"Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1556 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861–құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
      233-145-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (бұдан әрі – БМСК) бекіту тәртібін айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды БМСК ұйымдарына тіркеу – БМСК ұйымдарының БМСК көрсету және азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру бойынша міндеттемелерін тіркеу.
      3-1. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат бекітілген халық тіркелімінің дерекқорында қалыптастырылады.
      Бекітілген халық тізілімінен БМСК ұйымдарының бөлінісінде бекітілген халықтың болуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және шығындарды өтеу жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін БМСК ұйымдары арасында ТМККК орналастыру үшін негіз болып табылады.
      4. БМСК ұйымдарына азаматтар мен оралмандарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі БМСК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтар мен оралмандарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
      5. Азамат және оралман БМСК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.»;
      8910111213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. БМСК ұйымы бекітуді азаматтар мен оралмандар өз еркімен жүгінген кезде жүзеге асырады.
      Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.
      9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде денсаулық жағдайы бойынша БМСК ұйымына өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды бекіту БМСК ұйымдарында олардың жазбаша немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.
      Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту, бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
      10. Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымдарына бекіту бекітілген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Бекітілген халық санының нормативтері туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға және оралмандарға жеткізеді және БМСК ұйымдарында таныстыру үшін қолжетімді жерлерге орналастырады.
      11. БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды бекітуді өзгерту:
      1) тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;
      2) БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
      3) азамат және оралман дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;
      4) халықты БМСК ұйымдарына бекіту науқаны кезінде жүзеге асырылады.
      12. Азаматтар мен оралмандар тікелей жүгінген кезде оларды БМСК ұйымдарына бекіткен кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару бекітілген халық тізілімі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
      БМСК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
      13. Азаматтар мен оралмандар БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толтырылсын:
      «15. Азаматтар мен оралмандарды ТМККК шеңберінде БМСК көрсететін жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес БМСК ұйымдарына бекіту сияқты жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады