Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 304 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органдардың аумақтық органдарымен келiсiлген ұңғыманың жекелеген объектiлерiн сынау жоспарлары;
      2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      3) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде (технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде):
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      порталға:
      1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      көрсетілетін қызметті алушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарларының электронды көшірмелері – сұрау салуға қоса тіркелген;
      2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      3) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде (технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде): толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Ұңғымалар объектісін сынау, кен  
орнын сынамалық пайдалану,     
технологиялық жабдықты іске қосу-  
ретке келтіру, пайдалану, оған    
техникалық қызмет көрсету және    
жөндеу жұмыстары кезінде газды    
технологиялық еріксіз жағу кезінде  
ілеспе және (немесе) табиғи газды алау
етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша               

Нысан

Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
           (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
  тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
             деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

              (кен орны, ұңғыма нөмірі*, қандай сатыда)
_____________________________________________________________________
(газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын
                   газдың болжамды көлемі (млн. м3)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың күні, нөмірі және
                           қолдану мерзімі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Көлемі, млн. м3

Объектінің реттік нөмірі

Горизонты

Аралығы

Объектілер бойынша сынау күндерінің саны

1

2

3

4

5

6

      *Ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде iлеспе және
(немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат алу үшін

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________     _______________________
                               (қолы)                 (Т.А.Ә.)
                           М.О. 20__ ж. «___» _______________________

«Ұңғымалар объектісін сынау, кен  
орнын сынамалық пайдалану,     
технологиялық жабдықты іске қосу-  
ретке келтіру, пайдалану, оған    
техникалық қызмет көрсету және    
жөндеу жұмыстары кезінде газды    
технологиялық еріксіз жағу кезінде  
ілеспе және (немесе) табиғи газды алау
етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
2-қосымша               

Нысан

Кен орнын сынамалық пайдалану кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе қайта өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі
____________________________________________________________________;
      2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні

      3) өтінім берілген жылға жағылатын газдың рұқсат етілген
мөлшері, млн. м3 ___________________________________________________;
      4) өтінім берілген жылға газды өндіру мөлшері, млн. м3
____________________________________________________________________.
      2. Кен орнын сынамалық пайдалану жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі
____________________________________________________________________;
      2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні
____________________________________________________________________;
      3) жобалау құжатының қолданылу мерзімі _______________________.
      3. Бекітілген кен орнын сынамалық пайдалану жобасына сәйкес
өтінім берілген жылы газды жоспарлы өндіру, млн. м3 ________________.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мұнай
операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес кен
орнын сынамалық пайдалану кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі
____________________________________________________________________.

«Ұңғымалар объектісін сынау, кен  
орнын сынамалық пайдалану,     
технологиялық жабдықты іске қосу-  
ретке келтіру, пайдалану, оған    
техникалық қызмет көрсету және    
жөндеу жұмыстары кезінде газды    
технологиялық еріксіз жағу кезінде  
ілеспе және (немесе) табиғи газды алау
етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
3-қосымша               

Нысан

Технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға рұқсат үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 _______________________.
      2. Өткен жылғы жағылған газдың жалпы мөлшері, млн. м3 (оның
ішінде технологиялық еріксіз жағу және барлау ұңғымаларын сынау
кезінде) ___________________________________________________________.
      3. Мұнай өндірудің жоспарланатын мөлшері, мың тонна __________.
      4. Газ өндірудің жоспарланатын мөлшері, млн. м3 ______________.
      5. Өтінім берілген жылға газ жағу, млн. м3 ___________________.
      6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе қайта өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі
____________________________________________________________________;
      2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні
____________________________________________________________________;
      3) өтінім берілген жылға жағылатын газдың рұқсат етілген
мөлшері, млн. м3 ___________________________________________________;
      4) өтінім берілген жылға газ өндіру мөлшері, млн. м3 _________.
      7. Газ өндіруді және жағуды есептеу аспаптарының саны мен
олардың орналасқан жері _____________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты мөлшері туралы
ақпарат:
      1) өткен жылғы газды қайта өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________;
      2) өткен жылғы газды қайта өңдеу тәсілі _______________________
____________________________________________________________________;
      3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, млн. м3 (көзі
бойынша) ___________________________________________________________;
      4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша)
____________________________________________________________________.
      9. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы
ақпарат:
      1) орналасқан жері ___________________________________________;
      2) биіктігі, метр ____________________________________________;
      3) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік ________________________________.
      10. Кен орнын игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі
____________________________________________________________________;
      2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні
____________________________________________________________________;
      3) жобалау құжатының қолданылу мерзімі _______________________.
      11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мұнай
операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес
технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды
алау етіп жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі __________________
____________________________________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      2) порталда: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, А 0305 кабинеті, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Теңiз құрылыстарын салуға немесе
орналастыруға рұқсаттар беру» 
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
1-қосымша            

Нысан

Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
  тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
             деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (теңiз құрылысын салу немесе орналастыру бойынша теңізде мұнай
  операцияларын жүзеге асыру қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу
         немесе орналастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың
                     мерзімі мен орналасатын жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________   _________________________
                               (қолы)                (Т.А.Ә.)
                           М.О. 20__ ж. «___» _______________________

«Теңiз құрылыстарын салуға немесе
орналастыруға рұқсаттар беру» 
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
2-қосымша            

Нысан

Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат алу үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негіздері __________.
      2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының
географиялық координаталарының негіздемесі:
      1) ендігі ____________________________________________________;
      2) бойлығы ___________________________________________________.
      3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы
ақпарат:
      1) кеме және жүзу құралдарының саны __________________________;
      2) кеме және жүзу құралдарының атауы _________________________.
      4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні ____________.
      5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс
құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер)
туралы ақпарат _____________________________________________________.
      6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі
жоспарланған іс-шаралар:
      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзу немесе
тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа
да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,
қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту бойынша
____________________________________________________________________;
      2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою
бойынша ____________________________________________________________;
      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар мен басқа да су
жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау бойынша
____________________________________________________________________.
      7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі
гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген су,
жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және
(немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі
____________________________________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де
ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      көрсетілетін қызметті алушының осы ұңғыманы бұрғылау кезiнде пайда болатын тәуекелдердi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерiн сақтау фактiсiн куәландыратын құжат көшірмесі;
      2) порталда:
      толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      көрсетілетін қызметті алушының осы ұңғыманы бұрғылау кезiнде пайда болатын тәуекелдердi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерiн сақтау фактiсiн куәландыратын құжатының электрондық көшірмесі – сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану  
ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы    
бұрғылауға рұқсаттар беру»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Нысан

Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де
ұңғыманы бұрғылауға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
  тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
             деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________     _______________________
                               (қолы)                 (Т.А.Ә.)
                           М.О. 20__ ж. «___» _______________________

«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану  
ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы    
бұрғылауға рұқсаттар беру»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Нысан

Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де
ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған лицензия туралы
мәліметтер:
      1) лицензия нөмірі ___________________________________________;
      2) лицензия күні _____________________________________________.
      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы туралы
мәліметтер:
      1) қорытынды нөмірі __________________________________________;
      2) қорытынды күні ____________________________________________.
      3. Теңіз құрылысын құруға не орналастыруға рұқсат туралы
мәліметтер:
      1) рұқсат нөмірі _____________________________________________;
      2) рұқсат күні _______________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи
газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      2) порталда: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру
үшiн ілеспе және табиғи газды   
бастырмалатуға рұқсаттар беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
1-қосымша            

Нысан

Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи
газды бастырмалатуға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
 тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
             деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұрудың өзге де әдістерінің орынсыз
болатындығының және осы бастырмалатудың қоршаған орта мен адам өмірі
     үшін қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейінің болу шарттарының
                               негіздемесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________     _______________________
                               (қолы)                 (Т.А.Ә.)
                           М.О. 20__ ж. «___» _______________________

«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру
үшiн ілеспе және табиғи газды   
бастырмалатуға рұқсаттар беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша            

Нысан

Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи
газды бастырмалатуға рұқсаттар үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай
бастырмалатуды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттiк
экологиялық сараптамасының оң қорытындысы туралы мәліметтер:
      1) қорытынды нөмірі __________________________________________.
      2) қорытынды күні ____________________________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
      2) порталда: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу,
монтаждау немесе төсеу      
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
1-қосымша             

Нысан

Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды
тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс
            деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(теңiзде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі
            жұмыстар қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (жоспарланған теңіз құрылысының не мұнай-газ құбырларын салу,
       монтаждау немесе төсеу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың
                       мерзімі мен орналасатын жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________     _______________________
                               (қолы)                 (Т.А.Ә.)
                           М.О. 20__ ж. «___» _______________________

«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу,
монтаждау немесе төсеу      
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша             

Нысан

Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсат үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негіздері __________.
      2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының
географиялық координаталарының негіздемесі:
      1) ендігі ____________________________________________________;
      2) бойлығы ___________________________________________________.
      3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде
пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы
ақпарат:
      1) кеме және жүзу құралдарының саны __________________________;
      2) кеме және жүзу құралдарының атауы _________________________.
      4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні ____________.
      5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс
құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер)
туралы ақпарат _____________________________________________________.
      6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі
жоспарланған іс-шаралар:
      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзу немесе
тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа
да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда,
қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту бойынша
____________________________________________________________________;
      2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою
бойынша ____________________________________________________________;
      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар мен басқа да су
жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау бойынша __________________.
      7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі
гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген су,
жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және
(немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі ____________________________.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін
жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқалары не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзы (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандардағы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн (сәйкестендіру үшін);
      көлемі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      өндірістік базаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшiн мөрмен және көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылған қызметтің (жұмыстардың) лицензияланатын түрі мен кіші түрлерін орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламент. Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін технологиялық регламент талап етілмейді;
      мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісі қызметінің кіші түрлеріне қолданылмайды);
      қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындау және (немесе) қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін бұйрықтардың көшірмелері талап етілмейді;
      заңды тұлға көрсетілетін қызметті алушының мөрімен және бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлға көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған штат кестесі және жиынтық кестесі. Бұл ретте, жиынтық кестеде мынадай ақпарат көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы бойынша тиісті саладағы жұмыс өтілі (техникалық басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша мәліметтер.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын (жеке тұлғалар үшін), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандардағы өтініш;
      лицензия туралы мәліметтер (www.elicense.kz порталында бар болған жағдайда) не лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      өндірістік базаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшiн мөрмен және көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылған қызметтің (жұмыстардың) лицензияланатын түрі мен кіші түрлерін орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламент. Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін технологиялық регламент талап етілмейді;
      мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісі қызметінің кіші түрлеріне қолданылмайды);
      қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындау және (немесе) қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін бұйрықтардың көшірмелері талап етілмейді;
      заңды тұлға көрсетілетін қызметті алушының мөрімен және бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлға көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған штат кестесі және жиынтық кестесі. Бұл ретте, жиынтық кестеде мынадай ақпарат көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы бойынша тиісті саладағы жұмыс өтілі (техникалық басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша мәліметтер.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      3) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:
      қайта ресімдеу туралы өтініш;
      лицензияларды қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (лицензиялық алымның көлемі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген);
      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның көшірмесі (бар болған жағдайда).
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады:
      жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде) өзгергенде;
      дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде;
      заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде.
      Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы тармақшада белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (бар болған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандардағы өтініш;
      көлемі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін жоғарыда аталған құжаттарды ұсына отырып, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия және (немесе) лицензияға қосымша туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана жүгінеді.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелген мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:
      өндірістік базаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын;
      қызметтің (жұмыстардың) лицензияланатын түрі мен кіші түрлерін орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламент. Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін технологиялық регламент талап етілмейді;
      мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісі қызметінің кіші түрлеріне қолданылмайды);
      қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындау және (немесе) қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін бұйрықтардың көшірмелері талап етілмейді;
      штат кестесі және жиынтық кесте. Бұл ретте, жиынтық кестеде мынадай ақпарат көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы бойынша тиісті саладағы жұмыс өтілі (техникалық басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша электрондық мәліметтер;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      сұрау салуға қоса тіркелген мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері:
      сұрау салуға қоса тіркелген өндірістік базаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын;
      қызметтің (жұмыстардың) лицензияланатын түрі мен кіші түрлерін орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламент. Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін технологиялық регламент талап етілмейді;
      мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісі қызметінің кіші түрлеріне қолданылмайды);
      қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдарды тағайындау және (немесе) қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
      Бұл ретте, тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндiрiстерiн, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін бұйрықтардың көшірмелері талап етілмейді;
      штат кестесі және жиынтық кесте. Бұл ретте, жиынтық кестеде мынадай ақпарат көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы бойынша тиісті саладағы жұмыс өтілі (техникалық басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша электрондық мәліметтер;
      3) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      лицензияларды қайта ресімдеу кезінде бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі;
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда) құжаттың электрондық көшірмесі.
      Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетінен» лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесін алуға құқығы бар.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын (жеке тұлғалар үшін), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасын төлегені (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      10. Мыналар:
      Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынуы;
      қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны беруге келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнің болуы;
      сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін 
жобалауға (технологиялық) және   
(немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
1-қосымша               

Нысан

Заңды тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiштiң
нысаны

__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________
(қызмет түрі және (немесе) қызметтiң кіші түрi (түрлері) көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi
сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
            (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдiң нөмірі,
_____________________________________________________________________
                      телефоны, факсы, e-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _____________
_____________________________________________________________________
                 (орналасқан жерi және деректемелерi)

Қоса берiліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________

Басшы _________________     _________________________________________
            (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Мөр орны                    20__ жылғы «___» ________________________

Өтiнiш 20__ жылғы «___» __________________________ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
    (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамының қолы, тегi,
                         аты, әкесiнiң аты)

«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін 
жобалауға (технологиялық) және   
(немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
2-қосымша               

Нысан

Жеке тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiштiң
нысаны

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегi, аты, әкесiнiң аты, ЖСН деректемелері)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________
(қызмет түрі және (немесе) қызметтiң кіші түрi (түрлері) көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi
сұраймын.
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі __________, сериясы ____________
№ __________ берген орган ____________ берілген күні ________________
Банк шоты (бар болса) _______________________________________________
                  (шоттың нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қоса берiліп отырған құжаттар:
_____________________________________________________________________

___________________   _______________________________________________
     (қолы)                     (тегi, аты, әкесiнiң аты)

20__ жылғы «___» ___________________

Өтiнiш 20__ жылғы «___» __________________________ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
  (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамының қолы, тегi, аты,
                              әкесiнiң аты)

«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін 
жобалауға (технологиялық) және   
(немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
3-қосымша               

Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін
жобалауға (технологиялық) қызмет түрімен айналысу құқығына
лицензиялық алымның мөлшерлемелері

      Алым мөлшерлемелері «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген және алымды төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне негізделе отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшерлемелері, АЕК-пен

1

Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның мөлшерлемелері

10

2.

Лицензияның телнұсқасын беру үшін алым мөлшерлемелері

лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы

3.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін мөлшерлемелері

лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы

«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін 
жобалауға (технологиялық) және   
(немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық)
лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет стандартына          
4-қосымша               

Мәліметтер нысаны

      1. Тау-кен және мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау
(технологиялық), қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жобалау (кең
таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ
конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалар кен орындарын,
мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық
регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының
техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия, химия
өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:
      жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің,
электрондық-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасы
құралдарының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және
өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат _____________________________
____________________________________ (бағдарламалық қамтамасыз етудің
атауын жазу, қолда бар арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын
атап көрсету).
      2. Тау-кен өндірістерін пайдалану, мұнайды, газды, мұнай-газ
конденсатын өндiру; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу
үшін:
      инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің,
құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының
және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат _______
_______________________________________________ (қолда бар инженерлік
құрылыстарды, машиналарды, механизмдерді, құралдарды, арнайы
көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету).
      3. Мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:
      каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтардың,
аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті
аппараттарының, арнайы (каротаждық) кәбілдің, ұңғымада түсіру-көтеру
операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат __________
_______________________________ (қолда бар жабдықтың атауын көрсету).
      4. Мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу
үшін:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі
және күні __________________________________________________________;
      шарттың нөмірі* ______________________________________________;
      шартқа қол қойылған күні* ____________________________________;
      лицензиясы бар ұйымның атауы* ________________________________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы
туралы ақпарат* ____________________________________________________.
      *ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы
бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды.
      5. Мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су
қоймаларында бұрғылау үшін:
      бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың,
шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы
ақпарат _____________________________________________________________
_________________________________________ (жабдықтың атауын көрсету).
      6. Ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен
агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін; ұңғымаларды
жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және
игеру үшін:
      тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат ________
_______________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету).
      7. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың
өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
      техникалық құралдар кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру
үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат __________
_________ (қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету).
      8. Құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың
өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа
қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою, ұңғымаларды
консервациялау жөнiндегi жұмыстар үшін:
      теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші
резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға
арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың;
шығарындыға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат ____________________
_______________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету).
      9. Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
      механизмдердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау,
қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт
қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы
жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың меншік
құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат ______
________________ (қолда бар механизмдерді, қондырғыларды және өзге де
жабдықты көрсету);
      өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға
сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана аттестатының
нөмірі және берілген күні __________________________________________;
      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі* __________;
      аккредиттелген зертханамен шартқа қол қойылған күн* __________.
      *3), 4) тармақтардағы ақпарат меншікті зертханасы болмаған
жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:
      аккредиттеу туралы куәлікті берген (бұдан әрі – куәлік) кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      куәлікті қайта ресімдеу және телнұсқасын берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) куәлікті алу үшiн:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      мынадай объектілерге меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері:
      мамандандырылған өндірістік ғимараттар (сорғы-сығымдағыш бөлім, баллондардың ағызу-құю бөлімі, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру жөніндегі учаске, көлік учаскесі, автожөндеу боксы, бокс-тұрақтар, механикалық шеберханалар, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық үлгідегі қойма);
      инженерлік құрылыстар (ағызу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш колонкалары, су тегеурінді сорғылармен жарақтандырылған су құйылған өртке қарсы сыйымдылықтар);
      газды сақтау объектілері (жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базалары);
      топтық резервуарлық қондырғылар паркі;
      штат кестесі және қызметкерлердің әрқайсысы бойынша ақпаратты: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте;
      мыналардың:
      қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
      жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесінің;
      аварияларды жою жоспарының;
      қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
      аварияға қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының бекітілген көшірмелері;
      «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген және тіркеген қауіпсіздік декларациясының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған зертханаға меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері немесе өнімдердің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау жөніндегі аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі;
      объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;
      2) куәліктің телнұсқасы үшін: еркiн нысандағы өтiнiш.
      Куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады және көрсетілетін қызметті беруші тізілімге тиісті жазбаны енгізеді;
      3) куәлікті қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш.
      Куәлік көрсетілетін қызметті алушының атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда қайта ресімдеуге жатады.
      Бұрын берілген куәлік күші жойылды деп танылады және аккредиттелген субъектілердің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізе отырып, көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көшірмесіне оның тіркелуі туралы белгілеу болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, телефон: 8 (7172) 97-68-51, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.
      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына       
қосымша            

Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті
беруге (қайта ресімдеуге)
өтініш

_____________________________________________________________________
                          (заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
    (заңды тұлғаның БСН-і, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
                        куәлігінің нөмірі мен күні)
_____________________________________________________________________
         (газ толтыру станциясының орналасқан жері, атауы)

___________________________ аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________

Ұйым басшысы (лауазымы) _______________     _________________________
                             (қолы)                 (Т.А.Ә.)

М.О.                                        20__ ж. «___» ___________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Көмірсутек шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының
кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлiгі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);
      2) белгiленген тәртiппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығы кепiл шартының түпнұсқасы;
      3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.
      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен  
бекітілген     

«Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға
келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға келісімшарттың бет жағындағы тіркеу мөртабаны.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алуға өтiнiші (еркiн нысанда);
      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың түпнұсқасы;
      3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар көрсетілген қызметті алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхат.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкін.
      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgm.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 908-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 989-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 23, 378-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады