Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1384 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісім бойынша),»;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,»;
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,»;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2015 № 27 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады