Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
      2) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады