердің барлығына ие:

      а. Жылдамдықты 400 град/с және одан да көпке не 30 град/с және одан төменге арттыратын; және

      b. Жылдамдығы бойынша, 0,6 град/с және одан кем дәлдiгі 6 град/с және одан кем рұқсаты бар;

      2. Жылдамдығы бойынша тұрақтылықтың төменгi шегіне ие, орталықтанған учаскеге қосу-алуымен 0,05 % және жақсы 10 градус және одан да көп; немесе

      3. "Дәлдік" 5 бұрыштық секундқа тең немесе кем (жақсырақ) позициялау.

      1-ескертпе: 2В120-тармақ станоктар немесе медициналық жабдықтар үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған, айналу үстелдерін бақыламайды. Станоктарға арналған айналу үстелдерін басқару құрылғылары туралы 2В008-тармақты қараңыз.

      2-ескертпе: Экспорттау кезінде ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылар орнатылғанына қарамастан, 2В120-тармақта көрсетілген қозғалыс қайталаушылары немесе айналмалы үстелдер бақылауға жатады.

      2B120 8805 21 000 0

      9031 20 000 0";

      2В121-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В121 1В120-тармақта көрсетiлгендерден басқа, мынадай сипаттамалардың бәрiне ие позициялауға арналған үстелдер (кез келген ось бойынша дәл айналымды позициялау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар):

      а. Осi екi немесе одан да көп; және

      b. "Жайғастыру дәлдігі" 5 бұрыштық секундқа тең және одан кем (жақсы).

      Ескертпе: 2В121-тармақ станоктар немесе медициналық жабдықтар үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған айналу үстелдерін бақыламайды. Станоктарға арналған айналу үстелдерiн басқару құрылғылары туралы 2В008-тармақты қараңыз.

      2B121 8805

      9031 20 000 0";

      2B122-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2В122 Электр энергиясын және/немесе сигнал ақпаратын беруге қабілетті ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылармен жабдықтау үшін әзірленген немесе модификацияланған және 100 g жоғары жылдамдықты дамытуға қабілетті центрифугалар.

      Ескертпе: Экспорттау кезінде оларда ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылардың орнатылуына немесе жоқтығына қарамастан, 2В122-тармақта көрсетілген центрифугалар бақылауға жатады.

      2B122 8421 19 700 9

      8401

      8421 19

      9031 20 000 0";

      2D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2D101 2B104, 2B105, 2B109, 2B116, 2B117 немесе 2B119 – 2B122-тармақтарда көрсетілген жабдықты "қолдану" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету".

      Ерекше ескертпе: 9D004 – қараңыз

      2D101 8523 80

      8523 80 0";

      2Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2Е101 2B004, 2B009, 2B104, 2B109, 2B116, 2B119 – 2B122 немесе 2D101-тармақтарда көрсетілген жабдықты немесе "бағдарламалық қамтамасыз етуді" "қолдану" үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес "технологиялар".";

      3 – Санат "Электроника" деген кіші бөлімде:

      3А001 "Мыналар сияқты электрондық компоненттер:" деген бөлім мынадай мазмұндағы g және h абзацтарымен толықтырылсын:

      "g. Қатты денелі импульстік күш беретін коммутациялық тиристорлық құрылғылар және электрмен, оптикалық немесе электронды-эмиссиялық ауыстырылып басқарылатын, "тиристорлық модульдер", мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:

      1. Сүйемелдеуіш токтың ең жоғарғы өсу жылдамдығы (di/dt) 30 000 A/мкс астам және тұйық күйдегі кернеуі 1100 В астам; және

      2. Сүйемелдеуіш токтың ең жоғарғы өсу жылдамдығы (di/dt) 2000 A/мкс астам және төмендегі барлық сипаттамалар:

      a. Тұйық күйдегі импульстік кернеуі 3000 В және одан көп; және

      b. Импульстегі барынша ток (екпінді ток) 3000 А астам;

      1-ескертпе: 3A001g-тармағы мынаны қамтиды:

      кремниймен басқарылатын тиристорлар (SCR)

      электрмен басқарылатын тиристорлар (ETT)

      жарықпен басқарылатын тиристорлар (LTT)

      ысырма бойынша коммутаторлық жабылатын тиристорлар (IGCT)

      жабылатын тиристорлар (GTO)

      ӨМО-пен басқарылатын тиристорлар (ӨМО – жартылай өткізгіш металл – оксид құрылымы)

      Solidtron маркалы жартылай өткізгіш коммутаторлар

      2-ескертпе: 3A001g тармағы теміржол көлігінде немесе "азаматтық ұшу аппараттарында" қолдануға арналған, жабдыққа орнатылған "тиристорлық модульдерге" және "тиристорлық қондырғыларға" қолданылмайды.

      Ерекше ескертпе:

      3A001g-тармағының түпмәтінінде "тиристорлық модуль" бір немесе бірнеше тиристорлық қондырғыларды қамтиды.

      h. Төмендегі барлық сипаттамалары бар қатты денелі, жартылай өткізгіш күш ауыстырып қосқыштары, диодтар немесе "модульдер":

      1. 488 K (215oC) жоғары өтудің ең жоғарғы номиналды жұмыс температурасы;

      2. Тұйық күйдегі 300 В астам кезеңдік импульстік кернеу (блоктауыш кернеу); және

      3. 1 A астам үздіксіз ток

      1-ескертпе: 3A001h тармағы тұйық күйдегі кезеңдік импульстік кернеу қуат көзінің кернеуін, коллектор-эмиттер кернеуді, кезеңдік импульстік кері кернеуді және тұйық күйдегі кезеңдік импульстік блоктанатын кернеуді қамтиды.

      2-ескертпе: 3A001h тармағы мынаны қамтиды:

      басқарылатын ауыспалы p-n бар далалық транзисторлар (JFET)

      сатылас ауыспалы p-n бар далалық транзисторлар (VJFET)

      өткізуші металл-оксид құрылымы бар далалық транзисторлар (MOSFET)

      ӨМО құрылымы бар екі диффузиялы далалық транзисторлар (DMOSFET)

      оқшауланған ысырмасы бар биополярлы транзисторлар (IGBT)

      электрондардың жоғары қозғалысы бар транзисторлар (HEMT)

      биополярлық жазықтық транзисторлары (BJT)

      тиристорлар және кремний басқарылатын тиристорлар (SCR)

      жабылатын тиристорлар (GTO)

      эмиттерлік жабылатын транзисторлар (ETO)

      реттелетін резистивтік диодтар

      Шоттки диодтары

      3-ескертпе: 3A001h тармағы азаматтық автомобиль, теміржол көлігінде және "азаматтық ұшу аппараттарында" қолдануға арналған жабдыққа орналастырылған айырып-қосқыштарға, диодтарға немесе "модульдерге" қолданылмайды.

      Арнайы ескертпе:

      3A001h тармағына қатысты "модуль" бір немесе бірнеше қатты денелі жартылай өткізгіш күштік айырып-қосқыштарды немесе диодтарды қамтиды.";

      "3А101 3А001-тармақта сипатталғандардан ерекшеленетiн мыналар секiлдi электронды жабдық, құрылғылар мен компоненттер" деген бөліктегі а. абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а. Жоғары қорғалымдағы жабдық үшiн әскери ерекшелiктерге сәйкес әзiрленген, "реактивті снарядтарда" пайдалану үшін жарамды үйлесімді-цифрлық түрлендiргiштер.";

      мынадай мазмұндағы 3А102-бөлікпен толықтырылсын:

      "3А102 "Реактивті снарядтар" үшін әзірленген немесе модификацияланған "жылу батареялары".

      Техникалық ескертпелер.

      1. 3А102-тармақта "жылу батареялары" құрамында электролит ретінде өткізбейтін қатты бейорганикалық тұз бар, бір реттік қолданылатын батареялар түрінде айқындалады. Бұл батареялар, жалындау барысында электролитті балқытатын және батареяны жандандыратын пиролитті материалдардан тұрады.

      2. 3А102-тармақта "реактивті снаряд" ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.";

      3D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3D101 3A101.b. тармағында көрсетілген жабдықты "қолдану" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету".

      3D 8523";

      3E101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3Е101 3A001.a.1 немесе 2., 3A101, 3А102 немесе 3D101-тармақтарда көрсетілген жабдықты немесе "бағдарламалық қамтамасыз етуді" "қолдану" үшін жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес "технологиялар".";

      3Е102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3Е102 3D001-тармаққа сәйкес бақылануға тиіс "бағдарламалық қамтамасыз етуді" "әзірлеу" үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес "технологиялар".";

      5-Санат "Телекоммуникациялар және "ақпаратты қорғау" деген кіші бөлімде:

      5А101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5А101 "Реактивті снарядтар" үшін әзірленген немесе модификацияланған жерүсті жабдығын қоса алғанда, телеметриялық және телебақылау жабдығы".

      Техникалық ескертпе:

      5А101-тармақта "реактивтік снаряд" ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.

      Ескертпе: 5A101-тармақ бойынша мыналар бақылауға жатпайды:

      a. басқарылатын ұшу аппараттары немесе спутниктерге арналған немесе модификацияланған жабдық;

      b. жерде және теңізде қолдануға арналған немесе модификацияланған жерүсті жабдығы;

      c. коммерциялық, азаматтық қолдану үшін әзірленген немесе ҒНЖЖ "қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған" жабдық (мысалы, деректердің толықтығы, ұшу қауіпсіздігі).

      5A101 8525

      8543 70 900 0

      9030 40 000 0";

      5D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5D101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты "қолдану" үшін арнайы әзірленген модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      5Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5Е101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты "әзірлеу", "өндіру" немесе "қолдану" үшін жалпы техникалық ескертпелерге сәйкес "технологиялар";

      6-Санат "Бергiштер және лазерлер" деген кіші бөлімде:

      6А102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6А102 6А002-тармақ бойынша бақыланатындардан ерекшелiгi бар, ядролық әсер етуден (яғни электромагниттiк импульстерден (ЭМИ), рентгендiк сәулелерден, жарылыс пен жылудың құрамалы әсерiнен) қорғану үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған, 5 х 10 5 рад (кремний) дейiнгi және одан артық радиациялық жүктеме (доза) деңгейi кезiндегi жұмысқа арналып жасалған немесе соған қабiлеттi "реактивті снаряд" пайдалануға жарамды радиациялық-төзiмдi детекторлар (кремнийлi).

      Техникалық ескертпе:

      6A102-тармақта "детектор" қоршаған орта қысымының немесе температурасының өзгеруі, электрлік немесе электрмагниттік сигналдар немесе радиоактивті материал шығаратын сәулелер секілді ықпалдарды автоматты түрде сәйкестендіретін және жазатын немесе тіркейтін механикалық, электрлік, оптикалық немесе химиялық құрылғы ретінде белгіленеді. Мұнда әрекеті тек бір өлшеу өткізуге негізделген аспаптар кіреді.

      6А102 9030 10 000 0 (азаматтық авиациядан басқа)";

      6А108-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6А108 6А008-тармақ бойынша бақыланатыннан ерекшеленетін локациялық жүйелер және байқау жүйелері:

      а. 9А004-тармақта сипатталған тасымалдағыш зымырандарда немесе 9А104-тармақта сипатталған зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған РЛС және лазерлік локациялық жүйелер;

      Ескертпе: 6А108.а тармағы мынаны қамтиды:

      а. Контурлық картаға түсіруге арналған жабдық;

      b. Бейнелеу бергіштеріндегі жабдық;

      c. Жерді картаға түсіру және параллельдеу үшін (сандық және баламалы) жабдық;

      d. Доплерлік РЛС арналған жабдық.

      b. "Реактивті снарядтарда" қолданылуы мүмкін мыналар сияқты жоғары дәлдікті локациялық жүйелер:

      1. Нақты уақыт режимінде жағдайды және ұшу уақытында жылдамдықты анықтаудың мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жердегі немесе әуедегі деректерді навигациялық жүйелермен алынған деректерді бірлесіп пайдаланатын деректерді өңдейтін кіші жүйелері бар локациялық жүйелер;

      2. Мынадай барлық сипаттамалары бар оптикалық/инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін жабдықты қамтитын алыстан өлшейтін радарлық аппаратура:

      a. Бұрыштық шешімі 1,5 миллирадианнан (0,5 милс) жақсы;

      b. Қашықтығы 30 км және одан астам кеңістікті шешімі 10 м ОКА – дан жақсы;

      c. Жылдамдығы бойынша рұқсат 3 м/с-тен жақсы.

      Техникалық ескертпе:

      6А108.b тармағында "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км асатын толық зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      6A108 a. 8526 10 000 9

      6A108 b. 8526 10 000 9";

      6В108-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6В108 "Реактивті снарядтарда" және олардың кіші жүйелерінде пайдалану үшін жарамды 6В008-тармақта сипатталғаннан ерекшелiгi бар, көлденең қиылысуды өлшеуге арналған импульстiк локациялық жүйелер.

      Техникалық ескертпе:

      6В108-тармақта "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      6B108 8526 10 000 (азаматтық авиациядан басқа)";

      6D103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6D103 Ұшу аппаратының ұшудың барлық бағыты бойынша орнын айқындауға мүмкiндiк беретiн ұшудан кейiнгi мәлiметтердi өңдеу үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған "реактивті снарядтарға" арналған "бағдарламалық қамтамасыз ету".

      Техникалық ескертпе:

      6D103-тармақта "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      6D 8523";

      6Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6Е101 6А002, 6А007.b және с, 6А008, 6А102, 6А107, 6А108, 6B108, 6D102 немесе 6D103-тармақтарында көрсетілген жабдықты немесе "бағдарламалық қамтамасыз етуді" "қолдану" үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес "технологиялар".

      Ескертпе:

      6Е101-тармақ бойынша егер ол әуе қолданысы үшін әзірленген және "реактивті снарядтар" үшін қолданыла алатын болса, 6А008-тармағы бойынша бақыланатын жабдық үшін қажетті "технологиялар" ғана бақыланады.";

      7-Санат "Навигациялық жабдық және авиациялық электроника" деген кіші бөлікте:

      7A101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А101 Барлық төменде келтірілген сипаттамалары бар және олардың құрамдауыштары үшін арнайы белгіленген "реактивті снарядтарда" пайдаланатын инерциялы навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілерді бағыттау жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген 7А001-тармағында жазылғаннан басқа желілік жеделдету датчиктері:

      а. "қайталанушылық" "ығысу" 1250 микро g аз (жақсы); және

      b. "масштабты коэффициенттің" "қайталанушылығы" бір миллионға шаққанда 1250 үлестен аз (жақсы);

      Ескертпе: 7А101-тармақ төменгі ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдануға арналған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізетін датчиктер ретінде арнайы құрастырылған және құрылған акселерометрлерді бақыламайды.

      Техникалық ескертпелер.

      1. 7А101-тармақта "реактивті снаряд" 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      2. 7А101-тармақта "ығысу" шамалары және "масштабты коэффицент" тіркелген калибрленген шамаға қатысты бір жыл ішіндегі уақыт аралығында стандарттық ауытқушылыққа бір сигма сәйкес келеді".

      7A101 a. 9014 80 000 0

      7A101 b. 8803 90 900 0

      9032 89 000

      (азаматтық авиациядан басқа)

      9306 90";

      7А102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А102 Гироскоптардың барлық түрлері, 7А002-тармақта қаралғаннан басқа "реактивті снарядтарда" пайдалануы мүмкін және 1 g ықпалы жағдайында өлшенген сағатына 0,5 – тен аз (1 сигма немесе ОКА) "дрейф жылдамдығы" "тұрақтылығы" бар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.

      Техникалық ескертпелер.

      1. 7А102-тармақта "реактивті снаряд" 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      2. 7А102-тармақта "тұрақтылық" белгілі бір механизмнің қабілеттілік шарасы немесе тұрақты жұмыс жағдайларының (IEEE STD 528-2001, п. 2.247) ұзақ уақыт әсер етуі кезінде өзгеріссіз қалатын өнімділік коэффициенті ретінде белгіленеді.

      7A102 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)

      8803 90 900 0

      9306 90";

      7А103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А103 7А003-тармақта қаралатыннан басқа аппаратура, навигациялық жабдық және жүйелер, төменде келтірілген және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.

      а. Серпінді немесе мынадай жабдықтарды қамтитын акселерометлерді немесе гироскоптарды және жүйелерді пайдаланатын басқа да жабдық:

      1. 7A001.a.3., 7A001.b. немесе 7A101-тармақтарында сипатталған өлшегіштері немесе 7A002 немесе 7A102-тармақтарында сипатталған гироскоптар; немесе

      2. 7А001.а.1 немесе 7А001.а.2 тармақтарында сипатталған және мынадай төмендегі сипаттамалары бар акселерометрлер:

      а. "Инерциялылық навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілердің жүргізу жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген және "реактивті снарядтарда" пайдаланылатын";

      b. "ығысудың" "қайталанушылығы" 1250 микро g кем (жақсы); және

      с. "масштабты коэффициенттің" "қайталанушылығы" миллионнан 1250 үлеске кем (жақсы);

      Ескертпе:

      7А103.а-тармағы бойынша осындай акселерометрлер ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдану үшін тағайындалған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізу үшін датчик ретінде арнайы әзірленген және құрастырылған болып қаралғанда 7А001-тармақ бойынша бақыланатын акселерометрлерді қамтитын жабдық бақыланбайды.

      b. "Реактивті снарядтарда" қолдану үшін әзірленген және модификацияланған гиротұрақтандыру қондырғысын немесе автопилот жүйесін қоса алғандағы пилотажды аспаптардың кешенді жүйесі;

      с. "Реактивті снарядтарда" қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған және тең ықтималдық шеңбердің 200 м немесе одан кем навигациялық дәлдігін қамтамасыз етуге қабілетті "навигацияның кешенді жүйесі";

      Техникалық ескертпе:

      "Навигацияның кешенді жүйесі" әдетте мынадай құрамдауыштардан тұрады:

      1. Инерциялық өлшеу қондырғысы (мысалы, бағдардың тірек немесе бас жүйесі, инерциялық модуль немесе инерциялық навигациялық жүйе);

      2. Ұшу уақытында ереже және/немесе жылдамдық туралы деректерді, не кезең-кезеңімен, не ұшу уақытында үздіксіз (мысалы, спутниктік навигациялық қабылдағыш, радарлық биіктік өлшегіш және/немесе доплер радары) жаңарту үшін қолданылатын бірден бір сыртқы датчик; және

      3. Ықпалдасқан аппараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету.

      d. Ұшуды басқару және навигация жүйелерімен біріктіру үшін әзірленген және модификацияланған, мынадай сипаттамалары бар үш осьті магнитті курстық датчиктер және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар:

      1. Тангаждың (± 90 градус) және креннің (± 180 градус) осьтеріндегі ішкі иілу компенсациясы;

      2. Жергілікті магниттік өрісті ескере отырып ені ± 80 градус болғанда ОКА 0,5 градусынан жақсы (кем) азимут бойынша дәлдікті қамтамасыз ету қабілеті.

      Ескертпе:

      7А103.d тармағында көрсетілген ұшуды басқару жүйелері және навигациялық жүйелерге гиротұрақтандырғыштар, автоматтандырылған пилотаж жүйелері мен инерциялық навигациялық жүйелер кіреді.

      Техникалық ескертпе:

      7А103 тармағында "реактивті снаряд" зымыран жүйелерін және қашықтығы 300 шақырымнан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      7A103 a. 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)

      8803 90 900 0

      9014 80 000 0

      9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)

      9306 90

      7A103 b. 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)

      7A103 c. 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)

      9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)

      9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)

      9306 90";

      7А104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А104 Аспан денелерін немесе спутниктерді автоматты түрде бақылау арқылы орналасқан жерін немесе бағдарын айқындауды қамтамасыз ететін 7А004-тармақ бойынша бақыланатындардан басқа гироастрокомпастар мен басқа да қондырғылар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.

      7A104 9014 80 000 0";

      7А105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А105 Мынадай сипаттамалардың біріне ие және ол үшін арнайы әзірленген мынадай құрамдауыштар сияқты ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің қабылдау аппаратурасы (ҒНЖЖ, мысалы GPS, ГЛОНАСС немесе Галилео):

      а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында, 9А012-тармақ бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген және модификацияланған; немесе

      b. Әуеде қолдану үшін әзірленген және модификацияланған мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:

      1. 600 м/с жоғары жылдамдық кезінде навигациялық ақпаратты қабылдауды қамтамасыз ететін;

      2. ҒНЖЖ-мен қорғалған сигналдарға/деректерге рұқсат алу үшін, әскери және үкіметтік мақсат үшін әзірленген немесе модификацияланған шифрлауды қолданылатын; немесе

      3. Қоршаған ортада активті немесе пассивті радиоөшіргіштің қызмет етуіне кедергіге қарсы (мысалы, реттелмейтін антенна немесе электроникамен реттелетін антенна) ерекшеліктерді қолдану үшін арнайы әзірленген.

      Ескертпе:

      7A105.b.2 және 7A105.b.3-тармақтары бойынша коммерциялық, азаматтық немесе "қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған" (мысалы, деректер тұтастығы, ұшу қауіпсіздігі) ҒНЖЖ үшін әзірленген жабдықтар бақыланбайды.

      7A105 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)

      9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)";

      "9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшiн әзiрленген немесе модификацияланған, белгілі бiр электромагниттiк көздерді (орналасқан жерiн айқындайтын жабдық) немесе жердiң сипаттамасын торуылға алуға арналған пассивтiк бергіштер" деген 7А115-бөлік ескертпесінің а. абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "a. Контурлық картаға түсіру жабдығы;";

      7А116-бөліктің "9А004-тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған ұшуды басқару жүйелерi және сервоклапандар": а, b, с абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "a. Ұшуды басқарудың гидравликалық, механикалық, электроптикалық немесе электрмеханикалық жүйелері (ұшуды басқарудың электрлі жүйесін қоса алғанда);

      b. Кеңістіктегі жағдайды басқару жүйесі;

      c. 7A116.a немесе 7A116.b көрсетілген жүйелер үшін әзірленген және модификацияланған және 20 Гц мен 2 кГц арасындағы диапазонда 10 g орта квадраттан артық діріл жағдайында жұмыс істеу үшін әзірленген және модификацияланған ұшуды басқару сервоқозғалтқыштың қақпақтары.";

      7А117-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7А117 "Реактивті снарядтарда" қолданылатын және жүйелердiң диапазонына қарағанда жүйенің 3,33 % немесе одан кем дәлдігіне қол жеткiзуге қабiлеттi "жүргiзу жүйелерi" (мысалы, "СЕР" 10 шақырым немесе 300 шақырым диапазонда аз).

      7A117 8586 92 000 9

      9014 20 800

      9306 90";

      7B103-бөліктің "Мынадай "Өндiрiстiк қуаттар" және "өндiрiстiк жабдықтар:": деген а, b абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "а. 7A117-тармақта сипатталған жабдықтар үшін арнайы әзірленген "Өндірістік қуаттар";

      b. "Өндірістік жабдық" және басқа да сынау, калибрлеу жабдығы, сонымен қатар 7А. сипатталған жабдықпен бірге қолдану үшін жобаланған және модификацияланған 7В001-7В003-тармақтарда көрсетілгеннен ерекшеленетін ысылуын тексеруге арналған жабдық.";

      7D102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7D102 Мыналар сияқты интегралдық "бағдарламалық қамтамасыз ету":

      a. 7A103.b тармағында сипатталған жабдықтар үшін интегралдық "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      b. 7A003 немесе 7А103.а тармақтарында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген интегралдық "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      c. 7А103.с тармағында сипатталған жабдықтар үшін әзірленген және модификацияланған интегралдық "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      Ескертпе:

      Әдетте интегралдық "бағдарламалық қамтамасыз етуде" Калман сүзгісінің негізіндегі алгоритмдер қолданылады.";

      7D103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7D103 7A117-тармақта сипатталған "командаларды пысықтау аспаптарын" модельдеу немесе имитациялау үшін 9A004-тармақ бойынша бақыланатын тасымалдағыш зымырандарға немесе 9A104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарға интеграциялау үшін арнайы әзірленген "бағдарламалық қамтамасыз ету".

      Ескертпе:

      7D103-тармақта сипатталған "бағдарламалық қамтамасыз ету" ол 4А102-тармақта сипатталған арнайы әзiрленген жабдықпен бiрiккен жағдайда да бақыланады.

      7D 8523";

      7Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7Е101 7А001-7А006, 7А101-7А106, 7А115-7А117, 7В001, 7В002, 7В003, 7В102, 7В103, 7D101-7D103-тармақтарға сәйкес бақыланатын жабдықтарды "қолдану" үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес "технологиялар";

      7Е104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7Е104 Зымырандық жүйенің траекториясын оңтайландыру үшін ұшуды, жүргізуді, бақылаудың деректерін және ұшуды басқару жүйесiндегі мәліметтер қозғалысы туралы мәлiметтерді интеграциялау "технологиялары";

      "9 – Санат Қозғалтқыш қондырғылары, ғарыштық аппараттар және ілестірмелі жабдық" деген кіші бөлімде:

      9A012-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9A012 "Пилотсыз ұшу аппараттары" ("ПҰА"), пилотсыз "ауадан да жеңіл ұшу аппараттары", оларға байланысты жүйелер, жабдық және құрамдауыштар, атап айтқанда:

      a. Барлық мынадай сипаттамалары бар "ПҰА" немесе пилотсыз "ауадан да жеңіл ұшу аппараттары":

      1. Ұшуды автономдық басқару және навигацияның борттық құралдары (мысалы, инерциялық навигациялық жүйесі бар автопилот); немесе

      2. Оператор үшін тура көріну шегінен тыс ұшуды басқару мүмкіндігі (мысалы, қашықтықтан телевизиялық басқару);

      b. Өзара байланысты жүйелер, жабдық және құрамдауыштар, атап айтқанда:

      1. 9A012 а тармағында көрсетілген "Пилотсыз ұшу аппараттарын" ("ПҰА") немесе пилотсыз "ауадан да жеңіл ұшу аппараттарын" қашықтықтан басқару үшін арнайы әзірленген жабдық;

      2. 7-санатта айқындалғандардан басқа жүргізудің, бағдарлаудың, дәлдеудің немесе басқарудың 9A012 a тармағы бойынша бақыланатын ПҰА немесе "ауадан да жеңіл пилотсыз ұшу аппараттарын" интеграциялау үшін арнайы арналған өзге жүйелер;

      3. 9A012 a тармағы бойынша бақыланатын (ПҰА) немесе ұшқышсыз "ауадан да жеңіл ұшу аппараттарында" басқарылатын ұшу аппаратын қайта құру үшін арнайы әзірленген жабдық пен құрамдауыштар;

      4. 50,000 футтан (15240 метр) астам биіктікте "Пилотсыз ұшу аппараттары" (ПҰА) немесе пилотсыз "ауадан да жеңіл ұшу аппараттары" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған әуе-реактивтік роторлы немесе поршеньді іштен жану қозғалтқыштары.

      Ескертпе: 9A012-тармағы бойынша ұшу аппараттарының модельдеріне немесе "ауадан да жеңіл ұшу аппараттарының" модельдеріне қолданылмайды.

      9A012 8802 20 000

      8802 30 000

      8802 40 00

      9306 90";

      9А101-бөліктің "9А001 тармағы бойынша бақыланатындардан басқа, "ракеталарда" қолдану мүмкіндігі бар салмағы жеңілдетілген турбореактивті және турбожелдеткішті қозғағыштар, олар мынадай:" деген b тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "b. 9А012. тармағы бойынша бақыланатын, "реактивтік снарядтарда" немесе пилотсыз ұшу аппараттарында қолдануға арналған арнайы құрастырылған немесе модификацияланған қозғалтқыштар.";

      мынадай мазмұндағы 9А102-бөлікпен толықтырылсын:

      "9А102 9А012-тармақта айқындалған пилотсыз ұшатындар үшін арнайы әзірленген және олар үшін арнайы әзірленген, "ең жоғарғы қуаты" 10 кВт астам "Турбовинтті қозғалтқыштар":

      Ескертпе: 9А102-тармағы бойынша азаматтық қолдану үшін сертификатталған қозғалтқыштар бақылауға жатпайды.

      Техникалық ескертпелер.

      1. 9А102-тармақтың мақсаттары үшін "турбовинтті қозғалтқыш" мынадай сипаттамалардың барлығын қамтиды:

      a. Газтурбиналы қозғалтқыш; және

      b. Энергияны әуе винтіне беруге арналған трансмиссия.

      2. 9А102-тармақтың мақсаттары үшін "ең жоғарғы қуатқа" теңіз деңгейіндегі стандартты жағдайлар кезінде стендте қол жеткізіледі.";

      9А105-бөліктің "Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн ракета қозғағыштары, мыналар секiлдi:" деген а және b тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "а. 9А005-тармақта көрсетiлгеннен басқа, 1.1 МНс-қа тең немесе одан астам жиынтық импульсi бар "реактивті снарядтарда" пайдаланылатын, сұйық отынмен жұмыс iстейтiн зымыран қозғалтқыштары;

      b. 9А005 немесе 9А105.а тармақтарында айқындалғаннан басқа, 0. МНс-қа тең немесе одан астам жиынтық импульсi бар күрделi зымыран жүйелерінде немесе пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын, ұзақтығы 300 км болатын сұйық отынмен жұмыс iстейтiн зымыран құрамдауыштар.";

      9А106-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А106 9А006-тармағы бойынша бақыланатындардан ерекшеленетін, сұйық отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштарының жүйелері үшін арнайы әзірленген, мыналар сияқты жүйелер немесе құрамдауыштар:

      а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық ұшу аппараттарында "реактивтік снарядтарда" немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда пайдаланылатын абляциялық төсемдер немесе тарту және жанып кету камераларына арналған қаптама;

      b. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын "реактивті снарядтарда" ғарыштық ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда пайдаланылатын зымыран шүмектері;

      c. "Реактивті снарядтарда" пайдаланылатын тарту бағытын басқаратын кіші жүйелері.

      Техникалық ескертпе:

      9А106.c тармағына жататын тарту бағытын басқару әдістерінің мысалдары:

      1. Иілмелі шүмек;

      2. Қайталама сұйықтықтың немесе газдың инжекциясы;

      3. Жылжымалы қозғалтқыш немесе шүмек;

      4. Пайдаланылған газ (қалақтар немесе саптамалар) ағынының ауытқуы; немесе

      5. Тартқыштың триммерлері.

      d. Сұйық зымыран отынының және гидроқоспалардың (шламдардың) (қышқылдарды қоса алғанда) сапасын бақылау жүйелерi және олар үшiн арнайы әзiрленген, 20 Гц-ден 2000 Гц-ге дейiнгi диапазондағы 10 g-тен көп тербелiс жағдайларындағы жұмыстар үшiн белгіленген немесе модификацияланған "реактивті снарядтарда" пайдаланылатын құрамдауыштар.

      Ескертпе: 9А106.d тармағы мынадай сервоклапандар мен сорғыларды ғана бақылайды:

      а. 100 мс-дан кем жетекті келтiретiн позицияланған уақыты бар 7 МПа-ға тең және одан асатын абсолюттiк қысым кезiнде минутына 24 литр немесе одан асатын тасқынды жылдамдық үшін арналған сервомотордың қақпақтары;

      b. Білік айналымының жылдамдығы минутына 8000 айналымнан асатын немесе босату қысымы 7 МПа тең немесе одан астам сұйық зымыран отынына арналған сорғылар.

      9A106 a. 8412 90 200 0

      8803 90 900 0

      9306 90

      9A106 b. 9306 90

      8803 90 900 0

      9A106 c. 8412 90 200 0

      9A106 d, a 8481 10 990

      9026 90 000 9

      9032 81 000 9

      9A106 d, b 8413 19 000 0

      8413 30 200 9

      8413 30 800 9";

      9А108-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А108 9А008-тармақта көрсетілгеннен басқа, қатты отындағы зымыран қондырғыларының қозғалтқыштары үшін арнайы әзiрленген құрамдауыштар, олар мынадай:

      а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық ұшу аппараттарында немесе 9А104 тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтардағы "реактивті снарядтарда" пайдаланылатын зымыран қозғалтқыштарының корпусы және оларға арналған "оқшаулағыш" элементтері;

      b. 9А004-тармағы бойынша бақыланатын "реактивті снарядтарда" ғарыштық ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда пайдаланылатын зымыран шүмектері;

      c. "Реактивті снарядтарда" пайдаланылатын тарту бағытын басқаратын кіші жүйелер.

      Техникалық ескертпе:

      9А106.c тармағына жататын тарту бағытын басқару әдістерінің мысалдары:

      1. Иілмелі шүмек;

      2. Қайталама сұйықтың немесе газдың инжекциясы;

      3. Жылжымалы қозғалтқыш немесе шүмек;

      4. Пайдаланылған газ ауытқуы (қалақтар немесе саптамалар) ағынының ауытқуы; немесе

      5. Тартқыштың триммерлері.

      9A108 a, b, c. 8412 90 200 0

      8803 90 900 0

      9306 90

      8412 90 200 0";

      9А109-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А109 Гибридтi зымыран қозғалтқыштары және олар үшiн арнайы әзiрленген құрамдауыштар, атап айтқанда:

      a. Жиынтық импульсі 0,841 МНс және одан астам, 9А009-тармақта айқындалғандардан басқа, сондай-ақ олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар, қашықтығы 30 км болатын аяқталған зымыран жүйелерінде немесе пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын гибридтік зымыран қозғалтқышы;

      b. 9A009-тармақта көрсетілген, "реактивті снарядтарда" пайдаланылатын гибридті зымырандар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.

      Ерекше ескертпе: Сондай-ақ 9A009 және 9A119 қараңыз.

      9A109 8412 10 000

      8412 90 200 0";

      9А110-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А110 9А010-тармағында айқындалғаннан басқа, "реактивті снарядтарда" немесе оларға арналған 9А005, 9А007, 9А105.а, 9А106 с., 9А107, 9А108, 9А116 немесе 9А119-тармақтар бойынша бақыланатын кіші жүйелерде пайдалану үшін арналған белгіленген композиттік құрылымдар, қатпарлы құрылымның материалдары және олардан жасалған бұйымдар.

      Ерекше ескертпе: сондай-ақ 1А002 қараңыз.

      Техникалық ескертпе:

      9А110-тармақта "реактивті снаряд" 300 км қашықтықтан асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді".

      9A110 2804 50 100 0

      2818 20 000 0

      3801

      3926 90 970 5

      6815 99 000

      6903 10 000 0

      8108 90 600 (азаматтық авиацияда

      пайдаланылатындардан басқа)

      8102 95 000 0

      8108 90 300

      8108 90 600 (азаматтық авиацияда

      пайдаланылатындардан басқа)

      7019 39 000";

      9А111-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А111 9А012-тармақ бойынша бақыланатын "реактивті снарядтарда" немесе пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарында пайдаланылатын импульсті турбореактивті қозғалтқыштар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.

      Ерекше ескертпе: сондай-ақ 9А011 және 9А118 қараңыз.

      9A111 8412 10 000 9";

      "Ұшыру үшiн iлеспе жабдық, ол мынадай:": деген 9А115-бөліктің а, b тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "a. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары, 9А012-тармағы бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттары немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтар үшін әзірленген және модификацияланған аппаратура немесе дайындауға, бақылауға, жандандыруға немесе ұшыруға арналған аспаптар;

      b. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтар үшін әзірленген және модификацияланған тасымалдау, дайындауға, бақылауға, жандандыруға немесе ұшыруға арналған құралдар";

      9А116-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А116 "Реактивті снарядтарда" пайдаланылатын түсіру аппаратты, олар үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған жабдық, олар мынадай:

      а. Түсіру аппараттары;

      b. Жылу сақтайтын экрандар және олар үшін қыштан немесе абляциялық материалдардан жасалған құрамдауыштар;

      с. Радиаторлар және олар үшін жылу сыйымдылығы жоғары жеңiл материалдардан жасалған құрамдауыштар;

      d. Қайтарылатын аппараттарына арнайы арналған электрондық жабдық.

      9А116 а. 8803 90 900 0

      9306 90

      9A116 b. 8803 90 900 0

      9306 90

      9А116 с. 8803 90 900 0

      9306 90

      9A116 d. 9014 20 800

      9306 90

      8541 10 000 9";

      9А117-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А117 "Реактивті снарядтарда" пайдаланылатын баспалдақтарды бiрiктiруге, ажыратуға және өзара іс-қимыл жасауға арналған тетiктер.

      9A117 8803 90 900 0

      9306 90";

      9А118-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А118 "Реактивті снарядтарда" немесе 9А012, 9А011 немесе 9А111-тармақтары бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын қозғалтқыштардағы жану процесін реттейтін қондырғы".

      9A118 8412 90 800 0";

      9А119-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9А119 9А005, 9А007, 9А009, 9А105, 9А107 және 9А109-тармақтарында көрсетілгеннен басқа, арақашықтығы 300 км болатын толық зымыран жүйелерінде немесе пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын зымыран сатылары.

      9А119 8803 90

      9306 90";

      мынадай мазмұндағы 9А120-бөлікпен толықтырылсын:

      "9А120 1С111-тармақта айқындалған зымыранның сұйық отыны немесе салмағы кемінде 500 кг жүкті кемінде 300 шақырым қашықтыққа жеткізуге қабілетті зымыран жүйелерінде "Зымыранның сұйық отынына" арналған бактар.

      Ескертпе. 9А120-тармақта "зымыран отынының басқа сұйықтығы" Әскери мақсаттағы өнім тізімінде көрсетілген отынның өзге де түрлерінің қатарына қосылады.";

      9В009-бөліктен кейін мынадай мазмұндағы 9В010-бөлікпен толықтырылсын:

      "9B010 "ПҰА" және өзара байланысқан жүйелердің, 9A012-тармақта айқындалған жабдықтың және құрамдауыштардың өндірісі үшін арнайы әзірленген жабдық.";

      9В105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9В105 "Реактивті снарядтар" және олардың кіші жүйелері үшін қолданылатын ағын жылдамдығы 0,9 М және одан жоғары аэродинамикалық құбырлар.

      Ерекше ескертпе: сондай-ақ 9В005 қараңыз.

      Техникалық ескертпе.

      9В105-тармақта "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км астам зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      9В105 9031 20 000 0";

      9B106-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9В106 Қоршаған ортаны модельдеу камералары және сурдокамералар, олар мыналар сияқты:

      а. Ұшудың мынадай жағдайларын модельдеуге қабiлеттi қоршаған ортаны модельдеу камералары:

      1. Мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:

      а. Биіктігі 15 км және одан астам; немесе

      b. Температура диапазоны 223 К (-50oС) – ден 398 К (+125oС) – ге дейiн

      2. 5 кН немесе одан көп күш түсіретін 20 Гцден 2 Гц – ге дейiнгi диапазонда "таза үстел режимінде" 10 g КҚС – ге тең немесе одан астам вибрациялық жағдайларды жасау үшін виброқабырғамен немесе басқа вибрациялық сынақ жабдығымен жарықтандыру үшін жарақтандырылған немесе "әзірленген немесе модификацияланған".

      b. Ұшудың мынадай жағдайларын модельдеуге қабiлеттi қоршаған ортаны модельдеу камералары:

      1. Дыбыс қысымының жиынтық деңгейiне 140 децибел немесе одан асатын (20 ТПа-ға қатысты) немесе жалпы есептiк акустикалық қуаты 4 кW немесе одан жоғары акустикалық қорғау; және

      2. Биiктiктi 15 км және одан астам; немесе

      3. Температура диапазоны – 223 К (-50oС) – дан 398 К (+125oС) – ге дейiн.

      Техникалық ескертпелер.

      1. 9В106.а. 2) тармақшасында бір толқынмен вибрация талаптарын генерациялауға қабілетті жүйелер (мысалы, гармоникалық толқын) және кең жолақты кездейсоқ вибрацияны (мысалы, қуат спектрі) генерациялауға қабілетті жүйелер сипатталған.

      2. 9В106.а. 2) тармақшасында "белгіленген немесе модификацияланған" қоршаған ортаны модельдеу камералары 2В116 – тармақта көрсетілгендей вибростендпен немесе өзге де вибрациялық жабдықпен жабдықтау үшін тиісті біріктіруші құралдармен (мысалы, арматурамен) жабдықталғанын білдіреді.

      3. 9В106.а. 2-тармағына қатысты "таза үстел" жалпақ үстелді немесе бекіткіш немесе жігі жоқ үстіңгі қабатты білдіреді.

      9B106 a. 9031 20 000 0

      9B106 b. 9031 20 000 0";

      9B115-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9В115 9А005 – 9А009, 9А011, 9А101, 9А102, 9А105 – 9А109, 9А111, 9А116 – 9А120-тармақтар бойынша бақыланатын жүйелер, кіші жүйелер және бөлшектер үшін арнайы жобаланған "өндірістік жабдық".

      9B115 9031 20 000 0";

      9B116-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9В116 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары үшін немесе 9А005 – 9А009, 9А011, 9А101, 9А104 – 9А109, 9А111, немесе 9А116 – 9А120-тармақтары бойынша бақыланатын жүйелер, кіші жүйелер және құрамдауыштар үшін немесе "реактивті снарядтар" үшін арнайы жобаланған "өндірістік қуаттар".

      Техникалық ескертпе:

      9В116-тармақта "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.

      9B116 8805 10";

      "Қатты отынды немесе сұйық отын пайдаланатын ракета қозғағыштарына арналған сынау станоктары мен стендтерi, мынадай сипаттамалардың бiреуiн иеленедi:" деген 9В117 бөліктің a) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а. 68 кН-нан жоғары тарту күшi бар сынауға қабiлеттi қозғалтқыштар; немесе".;

      мынадай мазмұндағы 9C108-бөлікпен толықтырылсын:

      "9С108 "Реактивті снарядтар" үшін қолданылатын зымыран қозғалтқыштарының корпустары үшін немесе "реактивті снарядтар" үшін арнайы әзірленген 9А008-тармақта сипатталғаннан басқа "ішкі кескін" және "оқшаулау" материалдары.

      Техникалық ескертпе.

      9С108-тармақта "реактивті снаряд" қашықтығы 300 км астам зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.";

      "Басқа "бағдарламалық қамтамасыз ету", олар мынадай:": деген 9D004 бөлік мынадай мазмұндағы e, f, g абзацтарымен толықтырылсын:

      "e. 9A012-тармақта айқындалған "пилотсыз ұшу аппараттарын" және өзара байланысқан жүйелерді, жабдықты және құрамдауыштарды пайдалану үшін арнайы әзірленген "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      f. Қалақтардағы, қанаттардағы немесе газ турбина қозғалтқышының "бандажындағы" ішкі салқындату арналарын әзірлеу үшін арнайы белгіленген "бағдарламалық қамтамасыз ету";

      g. Мынадай барлық сипаттамалары бар "бағдарламалық қамтамасыз ету":

      1. Авиациялық газ турбина қозғалтқыштарындағы аэротермиялық, аэромеханикалық сипаттамаларын және жану шарттарын болжау үшін арнайы әзірленген; және

      2. Шынайы газ турбина қозғалтқыштарының (эксперименттік немесе сериялық) пайдалану сипаттамалары бойынша теориялық, модельдік, тестіленген негізде аэротермиялық, газ динамикалық сипаттамаларды және жану шарттарын болжау мүмкіндігі бар.";

      9D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9D101 9В105, 9B106, 9B116 немесе 9B117-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды "пайдалану" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету.";

      9D104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9D104 9А001, 9A005, 9A006.d., 9A006.g., 9A007.a, 9A008.d., 9A009.а, 9A010.d., 9A011, 9A101, 9A102, 9A105, 9A106.с., 9A106.d., 9A107, 9A108.C., 9A109, 9A111, 9A115.a, 9A116.d., 9A117 немесе 9A118-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды "қолдану" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған "бағдарламалық қамтамасыз ету.";

      9D105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9D105 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондттарда "пайдалану" үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған бір кіші жүйеден астам функцияларды үйлестіруге арналған "бағдарламалық қамтамасыз ету".

      9D 8523";

      "Басқа "технологиялар", мыналар секiлдi:" деген 9Е003-бөлік мынадай мазмұндағы h және і абзацтарымен толықтырылсын:

      "h. Газтурбиналық қозғалтқыштардың "FADEC жүйелеріне" арналған "технология", атап айтқанда:

      1. Қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін "FADEC жүйелері" үшін қажетті құрамдауыштарға функционалдық талаптарды белгілеу үшін "әзірлеу" "технологиясы" (мысалы, уақытша константалар және кері байланысы бар бергіштің дәлдігі, отын арнасының қалпын түзету жылдамдығы);

      2. "FADEC жүйелерінде" ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын бақылау және диагностикалау құрамдауыштарын "әзірлеу" немесе "өндіру" "технологиялары";

      3. "FADEC жүйелерінде" ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын "бастапқы кодты" қоса алғанда, басқару алгоритмдерін "әзірлеу" "технологиялары";

      Ескертпе: 9E003.h тармағы авиажелілерді көпшілік пайдалану үшін жариялануы тиіс азаматтық авиация саласындағы сертификаттау органдарының талаптарына сәйкес ұшаққа қозғалтқышты орнатуға жататын техникалық мәліметтерге (мысалы, орнату жөніндегі нұсқаулық, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулық) немесе интерфейс функцияларына (мысалы, кіріс/шығыс деректерді өңдеу, қорапқа немесе білік қуатына түсетін осьтік жүктемеге қойылатын талаптар, планердің тартуының немесе біліктегі қуаттың тапсырмасы) қолданылмайды.

      i. Газ генераторлық турбиналардың, желдеткіштер турбиналарының, тарту турбиналарының немесе реактивтік шүмектердің қозғалтқыштарының жұмысының тұрақтылығын қолдау үшін арналған ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерге арналған "технологиялар", атап айтқанда:

      1. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты құрамдауыштарға функционалдық талаптар қоюды "әзірлеу" "технологиялары";

      2. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын қозғалтқыштарды "әзірлеу" немесе "өндіру" "технологиялары";

      3. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын "бастапқы кодты" қоса алғанда, басқару алгоритмдерін "әзірлеу" "технологиялары".

      Ескертпе: 9E003i-тармағы мына атаулардың кез келгенін:

      a. Кіріс бағыттауыш аппараттың қалақтарын;

      b. Өзгермелі адымы бар желдеткіштерді немесе бұрама желдеткіштерді;

      c. Компрессордың реттелетін кіріс бағыттауыш аппаратының қалақтарын;

      d. Компрессордың қайта қосу клапандарын; немесе

      e. Кері тарту үшін ағынның реттелетін бағыты бар арналар геометриясын "әзірлеу" немесе "өндіру" "технологияларына" қолданылмайды";

      9E101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9Е101

      a. 9А101, 9А104 – тен 9А111-ге дейiнгi немесе 9А115 – тен 9А119 – ға дейiнгi тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды "әзiрлеуге" немесе "өндiруге" арналған жалпы технологиялық ескертуге сәйкес "технологиялар".

      b. 9А012-тармақ бойынша бақыланатын "ПҰА" немесе 9A101, 9A102, 9A104 – 9A111 немесе 9A115 – 9A119-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды "өндіру" үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес "технологиялар.

      Техникалық ескертпе:

      9Е101.b тармағында "ПҰА" – қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.";

      9Е102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9Е102 9А004-тармағы бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарын немесе 9А005 – 9А011-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды, 9А012-тармағы бойынша бақыланатын "ПҰА" немесе 9А101, 9А102, 9А104 – 9А111, 9А115 – 9А119, 9B105, 9B106, 9B115, 9B116, 9B117, 9D101 немесе 9D103-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды "қолдану" үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес "технологиялар".

      Техникалық ескертпе.

      9Е102-тармақта "ПҰА" – қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.";

      "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" деген бөлімде:

      "жалпы химиялық ескерту" деген кіші бөлімде:

      ML1-тармағы мынадай мазмұндағы (c) тармақшасымен толықтырылсын:

      "(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери атыс қарулары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады