Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен заңнамада белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 28 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      мына:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1219,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1050,5

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1696,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1527,5

                                                                   »;

      «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы 25» деген жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы 29» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы 531».
      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi Мәдениет комитетiнiң қарамағына берiлетiн ұйымдардың тiзбесiнде:
      «Мұражайлар» деген бөлімде:
      реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады