Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1468 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1468 қаулысына     
қосымша          

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының
акцияларын төлеуге берілетін республикалық
мүліктің (ғимараттар)
ТІЗБЕСІ

Алматы қаласы Рысқұлова көшесі, 101 мекенжайында орналасқан жалпы
алаңы 5 927,5 м2 (ғимараты, гаражы мен кіреберісі) мүлік

Р/с

Жылжымайтын мүлік атауы

Орналасқан жері

Жалпы алаңы
2)

1

Кинопрокат ғимараты

Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 101

5049,7

2

Кинопрокат ғимараты

Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 101

427,5

3

Кинопрокат ғимараты

Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 101

324,4

4

Фильмофонд гаражы

Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 101

109,4

5

Фильмофонд кіреберісі

Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 101

16,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады