Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту
туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысына
баспасөз хабарламасы

      «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын одан әрі іске асыру және оның екінші бесжылдығын дайындау туралы Президенттің қатысуымен өткен 2013 жылғы 4 мамырдағы № 01-7.8 мәжіліс хаттамасының 1.10-тармағына және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошанов 2013 жылғы 14 маусымда № 17-17/04-105//01-7.8 бекіткен Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын одан әрі іске асыру және оның екінші бесжылдығын дайындау туралы Президенттің қатысуымен өткен мәжіліс хаттамасы тапсырмаларының іске асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.10-тармағын орындау үшін әзірленген.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
      Қаулының мақсаты – Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мембағдарлама)  әзірлеу үшін негіз болып табылатын Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту.
      Болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар: жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға алып келмейді.
      Болжамды тиімділік: Тұжырымдамада экономиканың басым секторлары анықталған, оларды дамыту өңдеуші өнеркәсіптің болжамды өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кластерлік дамыту белсенді жүреді, ұлттық, аумақтық және инновациялық кластерлер құрылады.
      Келесі бесжылдықта Қазақстанды жеделдетілген индустрияландырудың түйінді шарты көлік, энергетика және өндірістік инфрақұрылым саласындағы қолжетімділік пен сапа проблемаларын шешуболып табылады.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз