«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына баспасөз парақшасы
2014 жылдың 4 ақпанында «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 50 қаулысы (бұдан әрі - қаулы)қабылданды.
Қаулы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, келесі мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілуін қарастырады:
1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Сонымен бірге, қаулыны қабылдау республикалық және жергілікті қаржылықшығынға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерге қаржылық жүктемеге әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрлігі