Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 677 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2018 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің
шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және
келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру
қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру тәртібін айқындайды.

1. Вето қою тәртібі

      1. Ұлттық палата съезінің жұмысына қатысып отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері (бұдан әрі – Үкімет мүшелері) Ұлттық палата съезі отырысының барысында Ұлттық палата съезі қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда, Ұлттық палата съезі шешімінің хаттамасында көрсетілетін өзінің ерекше пікірін білдіреді.

      2. Үкімет мүшелерінің ерекше пікірі бар Ұлттық палата съезінің шешімін Ұлттық палата оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      3. Үкімет мүшелерінің ерекше пікірі бар Ұлттық палата съезінің шешімі тиісті саладағы уәкілеттік органға, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға жіберіледі.

      4. Қарсылықтары бар мәселелерді қарау нәтижелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Регламентiнде көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығарылады.

2. Ветоны еңсеру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен келіспеген жағдайда, Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветосын еңсеру ниеті туралы хат жолдайды.

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою туралы шешімі Ұлттық палата съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветосын еңсеру жөніндегі келісу комиссиясын (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құру жолымен келісу рәсімдері арқылы еңсеріледі.

      7. Келісу комиссиясы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Ұлттық палатаның хаты түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады.

      8. Келісу комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық палата өкілдерінің тең санынан тепе-тең бастамада құрылады.

      9. Келісу комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметінен құзыретіне ерекше пікір бар мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.

      10. Келісу комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері құрамынан сайланады.

      11. Келісу комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы Келісу комиссиясы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады, ал дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      12. Келісу комиссиясы жұмыс қорытындылары бойынша одан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығару және түпкілікті шешім қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін ұсынымдар әзірлейді.

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветосын еңсеру осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімімен ресімделеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ветосы еңсерілмеген Ұлттық палата съезінің шешімдері қолданысқа енгізілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады