«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1485 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бірқатар өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Агенттіктің Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізу көрсеткiштерге қол жеткiзуге ықпал ететiн республикалық бюджет параметрлерiнің өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.
Енгiзілген түзетулердің негізгі себебі - бюджеттік бағдарламалар, сандық көрсеткiштер бөлінісінде бюджеттік шығыстар сомасын сәйкестікке келтіру және редакциялық түзетулер.
Қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы № 146-V Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін қабылданды.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі