Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1490 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес сыртқы жылу желілері республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1490 қаулысына     
қосымша          

Республикалық меншіктен Астана қаласының
коммуналдық меншігіне берілетін
мүліктің тізбесі

Объект атауы

Мүлік атауы

«Қараөткел» мен «Дипломатиялық қалашық» тұрғын үй кешендерін жылумен жабдықтаудың қалалық магистральдық желілеріне қосу. Астана қаласы Есіл өзенінің сол жағалауында Қорғалжын тас жолы бойындағы шағын қабатты «Қараөткел» тұрғын үй кешені (2 қабатты 27 коттедж)»

Сыртқы жылу желілері

«Қараөткел» мен «Дипломатиялық қалашық» тұрғын үй кешендерін жылумен жабдықтаудың қалалық магистральдық желілеріне қосу. Астана қаласы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Қонаев көшесі бойындағы (12-көше ауданында) дипломатиялық қалашық коттедждері (15 резиденция)»

Сыртқы жылу желілері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады