Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1375 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерістер
енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар)
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес,
Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын өзге халықаралық шарттарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталатын, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.»;
2) Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын:
«Қазақстан тарапы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесімен белгіленеді.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына жеткізілген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.»;
3) Келісім мынадай мазмұндағы 61-баппен толықтырылсын:
«61-бап
Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 2-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынады. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 3-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салуды қамтамасыз етеді. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін көрсетілген мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында белгіленген кедендік әкету мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгілеуді қамтамасыз етеді.»;
4) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісім 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Осы Келісімнің қолданысын ұзарту туралы шешім осы Келісімге хаттамалармен ресімделеді.»;
5) Келісімге қосымшаға «1» реттік нөмірі берілсін;
6) Келісім мынадай мазмұндағы 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын:
«2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясының Үкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
2-ҚОСЫМША
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым
салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* коды |
Позицияның атауы |
2710 19 480 – 2710 19 680 |
ауыр дистилляттар |
2710 19 510 1 |
мазуттар |
2710 91 000 0 |
өңделген мұнай өнімдері |
2712 |
вазелин және парафиндер |
2710 19 710 0 |
жағар майлар, өзге майлар |
2902 20 000 0 |
бензол |
2902 30 000 0 |
толуол |
2902 41 000 0 – 2902 44 000 0 |
ксилолдар |
2713 20 000 0 |
мұнайлық битум |
2713 90 900 0 |
мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған, битуминозды жыныстардан алынған (жылына 280 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мұнайлық гудроннан басқа) өзге қалдықтар |
____________________________
* Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады.
Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясының Үкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* коды |
Позицияның атауы |
2710 12 110 0 - 2710 12 250 |
тура айдалатын бензиндер |
2710 12 900 1 |
пропиленнің тримерлері мен тетрамерлері |
2710 12 310 0 |
жеңіл дистилляттар; |
2710 12 410 0 - 2710 12 590 0, |
тауарлық бензиндер |
2710 19 820 0 |
мотор майлары |
2710 19 860 0 |
ақшырайлы майлар |
2710 19 880 0 |
тегершік үшін майлар |
2710 19 840 0 |
гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтар |
2710 19 940 0 |
электр изоляциялық майлар |
____________________________
* Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады.
Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.
2-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің осы Хаттама арқылы өзгертілетін ережелері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады.
2013 жылғы « » желтоқсанда қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Қазақстан Республикасының |
Ресей Федерациясының |