2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1375 «2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай
өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулына
БАСПАСӨЗ – ПАРАҒЫ.
Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының X Форумы шеңберінде Ресей жағы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 86-V Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) және Қарсы мұнай беру әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) қолданылу мерзімін 2014 жылғы 31 желтосанға дейін ұзартуды, сондай-ақ ашық түсті мұнай өнімдеріне (жоғары октанды бензиндерге, авиакеросинге, дизель отынына) қойылатын экспорттық кедендік баждардың (ЭКБ) деңгейін ресейлік ЭКБ деңгейіне дейін теңестіруді ұсынды.
Келісімге қол қою Қазақстан Республикасының қарсы мұнай беру жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған міндеттемелерін орындау мақсатында Ресей Федерациясы үшін қажет.
Ашық түсті мұнай өнімдеріне ЭКБ қазақстандық мөлшерлемелерін ресейлік ЭКБ мөлшерлемелерінің деңгейіне дейін теңестіруді Ресей жағы ресейлік мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан кері экспортталуын болдырмау мақсатында ұсынған болатын.
Қаулды іске асыру жағымсыз әулеметтік –экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрлігі