"2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 22 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
З А Ң Ы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2013 жылғы 31 мамырда Минскте жасалған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА

Ресми
куәландырылған
мәтіні

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі «Шарттың Тараптары» деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тараптары бір жағынан және Өзбекстан Республикасы екінші жағынан
      бұдан әрі «Шарт» деп аталатын, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың мақсаттарын, қағидаттарын және терминдерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен осы Хаттама күшіне енген күннен бастап Шарттың барлық ережелері Шарт Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастарда осы Хаттамада көзделген талаптар ескеріле отырып қолданылады.

2-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
Шарттың 2 және 3-баптарының ережелерін қолдану мақсаттары үшін:
      а) Шарттың 2-бабының ережелері Шарттың 1-қосымшасына сілтеме
жасалған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары деп осы Хаттаманың
1-қосымшасы түсініледі;
      б) Шарттың 3-бабы 2-тармағының ережелері Шарттың 2-қосымшасына
сілтеме жасалған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары деп осы Хаттаманың 2-қосымшасы түсініледі.
      2. Өзбекстан Республикасы ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын
басталатындығына байланысты:
      а) Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы Шарттың 2-бабының 8-тармағы мен 17-бабын қолдануға қатысты мұндай Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын дауларды реттеу үшін Шарттың 19-бабының ережелерін пайдаланбайтын болады;
      б) Шартты Өзбекстан Республикасы мен Шарттың Тараптары арасындағы саудаға қолдану мақсаттары үшін Шарттың 5-бабындағы ГАТТ 1994 III бабына сілтеме, мұндай шарттар болған жағдайда, Өзбекстан Республикасының Шарт Тараптарымен екіжақты халықаралық шарттарының ұқсас ережелеріне сілтеме ретінде түсініледі;
      в) Өзбекстан Республикасы Шарттың 10-бабының ережелерімен байланысты емес, бұл ретте Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасында шығарылған тауарларға қатысты Шарттың 9-бабында көзделген шараларды қолдану құқығын сақтайды;
      г) Өзбекстан Республикасы Шарттың 11-бабы бірінші абзацының және 12-бабының ережелерімен байланысты емес. Өзбекстан Республикасы Шарт Тараптарының тауарларына және мұндай тауарларды өндіру процестеріне ұлттық режим немесе барынша қолайлы режим негізінде осы режимдердің қайсысы Шарттың мүдделі Тарапының тауарлар өндірушісі және/немесе экспорттаушысы үшін барынша қолайлы болып табылатындығына байланысты техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолданатын болады;
      д) Өзбекстан Республикасы төлем теңгерімінің тепе-теңдігі елеулі түрі бұзылған жағдайда және Өзбекстан Республикасының сыртқы
қаржыландыруына байланысты елеулі қиындықтар болған жағдайда Шарттың
14-бабы 1-тармағының ережелерімен байланысты емес;
      е) Шарттың ережелерін іске асыру кезінде Шарттың Тараптары мен
Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулы мәселелер Шарттың
тиісті Тарапы мен Өзбекстан Республикасының екіжақты келіссөздері негізінде шешілетін болады;
      ж) Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасына қатысты 2-баптың 8-тармағының, 5-баптың, 10-баптың, 11-баптың бірінші абзацының, 12-баптың, 14-баптың 1-тармағының және 17-баптың ережелерімен байланысты емес.
      3. Шарттың 4-бабының ережелеріне қарамастан, Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саудада 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары қолданылады. Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара уағдаластық бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары жөніндегі өзге де көпжақты немесе екіжақты шарттар қолданылуы мүмкін.

3-бап

      Осы Хаттамаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

4-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы осы Хаттама бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
      2. Өзбекстан Республикасы ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты, осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар дау тараптары арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген күннен кейін осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар Шарттың 19-бабында көзделген тәртіппен шешіледі.

5-бап

      Осы Хаттаманың барлық Тараптарының өзара жазбаша келісімі бойынша оған осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін тиісті хаттамалармен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Хаттамаға ескертулер жасауға жол берілмейді.

7-бап

      1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Өзбекстан Республикасы мен кемінде Шарттың екі Тарапының орындағаны туралы хабарламаларды депозитарий алған күннен бастан 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама Өзбекстан Республикасы мен Шарттың кез келген басқа Тарапына қатысты осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай Тараптың орындағаны туралы тиісті хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

8-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін ол Шарттың Тарапы болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен қосылуы үшін ашық.
      Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастан күшіне енеді.
      2013 жылы 31 мамырда бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа дана ТМД-ның Атқарушы комитетінде сақталады, Атқарушы комитет оның куәландырылған көшірмесін Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жолдайды.

      Әзербайжан Республикасы үшін
      Армения Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін
      Тәжікстан Республикасы үшін
      Түрікменстан үшін
      Өзбекстан Республикасы үшін
      Украина үшін
      Молдова Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады