"Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1506 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Болат Бидахметұлы Жәмішев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады