Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 23 қаулысы

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 413 027,4 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ҚО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу 2014 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне кедендік баж төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға не әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қантты кедендік декларациялауды:
      1) кедендік әкелу бажын төлемей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиялар негізінде;
      2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу арқылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиясыз жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 22 қаңтардағы
№ 23 қаулысына    
қосымша       

Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*

Р/с

Қант өндіретін кәсіпорын атауы

1

«Орталық Азия Қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      * Кәсіпорындар тізбесі кәсіпорындарды шикі құрақ қантынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады:
      1) кәсіпорынның шикі құрақ қантын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
      2) шикі құрақ қантынан ақ қантты сериялық өндірудің болуы;
      3) кәсіпорынның алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуаты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады