«Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды
жүзеге асыруға инвестициялық келісімшартты жасау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан
Респуликасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпанындағы № 90
қаулысына баспасөз релизі.
«Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшартты жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпанындағы № 90 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) «Мемелекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – стандарт).
Қаулымен «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшартты жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
Қаулы мақсаты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Стандартпен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі анықталған.
Қаулы оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі