Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Кувейт Мемлекетінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Кувейт Мемлекетінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетімен дипломатиялық қатынасын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Эль-Кувейт қаласында (Кувейт Мемлекеті) Қазақстан
Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын
қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев