Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысы.

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 13 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектенов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;

      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.02.2024 № 115 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.11.2017 № 744 қаулысымен.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 27 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 85 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1384 қаулысының 1-тармағының 2-тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады