Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» ҚазақстанP131392_.htm Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжат;
5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);
7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;
8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;
9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;
10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;
11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
12) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
13) орындалған түрлендірулердің мәртебесі;
Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынуы тиіс.
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді ресімдейді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
5) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
6) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
8-2. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;
5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, дана сертификатының көшірмесі;
6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);
7) Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі орналасқан жеріне дейін ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулар мен істен шыққан жерлердің тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде).
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуе кемесінің нақты түріне арналған ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасын қолданады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық байқап тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен сертификаттық байқап тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқау материалын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
11. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланушы құжаттамасын көрсетеді.
12. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасайды.
Сертификаттық байқап тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін күні мен ескертулерді жою жөніндегі жауапты адамдарды көрсете отырып, түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен сәттен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтата тұру және кері қайтарып алу
13-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) әуе кемесі ұшуға жарамды күйде ұсталмайды;
2) авариялық-құтқару жабдығында ақау бар;
3) ұшуға жарамдылық сертификатының қолданыс мерзімі өтіп кеткен;
4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес орындалмайды.
13-3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификаты қолданысының тоқтатыла тұру себебін көрсетеді.
Ұшуға жарамдылық сертификаты тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ол кері қайтарып алынады.
13-4. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оны қалпына келтіруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді пайдаланушы жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жойылған сәйкессіздіктер бойынша қосымша тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
13-5. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.
13-6. Ұшуға жарамдылық сертификаты кері қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.»;
осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, жиырма сегізінші, отыз алтыншы, елу бірінші, елу екінші абзацтарын және 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, жиырма тоғызыншы, отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
1-қосымша
ӨТІНІШ
1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «___» ________ № _____ болып
енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді
және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі ______________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты _______________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі ____________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _________________________________________
Дайындаушының атауы _________________________________________________
Дайындаушы мемлекет _________________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берілген күні ______
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон: __________________ Факс: ___________________________________
Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса) _________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны ______________________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жері _______________________________
4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы
_____________________________________________________________________
5. Әуе кемесінің ұшуы _________________________________________
- пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағ. ______ қонуы _______ жыл
- соңғы жөндеуден кейін: __________ сағ. ________ қонуы _________ жыл
6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл
7. Салмағы, кг _______________. Орталықтау, % САХ _____________
8. Әуе кемесіне түзету, өзгерту жұмыстарын жүргізген ұйым _____
9. Пайдаланудың техникалық деректеріне енгізілген, жүргізілген
жетілдірудің нәтижесі болған өзгерістер көрсетілсін (егер орын алса):
ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау: ___________________________________
техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау: ______________________________
техникалық қызмет көрсету регламенті: _______________________________
10. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат: ___
11. Әуе кемесі ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.
12. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша
деректері.
13. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS)
рұқсаты бойынша деректер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Пайдаланушының бірінші басшысы
______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» ________________
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға
жарамдылығын айқындау
АКТІСІ
Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға ______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
200__ ж. «___» __________________________ техникалық тексеру жүргізді
(әуе кемесінің үлгісі және мақсаты)
мемлекеттік және тіркеу белгілері _______________ сериялық (зауыттық)
нөмірі ______________________________________________________________
1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК-нің зауыттан шығарылған күні |
|
Белгіленген ресурс |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Пайдалану басталғаннан бері ұшуы |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Жөндеу саны |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Соңғы жөндеу жүргізілген күн мен орын, АЖЗ |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
Жөндеуаралық ресурс |
_____ сағ ____ қонуы ____ жыл |
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз _________________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз ______________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері туралы мәліметтер: __________
Қозғалтқыш/әуе винті |
1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО |
Зауыттық нөмірі |
|
Пайдаланудан бері жұмысы (сағат) |
|
Соңғы жөндеу күні |
|
Соңғы жөндеуден кейінгі жұмысы |
|
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) |
|
Жөндеулер саны |
|
5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған,
(ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны)
ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________
(күні)
6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________
7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____
8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы үлгідегі әуе
кемесінің барлық пысықтаулары орындалды;
бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері
жоқ.
9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________
10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға
жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзімін
ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _________________
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.
11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының
азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның
ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар
бойынша ұшуға)
Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол
пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы
бар және ол пайдалануға жарамсыз».
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
3-қосымша
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудың
ҮЛГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы мәліметтер
Әуе кемесі: борттық № ___________________ сериялық нөмірі ___________
Ұшуға жарамдылық сертификаты ________________________________________
(кім берген, қолданылу мерзімі)
ӘК пайдаланушы/өтініш беруші ________________________________________
ұйым атауы
ӘК-ті білдіретін тұлға ______________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Тексеру күні (к/а/ж) ________________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, тексеру үшін негіздеме: ___________
_____________________________________________________________________
Тексеру орны ________________________________________________________
2. Планер
Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қызметтің белгіленген мерзімі: |
жыл |
қызметтің жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): |
жыл |
||
Белгіленген ресурс: |
ұшу сағаттары |
жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): |
ұшу сағаттары |
||
қону |
қону |
ӘК шығарылған/пайдаланыла басталған күні (с/а/ж) |
соңғы жөндеу мерзімі (с/а/ж) |
күрделі жөндеулер саны: |
Атқарылған жұмысы |
ПББ _________ ұшу сағаттары |
|||
қонулар |
|||
СЖК _________ ұшу сағаттары |
|||
қонулар |
Соңғы мерзімді ТҚ күні (с/а/ж) |
ТҚ түрі: |
кім орындады: |
соңғы ұшу мерзімі (с/а/ж) |
мерзімді ТҚ соңғы түрінен кейінгі атқарым: |
ұшу сағаттары қонулар |
3. Күш құрылғысы
Жалпы мәліметтер
Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қозғалтқыштар |
1-қозғалтқыш |
2-қозғалтқыш |
3-қозғалтқыш |
4-қозғалтқыш |
ҚКҚ |
Деректер |
|||||
Сериялық нөмірі |
|||||
Пайдалану басталған күн |
|||||
Соңғы жөндеу күні |
|||||
Жөндеу саны |
|||||
Белгіленген ресурс с/а |
сағат/іріктеу/іске қосу |
||||
Жөндеуаралық ресурс с/а (1-ші жөндеуге дейін) |
сағат/іріктеу/іс-ке қосу |
||||
ПББ атқарылған жұмысы с/а |
|||||
СЖК атқарылған жұмысы с/а |
|||||
Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі |
|||||
Директиваларды және ұшуға жарамдылықта ұстау жөніндегі басқа да міндетті жұмыстарды орындау (жөндеу, бюллетеньдерді, бір реттік және әуе кемесінде өнеркәсіптің жасаған жөндеулері) |
4. Агрегаттар
Ресурстар және қызмет ету мерзімдері (Әуе бұрандалары, Бас редуктор.
Аралық редуктор. Артқы редуктор. Салмақ түсетін бұранданың төлкесі,
қиғаштық автоматы)
Агрегаттар |
||||
Деректер |
||||
Сериялық нөмірі |
||||
Пайдалану басталған күн |
||||
Жөндеулер саны |
||||
Соңғы жөндеу мерзімі |
||||
Белгіленген ресурс с/а |
||||
Жөндеуаралық ресурс (1-ші жөндеуге дейін) |
||||
ПББ атқарылған жұмысы с/а |
||||
СЖК атқарылған жұмысы с/а |
||||
Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі |
5. Әуе кемесін қарап шығу және құжаттарды тексеру
Р/с |
Тексеру бағдарламасы және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау |
Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
|
Тексеріс күні |
ӘК түрі |
|||
Пайдаланушы |
ӘК с/н |
|||
1. Пайдаланушы базасындағы ӘК құжаттамасын ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту тұрғысынан тексеру |
||||
2) |
Формулярлардың (паспорттардың) жай-күйі және жүргізілуі |
|||
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен ТҚК бағдарламасына сәйкес ТҚК орындалуының толықтығы және уақтылылығы. Орындалған ТҚК құжаттарының жай-күйі және жүргізілуі |
||||
3) |
бір мәртелік тексерулер, ADs және тиісті жазбаларды орындау |
|||
4) |
ресурстық жиынтық бөлшектерінің жұмыс істеген уақытын есепке алу, сериялық нөмірлерді салыстырып шығу (ішінара) |
|||
5) |
ӘК түрлендірулері және жөндеулері бойынша құжаттама |
|||
2. ӘК қарап шығу және әуе кемесінің құжаттамасын тексеру |
||||
2. Ұшқыштар кабинасы |
||||
Кеме құжаттамасының тізбесі: |
||||
1) |
ұшқыштар кабинасындағы шыныланған фонарьдың тазалығына және зақамдану жоқ екеніне көз жеткізіңіз, желдеткіштердің (блистерлердің) оңай ашылатынынын тексеріңіз |
|||
2) |
аспаптардың сыртқы жай-күйінің тазалығын және зақымданудың жоқ екенін қарап шығыңыз. ЖҚС панельдерінің таңбалануын қарап шығыңыз |
|||
3) |
ұшқыштар кабинасындағы есіктер мен бекітетін құрылғылардың жай-күйін, жарамдылығын қараңыз. Қорғаныштың болуы |
|||
4) |
ұшқыштар креслоларының сыртқы жай-күйін қарап шығыңыз, жағдайды реттеу тетіктерінің жарамдылығын, иық және бел қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы мен жарамдылығын тексеріңіз |
|||
5) |
басқару органдарының жалпы жай-күйін тексеріңіз |
|||
6) |
авариялық жабдықтың – түтінге қарсы және оттегі маскаларының, авариялық балтаның болуын тексеріңіз |
|||
7) |
түтінге қарсы қаптың өз орнында екенін тексеріңіз |
|||
8) |
медициналық қобдишаның болуын, оның пломбалануы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз |
|||
9) |
әр пилоттың жұмыс орнынан экипаж кабинасына кіру есігінің құлпын қашықтықтан басқарудың болуын және жұмыс қабілеттілігін (екі пилотты экипажы бар ӘК үшін) тексеріңіз |
|||
10) |
Мыналардың болуын тексеріңіз: |
|||
11) |
жеке құтқару кеудешелерінің болуы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз (қажет болған жағдайда) |
|||
12) |
ұшқыштар экипажы мүшелерінің орындарында қалта шамдарының болуын тексеріңіз |
|||
3. Салон |
||||
1) |
әжетхана есігінің сыртқы жағында күлсалғыштың бар екеніне көз жеткізіңіз |
|||
2) |
әжетхана есігінің сыртқы және ішкі жағында «Темекі шегуге болмайды» деген тақтайшаның болуына көз жеткізіңіз |
|||
3) |
әжетханаға отыратын жерде «Қоқыс тастауға болмайды» белгісінің болуына көз жеткізіңіз |
|||
4) |
түтін детекторының орнатылғанына көз жеткізіңіз |
|||
5) |
қоқыс багының үстінде автоматты өрт сөндіргіштің бар екеніне көз жеткізіңіз |
|||
7) |
барлық қоқыс бактарының таза екеніне және онда жанбайтын материалдан жасалған пакеттер орнатылғанына көз жеткізіңіз |
|||
8) |
ұшақтың салонына кірер кезде ӘК деректерінің жанбайтын тақтайшасының болуы |
|||
4. Ас үй |
||||
1) |
буфеттік-ас үй жабдығын қараңыз және электр жабдығының, дабыл беру жүйесінің, борттағы тағамды жылытатын жердің жарамдылығына көз жеткізіңіз |
|||
2) |
ас үй есіктерінде апатты науасы бар контейнерлердің болуын тексеріңіз және оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз |
|||
3) |
ас үй есігінде оларды ашу тәртібі туралы трафареттердің бар-жоғын тексеріңіз |
|||
4) |
барлық азық-түлікті сақтау контейнерлерінде салмағы бойынша шектеулер туралы ақпараттың бар-жоғына көз жеткізіңіз |
|||
5) |
барлық контейнерлер мен кофе-машиналарда бекітуші құлыптардың бар-жоғына көз жеткізіңіз |
|||
6) |
барлық тақтайшалар оқылатындығына және олар өз орындарында орналасқандығына көз жеткізіңіз |
|||
5. Жолаушылар салоны |
||||
1) |
жолаушылар салоны интерьерінің тазалығын және зақымданудың жоқ екенін қарап шығыңыз |
|||
2) |
жолаушыларға арналған ақпараттық таблолардың жолаушылардың көз алдында екендігін тексеріңіз. Көмескі жарық беру жұмыс жағдайында екенін қараңыз |
|||
3) |
авариялық шығатын жерлердің таблолары өз орнында тұрған-тұрмағанын, олардың көмескі жарық беру жүйесінің жұмыс істейтін-істемейттінін тексеріңіз |
|||
4) |
ӘК авариялық шығу жүйесінің жұмыс істейтін күйде болу-болмауын тексеріңіз |
|||
5) |
есіктерде орналасқан авариялық науалары бар контейнерлерге еркін қол жеткізу мүмкіндігінің бар екенін тексеріңіз |
|||
6) |
есіктерді ашу жөніндегі барлық нұсқаулықтардың орнында тұрған-тұрмағанын және дұрыс таңбаланғанын тексеріңіз |
|||
7) |
жолаушылар орындықтарының еденге бекітілу құлыптарының жабылғаннын тексеріңіз |
|||
8) |
жолаушылар орындықтарындағы қауіпсіздік белбеулерінің жиынтықта болуын, тазалығын және жарамдылығын, таңбалануын қарап шығыңыз |
|||
9) |
авариялық шығатын жерлердегі орындықтардың орналасу дұрыстығын тексеріңіз |
|||
10) |
қанат үстіндегі авариялық шығатын жердің алдында қозғалыс бағыты көрсетілген (егер көзделген болса) тайғанамайтын бөлігі бар екеніне көз жеткізіңіз |
|||
11) |
бортсеріктің әрбір жұмыс орны бел және иыққа тағылатын ақаусыз қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз |
|||
12) |
бортсеріктің әрбір орындығының қасында авариялық қалта шамының (егер өндіруші көздеген болса) бар екеніне көз жеткізіңіз |
|||
13) |
тасымалданатын оттегі баллондары белгіленген орындарда орналасқанына және бекітілгеніне, сақтау орындары таңбаланғанына көз жеткізіңіз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерілгеніне көз жеткізіңіз |
|||
14) |
тиісті көлемдегі және үлгідегі өрт сөндіргіштер өз орындарында екеніне және бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Баллондардың зарядталғанына, таңбаланғанына, тексерілгеніне көз жеткізіңіз |
|||
15) |
алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы белгіленген, таңбаланған жерде орналасқанына көз жеткізіңіз. Қобдиша пломбаланған және жарамдылық мерзімі бар |
|||
16) |
авариялық балтаның өз орнында екеніне көз жеткізіңіз |
|||
17) |
шассиді тексеріп қарау терезесіне апаратын есіктің (люктің) таңбаланғанына және жарамды жай-күйде екеніне көз жеткізіңіз |
|||
18) |
жеке құтқару кеудешелерінің болуын және олардың жарамдылық мерзімін (қажет болса) тексеріңіз |
|||
19) |
жолаушылар жадынамасының бар-жоғын тексеріңіз |
|||
20) |
креслолар арасындағы жолдарда еденде «жүгіртпе жол» авариялық шамдарының болуын және жұмыс істеуін тексеріңіз |
|||
6. Планер |
||||
1) |
фюзеляждің лак-бояу жабынының жай-күйін қарап шығыңыз. Айқын жөндеуді қажет ететін жерлерге назар аударыңыз және жөндеуге арналған құжаттаманы тексеріңіз |
|||
2) |
фюзеляждағы апатты ашу орындарында тиісті таңбалаудың түсірілуін қарап шығыңыз |
|||
3) |
кокта ЛБЖ жарықтары мен зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
4) |
жолаушылар салонындағы (жүк бөлігіндегі, ас үйдегі) иллюминаторлардың шынылануын қарап шығыңыз |
|||
5) |
статикалық және динамикалық қысым қабылдағыштарда, антенналарда зақымданудың бар-жоғын, олардың таңбалануын қарап шығыңыз |
|||
6) |
технологиялық тығындардың, «вымпелдердің» болуын және жай-күйін тексеріңіз |
|||
7) |
технологиялық панельдердің (люктердің) жабық екенін, таңбаланудың болуын тексеріңіз |
|||
8) |
қосымша есіктерде тиісті таңбаланудың болуын қарап шығыңыз |
|||
9) |
жарық түсіргіш (импульстік) маяктарда, АНО мен шамдарда зақымданудың болмауы тұрғысынан олардың сыртқы жай-күйін қарап шығыңыз |
|||
7. Тік және көлденең қанаттану |
||||
1) |
киль мен стабилизатордың, бағыт пен биіктік рулінің, артқы обтекателінің сыртқы жай-күйін зақымданулардың болмауына қарап шығыңыз |
|||
2) |
статистикалық электр тогын ажыратушыларды зақымданудың болмауы тұрғысынан қарап шығыңыз |
|||
3) |
стабилизаторды орнату бұрыштарының лимбтарын (белгілерін) қарап шығыңыз |
|||
8. Пилондар |
||||
1) |
пилондарда зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
2) |
технологиялық панельдердің (люктердің) жабық екенін, таңбаланудың болуын тексеріңіз |
|||
9. Қанат |
||||
1) |
қанаттың алдыңғы жиектерінде, бетінде және механизациясында зақымданудың болмауын қарап шығыңыз |
|||
2) |
қанатта ЖЖМ ағып кету іздерінің болмауын қарап шығыңыз |
|||
3) |
технологиялық люктердің жабылуы мен олардың таңбалануын қарап шығыңыз |
|||
4) |
статистикалық электр тогын ажыратушыларда зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
10. Жүк бөліктері |
||||
1) |
жүк бөлігінде зақымданудың болмауын, тазалығын қарап шығыңыз |
|||
2) |
түтін сигнализаторларының (тұтануды анықтау жүйесінің) болуын тексеріңіз |
|||
3) |
өртке қарсы жүйенің болуын тексеріңіз |
|||
4) |
люктерде (жүк есіктерінде) зақымданудың болмауын, бекіту тетіктерінің жарамдылығын және тиісті таңбаланудың болуын қарап шығыңыз |
|||
5) |
тоқтату (бекіту) және жүктерді жылжыту құрылғыларын, сақтандырғыш торларды ақаусыздық мен жұмысқа қабілеттілігі тұрғысынан қарап шығыңыз |
|||
6) |
такелаждық жабдықтың жарамдылығын, оларда зақымданудың болмауын қарап шығыңыз |
|||
7) |
еден асты кеңістікте коррозиялардың бар-жоғын, жалпы жай-күйін қарап шығыңыз |
|||
11. Шасси |
||||
1) |
шассидің алдыңғы және негізгі тірек пневматиктерінің жай-күйін және тозуын қарап шығыңыз |
|||
2) |
тежегіш дискілерінің тозу индикаторларының жай-күйін тексеріңіз |
|||
3) |
амортизациялық тіреулердегі шток айнасының сығымдалуы мен тазалығын тексеріңіз |
|||
4) |
шасси агрегаттарында, шассидің негізгі және алдыңғы тіреу қуыстарында зауыттық трафареттер мен жазбалардың болуын және сәйкестігін тексеріңіз |
|||
5) |
шассидің басқару жүйесінің көрінетін бөлігінде зақымданулардың, көрініп тұратын ақаулардың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
6) |
шассидің алдыңғы және негізгі тіреулерінің арбашалары мен дөңгелектерінде зақымданулардың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
7) |
құбырларда және олардың бекітулерінде бүлінулер мен гидросұйықтықтар ағуының бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
8) |
сақтандырғыш қауіпсіздік құрылғыларының (вымпелдің) болуын, орнатылуын тексеріңіз |
|||
12. Қозғалтқыштар, қосалқы күш қондырғысы |
||||
1) |
кіру және шығару құрылғыларындағы бітеуіштердің жай-күйін, зақымданудың болмауын және олардың таңбалануын қарап шығыңыз |
|||
2) |
капоттарда зақымданудың болмауын, құлыптардың жабылуын, ЖЖМ іздерінің болмауын қарап шығыңыз |
|||
3) |
қозғалтқыштардың капоттарын, ҚКҚ ашыңыз және капот асты кеңістікте ЖЖМ іздерінің, бөгде заттардың болмауын қарап шығыңыз |
|||
4) |
құбыр жолдарының бекітілуін, қозғалтқыштың коммуникация жүйелерінің, ҚКҚ жай-күйін зақымданулардың, отын, май ағуының болмауына қарап шығыңыз |
|||
5) |
түтін шығару құрылғысында бөгде заттардың, зақымданулар мен жарықшақтардың, ЖЖМ іздерінің болмауын қарап шығыңыз |
|||
6) |
реверсивтік құрылғыларда зақымданудың болмауын қарап шығыңыз |
|||
13. Тікұшақтың құйрық және шеткі арқалықтары |
||||
1) |
құйрық және шеткі арқалықтарының сыртқы жай-күйін, зақымданудың бар-жоғын және жөндейтін жерлердің бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
2) |
құйрық және шеткі арқалықтардың лак-бояу жабынының жалпы жай-күйін қарап шығыңыз |
|||
3) |
стабилизатордың (бар болса) жай-күйін зақымдану тұрғысынан қарап шығыңыз |
|||
14. Тікұшақ. Тірек бұранданың қалақшалары |
||||
1) |
тірек бұранда қалақшаларының алдыңғы жиектерінде зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз. Тірек бұранда қалақшаларының қыздырғыш элементтерін қарап шығыңыз |
|||
2) |
тірек бұранда қалақшаларының жиектерінде зақымданудың бар-жоғын, аэронавигациялық шамдардың жарамдылығын қарап шығыңыз |
|||
3) |
тірек бұранда қалақшаларында триммерлердің (бар болса) жай-күйін қарап шығыңыз |
|||
4) |
тірек бұранда қалақшаларында отсектердің, олардың қосылу орындарының жай-күйін, сондай-ақ қалақшалардың қысым жөнінде дабыл беру жүйесін (бар болса) қарап шығыңыз |
|||
15. Бас редуктор. Құйрық және аралық редукторлар |
||||
1) |
бас редукторда, құйрық және аралық редукторларда зақымданудың бар-жоғын, олардың бекітілу жай-күйін қарап шығыңыз |
|||
2) |
бас редуктордың гидроотсегінде зақымданудың, гидросұйықтықтардың аққан ізінің бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
16. Қисаю автоматы, ұстап тұратын бұранда төлкесі |
||||
1) |
қисаю автоматының жай-күйін, зақымданудың бар-жоғын қарап шығыңыз |
|||
2) |
тірек бұранда төлкесін, көлденең және тік шарнирлердің жай-күйін зақымданулардың және гидросұйықтықтардың аққан ізінің бар-жоғы тұрғысынан қарап шығыңыз |
|||
17. Рульдік бұранда |
||||
1) |
рульдік бұранданың жай-күйін, қалақтарда және төлкеде зақымданудың бар-жоғы тұрғысынан қарап шығыңыз |
|||
2) |
вертикаль жазықтықтағы рульдік бұранда қалақтарындағы ауытқулардың қалыптылығын тексеріңіз |
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы әуе кемесі үшін міндетті емес;
(-1) ұшуға жарамдылық сертификатын беруге кедергі келтіретін
сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген
жағдайда, ұшуға жарамдылығық сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
сәйкессіздіктер;
(-3) ұшуға жарамдылық сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
және сертификаттау процесінде жойылуға жататын сәйкессіздіктер.
ҚОСЫМША: сәйкессіздіктер тізбесі ________ парақта (парақтарда).
Комиссия төрағасы: ____________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
ТАНЫСТЫМ: Пайдаланушының басшысы: __________ _______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұшуға жарамдылығын
сертификаттау жүргізілген күні: 20__ жылғы ____ _______________
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау бағдарламасына
сәйкессіздіктер тізбесі, үлгісі, №
ӘК ұшуға жарамдылығын сертификаттау бағдарламасына сәйкессіздік позициясының № |
Сәйкессіздік сипаты |
Ескертпе |
Тексерушілер: _______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым: ___________________________________________________________
(пайдаланушының басшысы, қолы, Т.А.Ә.)
Ұшуға жарамдылығын
сертификаттау жүргізілген күні: 20__ жылғы ________ _________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
4-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның лауазымды адамы
__________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» ____________________
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
АКТІСІ
_____________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе әуе кемелерін
пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым)
20__ жылғы «___» ________ № ________________________ бұйрығына сәйкес
мынадай құрамдағы ұшуға жарамдылық басқармасының мемлекеттік авиация
инспекторы:
Мемлекеттік авиация инспекторы: _____________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасы бойынша бағалау
жүргізді ____________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
актісінің мәтіні
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамаларының, оның
ішінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) талаптарына,
сонымен бірге әуе кемесінің және оның құрал-жабдықтарының көрсетілген
ұшу түрлеріне (халықаралық, ішкі), әуе тасымалдау түрлеріне
және/немесе авиациялық жұмыстарға сәйкестігі (сәйкессіздігі)
көрсетіледі.
Төраға: _______________________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы ____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
5-қосымша
Нысан
ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫ
CERTIFICATE OF AIRWORTHINESS
№ |
||
ҚАЗАҚСТАН |
REPUBLIC OF |
1. Ұлттық және тiркеу белгiлерi |
2. Дайындаушы және әуе кемесiн дайындаушының белгiлеуi |
3. Сериялық (зауыттық) нөмiрi |
4. Әуе кемесiнiң санаты: ______________________________________
Aircraft category
5. Әуе кемесi Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерiнiң
мемлекеттiк тiзiлiмiне № ____ 20__ ж. _____ болып енгiзiлдi.
The aircraft is included into State Register of Civil
Aircrafts of the Republic of Kazakhstan under No. ____ dated
____________________________________________________________
6. Әуе кемесiне Солтүстiк Атлантика тректерiнiң ұйымдасқан
жүйесiнде (OTS) ---------------- бастап ұшуға рұқсат етiлдi.
Aircrafts has been permitted to --- flights within organized
track system (OTS) of North Atlantic.
7. Әуе кемесi ___ ұшуға ИКАО-ның ____ санаты бойынша жiберiлдi.
Aircraft has been permitted to the flight according to the
ICAO _____________________________________________ category.
8. Әуе кемесi ___________________ RVSM бойынша ұшуға жiберiлдi.
Aircraft has been permitted to the flight according RVSM.
9. Осы сертификат жоғарыда аталған әуе кемесiне Қазақстан
Республикасының заңнамасына және 07.12.1944 ж. Халықаралық
азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес берiлдi, осы әуе
кемесi белгiленген пайдалану шектеулерiне сәйкес ұсталса
және пайдаланылса, ұшуға жарамды деп есептеледi.
This certificate has been issued for the above-mentioned
aircraft in accordance with the Legislation of the Republic
of Kazakhstan and the Convention on International Civil
Aviation of 07.12.1944 and airworthiness code ______________
in respect of the above-mentioned aircraft which is
considered to be airworthy when maintained and operated in
accordance with the foregoing and the pertinent operating
limitations.
10. Сертификаттың қолданылу мерзiмi: ____________________ дейiн
The certificate is valid till:
Азаматтық авиация
саласындағы уәкiлеттi органның
лауазымды адамы _____________________________________
М.П. (қолы /signature)
Official body
Stamp
Of the Competent Authority
In Civil Aviation
Берiлген күнi:
Date of issue:
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).