Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1432 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 412-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      7-тармақта:
      6) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алдын ала бағалауды жүргізеді және өтінім берушіге осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтінім бойынша шешімді хабарлайды. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Сертификаттық тексеру мерзімі өтінім уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтінім берушіге хабарланады.»;
      16-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылға 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      4 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Мәлімделген іс-қимыл саласындағы АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар тізбесі.»;
      22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
      2425 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Ұйым шарт бойынша АТ ТҚ және Ж бойынша қызмет көрсететін азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар тізімі.
      25. Шарттар бойынша қосалқы мердігер ұйымдардың тізбесі.
      26. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.»;
      көрсетілген 3-қосымшаға ескертпе алынып тасталсын;
      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаға 6-қосымша алынып тасталсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының 1-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1) тармақшасының он екінші, он үшінші және жиырма бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1432 қаулысына    
1-қосымша        

Азаматтық авиацияның    
авиациялық техникасына   
техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жөніндегі ұйымның  
сертификатын алуға арналған 
өтінімге қоса берілетін   
құжаттардың тізбесіне    
қосымша          

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
ұйымының қызметі бойынша нұсқау

      1. Кіріспе
      1) Мазмұны;
      2) Тақырыбы және саласы;
      3) Қолданыстағы парақ тізбесі;
      4) Ревизия/толықтырулар тізбесі;
      5) Тарату парағы;
      6) Пайдаланылатын қысқартулар.
      2. Басқарма
      1) Жауапты басшының өтініші;
      2) Қауіпсіздік және сапа саясаты;
      3) Басқару персоналы;
      4) Басқару персоналының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері;
      5) Ұйымды басқару құрылымы;
      6) Рұқсат ететін персонал тізілімі;
      7) Ұйым жұмысшылары құрамының сипаты;
      8) Сертификатта көрсетілген ұйымдар мекенжайларының әрқайсысында орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаты;
      9) Техникалық қызмет көрсету бойынша (әуе кемелеріне және құрауыштарына) орындалатын жұмыс көлемі;
      10) Ұйымдағы өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар ету рәсімі;
      11) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімдері.
      3. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер
      1) Өнім берушілерді бағалау және қосалқы мердігерді қадағалау рәсімдері;
      2) Сыртқы өнім берушілерден әкелінетін ӘК құрауыштары мен материалдарын қабылдау және тексеру;
      3) АТ техникалық қызмет көрсетуге арналған құрауыштар мен материалдарды сақтау, таңбалау және беру;
      4) Құралдар мен жабдықтарды қабылдау;
      5) Құралдар мен жабдықтарды калибрлеу;
      6) Персоналдың баламалы құралдар мен жабдықтарды қоса алғанда, құралдар мен жабдықтарды пайдалануы;
      7) Техникалық қызмет көрсету объектілерінде тазалық сақтау нормалары;
      8) Техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар және олардың ӘК/ӘК құрауыштарын шығарушылардың нұсқаулықтарына сәйкестігі, жаңартылуын және техникалық персонал үшін олардың болуын қоса алғанда;
      9) Жөндеу бойынша рәсімдер;
      10) Пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға сәйкес келуі;
      11) Ұшуға жарамдылық директиваларын орындау рәсімдері;
      12) Міндетті емес түрлендіруді орындау рәсімі;
      13) Техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланылатын құжаттар және оларды толтыру;
      14) Техникалық қызмет көрсету жазбаларын бақылау (деректерді есепке алу);
      15) Базалық техникалық қызмет көрсетуді жүргізу барысында анықталған ақауларды жою;
      16) Техникалық қызмет көрсетуден кейін пайдалануға қайта енгізу рәсімі;
      17) Пайдаланушының құжаттамасындағы жазбалар;
      18) Ақаулар жөнінде құзыретті пайдаланушыға/үлгі сертификатын ұстаушыға хабарлау;
      19) ӘК жарамсыз құрауыштарын қоймаға қайтару;
      20) Сыртқы өнім берушілердің ақаулы құрауыштары бойынша іс-қимыл;
      21) Электронды түрде сақталатын есептік деректерді бақылау;
      22) Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарланған жұмысқа қарасты адам-сағатты жоспарлауды бақылау;
      23) Техникалық қызмет көрсетудегі қиын жұмыстарды бақылау;
      24) Техникалық қызмет көрсету жөніндегі ерекше жұмыстарды жүргізу жөніндегі рәсім бойынша мындай ақпарат:
      қозғалтқыштарды сынау рәсімдері;
      ӘК герметикасын тексеру рәсімдері;
      ӘК сүйрету рәсімдері;
      ӘК жүргізу бойынша рәсімдер;
      құрауыштар мен материалдарды жою;
      25) Техникалық қызмет көрсету барысында жіберілген қателерді табу және түзету рәсімдері;
      26) Ауысым арасындағы жұмыстарды тапсыру рәсімдері;
      27) Үлгі сертификатын ұстаушыға техникалық қызмет көрсету барысындағы нақты емес және екіұшты деректер жөнінде ақпарат беру рәсімдері;
      28) Өндірісті жоспарлау рәсімдері.
      4. Жедел техникалық қызмет көрсету бойынша қосымша рәсімдер
      1) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрал-саймандарды, ӘК құрауыштарын бақылау;
      2) Жерүсті қызмет көрсетуге, отын құюға, мұздануға қарсы арнайы сұйықтықтардың шөгінділерден тазартылуын тексеруді қоса алғанда, мұздануға қарсы жұмыстарға байланысты жедел техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі рәсімдер;
      3) Жедел техникалық қызмет көрсету барысында кемшіліктерді және қайталанатын ақауларды бақылау;
      4) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде борттық журналды толтыру рәсімі;
      5) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде келісілген және қарызға алынған қосалқы бөлшектерді жеткізу рәсімі;
      6) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі әуе кемесінен алынған ақаулы қосалқы бөлшектерді қайтару рәсімі;
      7) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі қиын тапсырмаларды бақылау рәсімі.
      5. Сапа жүйесінің рәсімдері
      1) Техникалық қызмет көрсету аудитін ұйымдастыру рәсімдері;
      2) ӘК және құрауыштарының аудиті;
      3) Аудит кезінде анықталған кемшіліктерді (ақауларды) жою рәсімі;
      4) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персоналға біліктілік беру және оны оқыту рәсімдері;
      5) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персонал бойынша есептік деректер;
      6) Сапа жүйесінің аудиторлары;
      7) Инспекторлардың (қосалқы тексеруді қажет ететін жұмыстарды тексеретін) біліктілігін бақылау;
      8) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманының біліктілігін бақылау;
      9) Техникалық қызмет көрсетуде қарастырылған техникалық қызмет көрсету көлемінен ауытқу процесін басқару;
      10) Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру рәсімдерінен ауытқу рұқсаттарын бақылау;
      11) Дәнекерлеу сияқты мамандандырылған жұмыстарға арналған біліктілік рәсімі, ыдыратпайтын бақылау;
      12) Дайындаушы зауыттың және басқа да сыртқы орындаушылардың техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын бақылау;
      13) Адами фактор бойынша оқыту рәсімі;
      14) Персоналдың құзыреттілігін бағалау.
      6. Техникалық қызмет көрсетудің орындалуы
      1) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізбесі;
      2) Пайдаланушының рәсімі және оның құжаттарымен жұмыс;
      3) Пайдаланушының техникалық құжаттамасын толтыру.
      7. Қосымша мәліметтер
      1) Құжаттардың үлгілері;
      2) Қосалқы мердігерлердің тізімі;
      3) Жедел техникалық қызмет көрсету станцияларының тізімі;
      4) Шарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізімі.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1432 қаулысына     
2-қосымша        

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1432 қаулысына     
3-қосымша        

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады