«Қазақстан Республикасында минералдық - шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1491 қаулысына баспасөз - релизі
«Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі–қаулы) «Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
«Қазақстан Республикасының аумағын өңiрлiк геологиялық зерттеулер жүргiзуге қолжетiмдi қамту пайызын 2009 жылғы 78 %-дан 2014 жылы 95 %-ға дейiн жеткiзу» мақсатты индикаторын оның іске асырылуына байланысты алып тастау қаулының мақсаты болып табылады.
Жобаны қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі