«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
8 ақпандағы № 102 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1573
қаулысына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 102 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1573 қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес әзірленген.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қаулының мақсаты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын 2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына сәйкес келтіру табылады.
Қаулы республикалық бюджеттен мынадай қаржылық шығындарды:
2013 год – 116 608 392 мың теңге;
2014 год – 110 501 326 мың теңге;
2015 год – 102 546 930 мың теңгені болжайды және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Болжанатын тиімділігі: Жобаны қабылдау Стратегиялық жоспардағы индустриялық-инновациялық даму, электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі, техникалық реттеу және метрология, инвестициялық ынтымақтастық салаларында қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі