«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1553
қаулысына баспасөз-релизі
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1553 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) Қарулы Күштер, басқа әскерлер және әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесінің кадрлық әлеуетін жұмысшыларға аталған қызметтердегi жұмысы үшiн берілетін үстемеақыны олардың лауазымдық жалақыларынан есептеу арқылы сақтау мақсатында қабылданды.
Сонымен бірге, Қаулыны қабылдау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, ол Жұмыспен қамту 2020 жол картасын тиімді іске асыру үшін қызметкерлерді ынталандыруға және кадрлық құрамының күшейтілуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, Қаулымен «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкестікке келтіру мақсатында түзетулер енгізілді.
Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі