"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды
қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіт туралы»
2014 жылғы 24 қаңтардағы № 25 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 25 қаулысымен «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекітілді.
      Стандарт «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуipдегі Қазақстан Республикасының Заңы іскe асыру мақсатында әзірленген.
      Осы стандарты қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
      Мемлекеттік қызмет «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-57-баптарының негізінде үстем не монополиялық жағдайдың пайда болуын немесе күшеюін және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.
      Стандарт жалпы ережелерді, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәpтiбiн, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптарды, сондай-ақ көрсеттетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды айқындайды.

      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      (Монополияға қарсы агенттік)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз