"Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 1418 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

«Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 80-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мынадай қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (cу жинағы құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
      1) Астана;
      2) Алматы;
      3) Ақтау;
      4) Ақтөбе;
      5) Атырау;
      6) Қарағанды;
      7) Көкшетау;
      8) Қостанай;
      9) Қызылорда;
      10) Павлодар;
      11) Петропавл;
      12) Талдықорған;
      13) Тараз;
      14) Орал;
      15) Өскемен;
      16) Шымкент;
      17) Семей;
      18) Түркістан;
      19) Теміртау;
      20) Екібастұз;
      21) Рудный;
      22) Жезқазған;
      23) Кентау;
      24) Балқаш;
      25) Жаңаөзен;
      26) Сәтпаев;
      27) Ақсу;
      28) Риддер;
      29) Арыс;
      30) Степногорск;
      31) Шахтинск;
      32) Саран;
      33) Қапшағай;
      34) Арқалық;
      35) Лисаковск;
      36) Приозерск.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады