2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан
айрылған жағдайларға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің
мөлшерін арттыру туралы.
2013 жылғы 26 желтоқсанда «2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» № 1405 қаулысы қабылданды.
Аталған арттырулар 2014 жылғы 1 қаңтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға қатысты.
Еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер мөлшерін 7 % арттыруды индекстеу арқылы автоматтандыру тәртібінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер арттырылған мөлшерде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі