"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1539 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларындағы (аясындағы) даму үрдiстерiн талдау» деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларындағы (аясындағы) даму үрдiстерiн талдау
      1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
      1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
      Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Қазақстандағы мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерiнiң жүйесінде 38 республикалық (10 театр, 7 концерттік ұйым, 3 кітапхана, 5 мұражай, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 1 кинокомпания, 3 өзге ұйым) және 8 мыңнан астам облыстық мәдениет ұйымдары (219 мұражай, 4 149 кітапхана, 2 960 клуб, 53 театр, 41 концерттік ұйым, 21 кинотеатр, 152 киноқондырғы, 6 хайуанаттар бағы, 5 цирк, 55 мәдениет және демалыс саябағы) қызмет етеді.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша соңғы оң жылда мұражайлар мен кинотеатрлар (кинозалдардың) саны 45 %-ға, ал театрлар мен кітапханалардың саны 20 %-ға ұлғайған.
      Мәдениет өнімдеріне деген сұраныс туралы мынадай келушілер санының көрсеткіштері байқатады: он жыл ішінде театрға келушілердің саны 35 %-ға артты, кітапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 18 %-ға өсті, ал кинотеатрлар көрермендерiнiң саны 5 есеге артты.
      2012 жылы 12 205 спектакль қойылып, 6 800 концерт ұйымдастырылды, республикалық мұражайларда 113 көрме, 357 дәріс және 14 353 экскурсия өткізілді. Кітапханаларда 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
      Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей болып табылатын «Қазақстан» орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды «Астана-Опера» опера және балет театры ашылды. Еліміздің мәдени мұрасының маңызды құндылықтарын жинақтайтын және мыңжылдық ұлттық тарихымыздың ұлылығын көрсететін орынға айналуға тиісті Қазақ ұлттық мұражайының құрылысы жүріп жатыр.
      Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2010 жылы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қабылданған түзетулер отандық киноматография, мұражай және кітапхана iсi саласындағы мәселелерді реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, киноөнiмдердi индексациялау және прокаттық куәліктер беру тетігі енгiзiлдi, ұлттық киноның критерийлері айқындалды, кітапханалық қорды қалыптастыру нормалары нақтыланды, жергiлiктi атқарушы органдар құзыретіне облыстық, аудандық не республикалық маңызы бар бір кітапханаға «Орталық» мәртебесін беру функциясы қосылды. 2011 жылы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» және «Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы» конвенциялар ратификацияланды.
      Табыстар және жетістіктер. Елбасының бастамасы бойынша 2004 жылдан бері ауқымы және тарихи диапазоны жағынан теңдессіз болып табылатын «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.
      Жобаны іске асыру жылдарында ұлттық тарихымызды танытатын, ғылымды мыңдаған жәдігерлермен байытқан 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалық зерттеулер жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті және Берел қорғандарындағы қазбалар және скиф-сібірлік «аң» стилі немесе сақ өнеріне (б.з.д V-III ғғ.) қатысты алтын бұйымдарды табу әлемдік танымалдылыққа ие болды.
      Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде болған ғылыми-іздестіру экспедициялары нәтижесінде қазақ халқының тарихы, этнографиясы, өнері бойынша 5 мыңнан астам аса бағалы мұрағаттық құжаттар табылып, ғылыми айналымға енгізілді.
      «Мәдени мұра» жобасының шеңберінде 83 тарих және мәдениет ескерткіші толығымен реставрациядан өтті, олардың ішіндегі шетелдік ауқымды жобалар: Дамасктағы (Сирия) Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс кесенесін реставрациялау және Дамаск тарихи-мәдени орталығындағы Әл-Фараби кесенесіндегі құрылыс жұмыстары.
      Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне кірді: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Тамғалы археологиялық комплексі.
      Тәуелсіздік жылдары алғаш рет отандық ескерткіштерді ауқымды түгендеу жүргізілді. Республикалық (218 ескерткіш) және жергілікті (11 277 ескерткіш) тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізімдері бекітілді. «Қазақтың дәстүрлі мың күйі», «Қазақтың дәстүрлі мың әні» және «Батырлар жыры» бірегей жобалары шеңберінде халық өнерінің озық үлгілері жүйеленді.
      Археологияның, тарих және мәдениеттің, археологиялық қазбалардың бірегей ескерткіштері туралы барлық мәліметтер іздеуге оңай форматта «Мәдени мұра – Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталына орналастырылған.
      Отандық киноиндустрия қарқынды түрде дамып жатыр. «Қазақфильм» АҚ киностудиясында көркем, деректі және анимациялық фильмдерді өңдеудің толық, қазіргі заманғы технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген. Ауқымды жаңғырту нәтижесінде компания әртүрлі жанрдағы және форматтағы фильмдерді түсіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы және жоғары дәрежелі құрал-жабдықтарға ие болды. Сонымен қатар, пост-өңдеудің барлық технологиялық циклі жасалған.
      Кинобазаның өндірістік қуаты – бұл бір жылда 100-ден аса фильм шығару және 20-дан аса картинаның прокатта болуы.
      Соңғы төрт жыл ішінде «Қазақфильм» АҚ-ның 99 картинасы 150 кинофестиваль мен әлемнің 48 еліндегі халықаралық көрсетілімдердің қатысушысы болды. 2012 жылы 62 кинофестиваль мен халықаралық деңгейдегі кинокөрсетілімдерге қазақстандық 32 картина қатысты, 8 картина 13 арнайы сыйлықтар мен жүлделерді жеңіп алды.
      Театр және музыка өнері дамуының мықты негізі қаланды. Еліміздің театрлық алаңдарында жыл сайын 10 мыңнан астам спектакль қойылады, олардың ішінде 300-і – отандық және шетелдік хореографтардың, балетмейстерлердің, режиссерлардың жаңа қойылымдары, «Тәуелсіздік толғауы» шығармашылық байқауының шығармалары. Опера және балеттің отандық жетекші солистері әлемнің үздік сахналарында – Ла Скала театрының Академиясында, Вена операсында, Мариин театрында, Перголези Спонтини Қорында, Болоньядағы Итальяндық Опера мектебінде, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып, өзінің сахналық шеберлігін шыңдайды.
      Қазақстандық орындаушылардың әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі олардың беделді халықаралық конкурстар мен фестивальдарға жыл сайынғы қатысуымен, беделді халықаралық конкурстарда лауреат және дипломант атағын жеңіп алуымен дәлелденеді. Соңғы үш жыл ішінде 170-тен аса адам тағылымдамадан өтті.
      «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақалада берілген Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2012 – 2016 жылдарға арналған жоспары әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданды. Осы құжат шеңберінде еңбек адамына, өз ісінің шеберіне арналған фильмдердің, кітаптардың, театралдық қойылымдардың, музыкалық туындылардың, мақалалардың, телебағдарламалардың тапшылығын азайтуға бағытталған іс-шаралардың біртұтас кешені көзделген.
      Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттың негізгі зияткерлік ресурсы болуға арналған Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының (бұдан әрі – ҚазақҰЭК) қорын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚазақҰЭК-ның ресурс көлемін 12 000-нан астам кітаптардың е-көшірмелері құрайды. Бұл – «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы шеңберінде басылып шыққан кітаптар, сирек кітаптар, Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитарийінің кітаптары, сондай-ақ авторлар немесе құқықтық иеленушілері ұсынған Қазақстанның тарихы, экономикасы, мәдениеті, өнері, ғылымы бойынша кітаптар.
      Электрондық каталогтың көлемі 18 000 библиографиялық жазбаларды құрайды. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұраныстары бойынша жыл сайын кітаптардың е-көшірмелерін жасауға орташа есеппен 1 500 тапсырыс қабылданады және жасалады. 2012 жылы ҚазҰЭК-ға келушілердің орташа саны 120 000 құрады, оның ішінде әлемнің 74 елінен 80 000-ға жуық сыртқы келушілер. Соның ішінде ҚазҰЭК-тің бірегей сырттан келген келушілердің саны 66 073 құрады.
      Қазақстан мәдениетін шетелдерде танымал ету. Соңғы бірнеше жылда Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралар іс жүзінде барлық ТМД елдерін, Еуропаның және Азияның, Таяу Шығыстың жетекші мемлекеттерін қамтыды. Жалпы, 2005 жылдан 2012 жылға дейін әлемнің 44 елінде тұсаукесер іс-шаралары өткiзiлдi.
      Мәдениет қайраткерлерін қолдау. Мәдениет саласындағы дарынды және болашағы зор қайраткерлерді ынталандырудың және қолдаудың тетігі енгiзiлдi. 2012 жылы мәдениет және өнер қайраткерлеріне әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық – 4 бірлік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы – 1 бірлік, мәдениет саласындағы Мемлекеттік шәкіртақылар – 50 бірлік табысталды.
      Тағылымдамалар мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлiп келеді. Отандық репертуарды толықтыру мақсатында гранттар бөлу және шығармашылық байқаулар өткізу қарастырылған.
      2. Негiзгi проблемаларды талдау.
      Бiрiншi. Мәдениет саласындағы отандық өнiмнiң қызмет көрсету нарығындағы шетелдік өндiрушiлердiң басымдығының негiзiнде бәсекелестiгiнiң жеткiлiксiздiгi.
      Екiншi. Өңiрлердегi мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген республика тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi және желінің минималды нормативтерінің жоқтығы. Мысалы, өңірлердегі кітапханалардың саны халықтың 10 000 адамына шаққанда 6,6-дан (Батыс Қазақстан облысы) 0,3 (Шығыс Қазақстан облысы) бірлікке дейін ауытқиды; клубтық сипаттағы мәдениет мекемелері халықтың 10 000 адамына шаққанда 4,5-тен (Батыс Қазақстан облысы) 0,7 бірлікке дейін (Маңғыстау облысы) ауытқиды. Ауыл тұрғындарының мәдениет объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету жеке тұрған мәселе. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының тозуы жағдайды қиындатып отыр. Мысалы, ағымдағы кезеңде клубтық сипаттағы мекемелердің 18 %-ы және мұражайлардың 21 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.
      Үшiншi. Саланың қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың әлсіздігі. Саланың жеке қызметкерлерінің төмен жалақысы, зейнетке шығуының реттелмеуі кәсіптің беделін арттыруға ықпал етпейді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің орташа номиналдық жалақысы республикадағы қызметтің барлық түрлерінің барабар көрсеткіштерінен 61-72 % құрайды, бұл мәдениет саласы қызметкерлерінің неғұрлым төмен қаржылық уәжділігін айқындайды. Нәтижесінде мұндай ахуал саланың және мәдениет ұйымдарының білікті кадрларының тапшылығына алып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес мәдениет саласында қызмет ететін тұрғындар санының өзгеру қарқыны жалпы халықтың жұмысбастылық көрсеткіштерінің өзгеру қарқынымен сәйкеспейді.
      Төртінші. Мәдениет саласын жеткіліксіз қаржыландыру. Халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері батыс елдерде мәдениетке бөлінетін жылдық бюджеттік қаражаттың орташа көлемі ЖІӨ 0,6 % – 0,8 %, Қазақстанда 0,1 %-дан төмен екенін көрсетті.
      3. Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.
      Отандық мәдени нарықтағы шетелдiк өнiмнiң басым болу үрдісі саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, продюсерлік және баспа қызметін ынталандыру, болашағы зор әдебиет және өнер қайраткерлерiне қолдау көрсету арқылы мәдениет саласында бәсекеге қабiлеттi өнiм шығарудың тетіктерін жетiлдiру қажеттiлiгiн тудыруда.
      Қазiргi заманғы ыңғайлы форматта халықтың мәдени құндылықтарға қолжетiмдiлiгiн кеңейтуге мүмкiндiк беретін жаңа технологияларды енгізу мәдениет нысандарын цифрлық форматқа ауыстыру процестерін бұдан әрі жетiлдiрудi, тиiстi интернет-ресурстарды сапалы мазмұнмен қамтамасыз етуді талап етеді.
      Елдің мәдени кеңiстiгiнiң сәулетін оңтайландыруға саланың нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетiлдiру, атап айтқанда мәдениет ұйымдары желiсiнiң ең төменгі мемлекеттiк нормативтерін қабылдау және саланы толық паспорттауды енгізу ықпал етеді.
      2-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңiстiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.
      1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
      Ақпараттық сала инфрақұрылымының жай-күйі. Ақпараттық алаңда 2 783 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) қызмет етедi, оның iшiнде: мемлекеттік – 439 (16 %), мемлекеттік емес – 2 344 (84 %). БАҚ-тың жалпы санының 91 %-ын газеттер (1 674) және журналдар (858), 8,5 %-ын – электрондық БАҚ-тар (51 телекомпания, 48 радиокомпания, 133 кәбілдiк телевизия және 6 жерсеріктік хабар тарату операторы) және 0,5 %-ын – ақпараттық агенттiктер (13) құрайды. Қазақ тiлiнде таралатын (эфирге шығатын) БАҚ-тардың үлесi – 555 (20 %), орыс тiлiнде – 938 (34 %), қазақ және орыс тiлдерiнде 941 (34 %), қазақ, орыс және басқа тiлдерде – 349 (13 %).
      Астана қаласында ашылған «Қазмедиа орталығы» бiрегей телерадиокешенi хабар тарату компаниялары үшiн сапалы және бәсекеге қабiлеттi медиаконтент өндiрiсiндегi ағымдағы және келешектегi барлық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға мүмкiндiгi бар басты технологиялық алаң болды.
      «Қазмедиа орталығының» аппараттық-студиялық кешені 5 телебағдарламаларды шығару студиясын, виртуалды студияны, 2 панорамалық Sky-студиясын, 4 жаңалықтар шығару студиясын, 2 сериалдарды шығару студиясын, коммутациялық кешенді, радионың аппараттық-студиялық кешенін, жерсеріктік телепортты, 4 Fly-away тарату антеннасын, медиалық мұрағатты, киноконцерттік кешенді, конференц-залды қамтиды. Sony, Vizrt, Evertz, Dalet және басқа да әлемнің жетекші фирмаларының заманауи жабдықтары орнатылған.
      2013 жылдың қаңтарынан бастап «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Евразия+ОРТ» ЖШС, «МИР» МАТРК-мен серіктестік қатынастар орнатылды. Кешеннің ғимаратынан 9 телеарна және 3 радиоарнаны тарату қамтамасыз етілген.
      Телерадиокешенді енгізумен қойылған телехабар тарату саласын техникалық қамтамасыз етудің жоғары стандарттары озық халықаралық нормаларға сәйкес келуді талап етеді. Осыған байланысты «Қазмедиа орталығы» кешеннің техникалық аудитін өткізген және технологиялық базаның әрі қарай дамуы жөніндегі ұсынымдарды әзірлеген Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) құрамына кірді.
      Табыстар және жетiстiктер. Министрліктің басты міндеттерінің бірі мемлекеттік телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін және олардың рейтингтерін арттыру болып табылады. Бұл тұрақты жетілдіруді және жаңа форматтарды іздеуді талап ететін кешенді жұмыс.
      2011 – 2013 жылдары жаңа арнайы арналарды құруды және телеарналардың бағдарламалық кестесін кеңейтуді қамтитын бірқатар жобалар іске асырылды. Мемлекеттік телеарналардың эфирі көбінесе өзіндік қазақстандық контент негізінде құрылады. Олардың эфирдегі үлесі бойынша «Хабар» – 80 %, «Қазақстан» телеарнасы – 71 %, «ҚазақТВ» – 95 %, «Қаз.Спорт» – 98 %, «24.КЗ» – 100 % құрайды.
      Мемлекеттік арналар рейтингтерінің өсуі байқалады. «Қазақстан» 2013 жыл бойы қазақ және орыс тілдерінде 100 мыңнан кем адам саны бар елді мекендерде абсолюттік көшбасшы болып табылады. Қазақ тілінде 100 мың плюс панелі бойынша «Қазақстан» үшінші орынды иеленеді.
      Өзіміздің сериалдарды шығару процесі жолға қойылды. 2013 жылы жалпы алғанда 345 сериядан тұратын 21 сериал түсірілді.
      «Қазмедиа орталығы» медиа-орталығының базасында Медиа-мектеп құрылды, мұнда 2013 жылдың басынан бері 300 БАҚ мамандары үшін 20 семинар өткізілді.
      «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы «Хабар», «Қазақстан», «Қазмедиа орталығының» 20 қызметкері Ресейге және Ұлыбританияға тағылымдамаға жіберіледі. БАҚ саласындағы магистрлерді оқыту мүмкіндігі жасалынған.
      Мұрағат ісі саласында Қазақстан Республикасының мұрағат саласының бірыңғай жүйесін 220 мемлекеттік мұрағат құрайды. Қазақстандық мұрағаттарды халықаралық мұрағаттық кеңiстiкке интеграциялау шеңберінде 14 алыс және жақын шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмдерге қол қойылды.
      Соңғы 20 жылда Ұлттық мұрағат қорының көлемі және жеке құрам бойынша құжаттар саны 11,6 миллионнан 22 миллион сақтау бiрлiгiне өсті.
      Қазақстанның кітап шығару саласы бүгінгі күні көтерілу үстінде. Қазіргі таңда Кітап палатасында 364 баспа мен кітап шығарушы ұйым тіркелген. Шығарылып жатқан әлеуметтік маңызды әдебиеттің түржиыны кеңейтіліп, кітаптардың полиграфиялық орындалуы мен көркем безендірілуі жақсаруда. Әлеуметтік маңызды әдебиет – бұл қоғамның рухани-танымдық және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты патриотизм және жалпы әлемдік құндылықтар идеалдары рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-танымдық және мәдени өміріндегі жетістіктерді кеңінен таратуға бағытталған көркем, ғылыми, публицистикалық, энциклопедиялық және басқа да өзекті шығармалар.
      Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2012 жылғы 18 қаңтарда «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) қабылданды, онда телерадионарықтағы барлық субъектiлердiң қатынастарын реттеудің және цифрлық хабар тарату форматына көшудің құқықтық шарттары айқындалған. 2012 жылы Заңды іске асыру барысында 15 нормативтік құқықтық акт әзірленді.
      2. Негiзгi проблемаларды талдау.
      Бiрiншi. Отандық ақпараттық өнімнің бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жеткіліксіздігі.
      Екiншi. Қазiргi заманға сай ақпараттық технологиялардың және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын автоматтандырылған режимде орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алудың болмауы.
      3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау.
      Нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, соның ішінде «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру арқылы жетiлдiру мiндеттi теле-, радиоарналарды ұсыну кепiлдiгiмен 100 пайызға дейін халықты эфирлiк цифрлық телерадио хабар таратумен қамтамасыз етуге, отандық телевизиялық және радиоарналардың дамуына қолайлы құқықтық жағдай жасауға, ұлттық радиожиiлiк қорды оңтайландыруға және оны ұтымды қолдануға мүмкiндiк береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму процессі БАҚ үшін Интернет желiсiнiң мүмкiндiктерiн белсенді қолдану жолымен ақпаратты таратудың жаңа мүмкiндiктерiн ашады. Газеттер мен журналдардың электрондық аналогтарын құру, меншiктi интернет-ресурстар ашу, оларды online режимінде тарату Қазақстан туралы ақпарат қызықтыратын ел азаматтарына, сондай-ақ, шетелдік интернет пайдаланушылар үшін ақпарат көздерін кеңейтуге мүмкiндiктер береді. Сонымен қатар, БАҚ-тың Интернетке шығуы олардың жұмыстарын жеделдетудің деңгейін арттыруға ықпалын тигiзедi.
      3-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын бiрiктiру факторы ретінде төзiмдi тiлдiк орта құру.
      1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
      Сала инфрақұрылымының жай-күйi. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы жұмыс iстейдi. Тiлдерді үйрету орталықтарының өңiрлiк желiсi: 2005 жылы – 8, 2006 жылы – 12, 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 45, 2009 жылы – 93, 2010 жылы – 101, 2011 жылы – 132, 2012 жылы – 130 орталықты құрады.
      Саланың табыстары және жетiстiктерi. 2013 жылы Қазақстан Республикасында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды.
      Осы кезең шеңберінде тілдерді қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік базасын әрі қарай жетілдіруге бағытталған біртұтас шаралар кешенін жүргізу қамтамасыз етілді.
      Нәтижесінде тілдік құзыреттілік стандарттарын толық әзірлеу қамтамасыз етілді: «Қазақ тілі шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың үлгі бағдарламаларының жобасы мен оқу-әдістемелік кешені қалыптастырылды. Қазақ тілін игеру стандарттары, лексикалық минимумы, грамматикалық анықтағышы, интерактивті сынақтық тестілеу бағдарламалары, 5 деңгейлік «Тіл құрал» оқу-әдістемелік кешені (А1 – тілді қарапайым пайдалану деңгейі, А2 – базалық деңгей, В1 – орта деңгей, В2 – ортадан жоғары деңгей, С1 – жоғары деңгей) басып шығарылды, олар барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына таратылды.
      Қолданыстағы www.kazakhtest.kz ресми сайты беттерінде он-лайн режимінде тестілеуден өткізу ұйымдастырылды.
      2013 жылы «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы» жобасы бойынша тіл орталықтарын аккредиттеу әдіснамасы, сыртқы сараптама жүргізу әдістемесі, стандарттар мен критерийлер, аккредиттеуге арналған басшылық әзірленді.
      Қазақ тілінде әр түрлі әдебиетті басып шығару жалғастырылуда. 25 томдық «Әлемдiк классика», балаларға арналған 15 томдық «Әлем балалар әдебиетiнiң iнжу-маржандары», 60 томдық кішкентай балаларға арналған «Ертегілер елінде», балаларға арналған ғылыми-танымдық «Мен оқығанды ұнатамын» 64 томдық жинағы, 5 томдық «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері», 15 томдық әдеби қазақ тілі (түсіндірмелі сөздік) сөздігі және т.б. әдебиеттер шығарылды. Аталған әдебиеттер республиканың барлық өңірлеріне таратылды. Шығарылған оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттер арасында қазақша-орысша, орысша-қазақша 10 томдық терминологиялық сөздік, «Қазақ тілі. «Тілдарын» А-1 деңгейі» ғылыми-әдістемелік кешені, «Суретті қазақ тілі» оқу құралы, «Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі», «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі», «Арабша-орысша-қазақша, қазақша–орысша-арабша халықаралық қатынастар және саяси лексика сөздігі», «Цитология, эмбриология, гистология, анатомия терминдерінің түсіндірмелі ақпараттық сөздігі», «Химия. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» және бірқатар басқа материалдар бар.
      Барлығы 2013 жылы 85 баспа жобасы іске асырылды, олардың ішінде 36 оқу-әдістемелік құрал, 19 атаулы балаларға арналған кітап, 20 салалық сөздік және 10 туынды шығармалар. Бірқатар тележобалар шығарылды: «Біз қазақша сөйлейміз» реалити-шоу, «Қазақша сөйлейміз» қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы, «Қазақша оңай – Казахский легко» қазақ тілін оқыту жөніндегі сабақтар және т.б.
      Ономастика саласында 2013 жылы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Терминология саласында салалық терминологиялық топтармен жұмыстар жолға қойылды. Жаңа терминдерге сараптама жүргізу және оларды Республикалық терминологиялық комиссия отырыстарында бекітумен қатар 30 томдық терминологиялық сөздік бойынша жұмыстар басталды.
      Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен ауыстыру шеңберінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесінің жұмысы қамтамасыз етілді. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлесі құжат айналымының жалпы көлемінде 84 % құрайды.
      Визуалды өнімді ресімдеу кезінде тіл саясаты саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жергілікті атқарушы органдардың тиісті бақылау жүргізу құзыреті енгізілді.
      Төзiмдi тiлдiк ортаны қалыптастыру. Ел бойынша этномәдени бiрлестiктер жанында 190 жексенбiлiк мектеп жұмыс iстейдi, оларда Қазақстанда тұратын 30-ға жуық этностардың өкілдері ана тiліне оқытылады. Барлық тіл орталықтарында азаматтардың барлық санаттары, соның ішінде әлеуметтік осал санаты үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту жүргізіледі. Жексенбілік мектептер үшін олардың оқыту тілдерінде оқулықтарды құрастыру және басып шығару мәселесі пысықталуда.
      2. Негiзгi проблемаларды талдау.
      Бiрiншi. Қоғамдағы мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiнiң әркелкі болуы.
      Екiншi. Қазақстандық қоғамдағы тiлдiк мәдениеттiң төмендеуi.
      Үшiншi. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттiлiгi.
      3. Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.
      Қазақ тiлiн оқытатын оқытушылар мен мамандардың дайындық деңгейiнiң төмендiгi, мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiн ынталандыру және мониторингiлеу жүйесiнiң жоқтығы қоғамда мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн арттыруда тежегiш фактор болып отыр.
      Елiмiздiң әлеуметтiк-коммуникативтiк кеңiстiгiне мемлекеттiк тiлдi енгiзу процесiндегi маңызды фактор ретiнде оның халықаралық қатынас, бос уақыт пен ойын-сауық саласындағы белсендi қолданылуы, оның заң, ғылым және жаңа технологиялар тiлi ретiнде дамуы, мемлекеттiк тiлде сөйлеудiң беделiн арттыру мен оны отбасылық құндылық ретiнде дәрiптелуi болып табылады.
      Қазақстандық қоғамның тiлдiк мәдениетiн арттыру, лингвистикалық капиталын нығайту саласында терминология, антропонимика және ономастика саласындағы мәселелердi шешу, сөйлеу мен жазу мәдениетiн жетiлдiруге ықпал ету, сондай-ақ төзімді тiлдiк орта құру басымдыққа ие болып табылады.
      4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттiлiктi және ел бiрлiгiн одан әрi нығайту, iшкi саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
      1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлері.
      Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының жай-күйi. Республикада 9 саяси партия, 818 этномәдени бiрлестiк (бұдан әрi – ЭМБ), 25 000 астам үкiметтiк емес ұйым (бұдан әрi – ҮЕҰ) және бiрқатар кәсiптiк одақтар жұмыс iстейдi.
      Табыстар мен жетiстiктер. Елiмiзде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістері, этносаралық қарым-қатынастар дамуының жай-күйі мен беталысын жүйелі зерделеу мақсатында Министрлік жағдайды жүйелі мониторингiлеу тетігін жолға қойды. Ел дамуының негiзгi басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсiндiруге бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізуге қатысты тұрақты түрде жұмыс жүргiзiлiп келеді. Әлеуметтанушылық деректерге сәйкес мемлекеттiк саясаттың бағдарламалық құжаттары мен негiзгi даму бағыттары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 86,1 %-дан астамды құрады.
      Министрлiктiң үйлестiрушiлiк рөлiнiң аясында билiктiң, бизнес пен ҮЕҰ негiзгi әлеуметтiк әрiптестiгiнің негізі болған, 2006 – 2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы тиiмдi іске асырылды. Нәтижесінде, заң жобаларын әзірлеуге, бағдарламаларды іске асыруға, елiмiздiң маңызды даму мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуге ҮЕҰ кеңінен тарту күнделiктi тәжірибеге айналды. Мемлекет пен ҮЕҰ-дың әрiптестiгiнiң басымдықтарын айқындайтын азаматтық форумдар тұрақты негізде өткiзiледi. 2011 жылдан бастап барлық мүдделі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына олардың азаматтық сектормен өзара iс-қимылдарының тиiмдiлiгi индикаторлары енгiзiлдi.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс қаражатынан барлық республикалық шығармашылық одақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры, Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы, «Болашақ» президенттiк бағдарламасы түлектерiнiң қауымдастығы, Iскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресi және көптеген басқа да әйелдер, жастар ҮЕҰ қаржыландырылады.
      2013 жылы Министрлік 60-тан аса жобаны іске асырды, оның ішінде абсолюттік көпшілігі Елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын іске асыру үшін бүкіл қоғамға кеңірек түсіндіру және жұмылдыруға бағытталған. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласында берілген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жөніндегі ұсынымдар дайындалды және бекітілді (2013 жылғы 15 қаңтардағы № 1).
      Заңнамалық базаны жетiлдiру. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады, оның шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру саласындағы уәкілетті орган болып айқындалған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық регламенттелуі және оны мониторингілеу рәсімін жетілдіру нормативтік тұрғыдан бекітілген.
      2. Негiзгi проблемаларды талдау.
      Бiрiншi. Халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргiзу әдiснамасын жетiлдiру, сондай-ақ «диалогтық алаңдар» қызметiн қамтамасыз ету саласында да әдiснамалық база құру қажеттiгi туындап отыр.
      Екiншi. Мемлекеттiк рәмiздер саласындағы заңнаманың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету тәжiрибесiн жетiлдiру талап етiледi.
      Үшiншi. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру саласындағы ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз ету одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
      3. Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау.
      Мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi халықтың кең қабатымен тиiмдi идеологиялық жұмыс жүргiзу екендiгiн ескере отырып, ақпараттық-насихаттық қызметтердi ұйымдастырудың тетіктерi мен әдiстерiн әрi қарай жетiлдiру, осы салада азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, қазіргі заман талабына сай келетiн әдiснамалық және техникалық базаны әзiрлеу және енгiзу талап етiледi.»;
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3-бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Мәдени құндылықтарға тұрғындардың қол жетiмдiлiгiн арттыру» деген 1.1.2-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткiштерiнде»:
      мына:

      «


Цифрлық форматқа көшірілген кітапханалық қордың үлесі

ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептері

%

-

-

-

-

21

42

65

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Цифрлық форматқа көшірілген ұлттық кітапханалық қордың үлесі

ведомствоға бағынысты ұйымдардың есептері

%

-

-

-

-

13

26

38

                                                                   »;

      «Отандық ақпараттық кеңiстiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттiк ақпараттық саясатты БАҚ арқылы іске асыру» деген 2.1.1-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткiштерiнде»:
      «Мемлекеттiк тапсырыс шеңберінде шығарылған отандық баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер)» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанында:
      «12 400» деген сандар «14 372» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Ықтималды тәуекелдердiң атауы

Тәуекелдердi басқару жөнiндегi шаралар қолданбаған жағдайдағы ықтималды салдарлар

Тәуекелдердi басқару жөнiндегi iс-шаралар

1

2

3

Сыртқы

тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi

тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау мен дамытуға бағытталған көрсеткiштерге қол жеткiзбеу

қаржы қаражатын бөлу кезiнде басымды мәртебесi бар тарихи-мәдени объектiлердiң тiзбесiн жасау, өнім берушілерді бақылау

Iшкi

жергiлiктi атқарушы органдар жұмысының тиімсіздігі

өңiрлердегi әлеуметтiк-мәдени жағдайды дамытуға бағытталған көрсеткiштерге қол жеткiзбеу

облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерiмен меморандумдарға қол қою

медиалық саланың технологиялық жабдықталуының бытыраңқылығы

отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар көрсеткiштерге қол жеткiзбеу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Техникалық кеңестің жұмысын енгізу, регламенттеу және ұйымдастыру

ведомстволық бағыныстағы ұйымдар жұмысының тиімсіздігі

әлеуметтiк-мәдени саланың жекелеген даму көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу

ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жұмысын мониторингілеу және бақылау жүйесiн енгiзу;
қызметкерлердiң мансаптық өсуi мен уәждеу тетiгiн құру;
кәсiпқой кадрлар даярлау шеңберiнде, «Болашақ» бағдарламасына қатысуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен тиiмдi сектораралық өзара
iс-қимыл жасасу

кәсiпқой кадрлардың қысқаруы

статистикалық деректерді жинақтау және ұсынудың барабар жүйелі әдістерін енгізу

                                                                   »;

      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      003 «Мәдениет және ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Мемлекеттік Дүние және Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң прогрессы сыйлықтарын, әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендиялардың, Әдебиет және өнер саласында Мемлекеттік сыйлықтарды беру жөнінде комиссияның жұмысын қамтамасыз ету» деген жолдағы «3 232» деген сандар «1 732» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «41 930» деген сандар «40 430» деген сандармен ауыстырылсын;
      004 «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Барлық қоғамдық өмiрiнiң салаларындағы мемлекеттік тіл рөлін жоғарылату (конкурстар, фестивальдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, т.б.), терминологиялық және ономастикалық секциялардың жұмысын жетiлдiру, халықаралық ынтымақтастығын күшейту» деген жолдағы «1 627 458» деген сандар «1 178 234» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «1 648 923» деген сандар «1 199 699» деген сандармен ауыстырылсын;
      011 «Iшкi саяси тұрақтылық және қоғамдық келiсiм саласында мемлекеттік саясатты жүргізу» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамда этномәдени өзара іс-қимылды нығайту бойынша қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу, мемлекеттік қолдау көрсету» деген жолдағы «423 770» деген сандар «354 896» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» деген жолдағы «404 296» деген сандар «466 770» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «852 933» деген сандар «846 533» деген сандармен ауыстырылсын;
      018 «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін басып шығару» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару қызметі» деген жолдағы «1 134 534» деген сандар «1 116 760» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «1 134 534» деген сандар «1 116 760» деген сандармен ауыстырылсын;
      020 «Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күресті насихаттау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Жыл сайынғы 3 данадан кем болмайтын видеоролик өндіру және көрсету» деген жолдағы «1 371» деген сандар «840» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жыл сайынғы 3 данадан кем болмайтын аудиороликтi өндіру және көрсету» деген жолдағы «402» деген сандар «224» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жыл сайынғы 2 семинардан кем емес көпшiлiк қоғаммен семинар жүргізу» деген жолдағы «6 064» деген сандар «6 768» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жыл сайын 3 данадан кем емес, нашақорлыққа қарсы тақырып бойынша деректі фильм дайындау» деген жолдағы «3 251» деген сандар «2 207» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «11 088» деген сандар «10 039» деген сандармен ауыстырылсын;
      021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларында»:
      «Мемлекеттiк ақпараттық саясатты газет, журнал арқылы жүргiзу» деген жолдағы «1 881 370» деген сандар «2 334 792» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттiк ақпараттық саясатты телерадио хабарларын тарату арқылы жүргiзу» деген жолдағы «31 630 019» деген сандар «30 807 065» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тікелей нәтиженің көрсеткiштерiнде»:
      «Мемлекеттiк тапсырысты іске асыру аясында шығарылған баспасөз материалдарының көлемі (газеттер)» деген жолдағы «12 400» деген сандар «14 372» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының көлемі» деген жолдағы «35 324 784» деген сандар «34 953 252» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлімде:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджет шығыстарының барлығы» деген жолдағы «57 913 800» деген сандар «57 066 321» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «57 014 174» деген сандар «56 166 695» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мәдениет және ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру» деген жолдағы «41 930» деген сандар «40 340» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту» деген жолдағы «1 648 923» деген сандар «1 199 699» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамдық келiсiм саласында мемлекеттік саясатты жүргізу» деген жолдағы «852 933» деген сандар «846 533» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін басып шығару» деген жолдағы «1 134 534» деген сандар «1 116 760» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күресті насихаттау» деген жолдағы «11 088» деген сандар «10 039» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу» деген жолдағы «35 324 784» деген сандар «34 953 252» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады