Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1405 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады