Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 751 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты
басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
      он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың алдын ала сараптамасы жүргізіледі, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі;
      жиырма күндік мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында шарт материалдарын зерттеу жүргізіледі;
      сараптаманың нәтижесі оң болса шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқ екендігі туралы қорытындыны сараптама ұйымы бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін жібереді (сараптама ұйымы шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарған жағдайда, бұл қорытынды көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде жіберіледі);
      сараптама ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға сұрау жіберіліп, ол жолданған күннен бастап үш ай мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген төлем алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшерлері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өнеркәсіптік меншіктің біртектес объектілері мәні болып табылатын, титул парағымен жабдықталған басқаға беру шартының төрт данадағы түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөртаңбасы және екі тараптың соған уәкілетті адамдардың (патентті басқаға беру шарттарына қатысты – екі тараптың соған уәкілетті адамдарының не көрсетілетін қызметті алушының) қолдары қойылатын қағаз пломбасымен бекітіледі;
      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда нотариат бекіткен сенімхат;
      4) мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттар;
      5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері) иеленушіні басқару органдарының шарт жасасу және оған кәсіпорын басшысының қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылдануын растау болып табылады.
      10. Мына:
      1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының қолданысын тоқтату;
      2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
      3) тараптардың тауар таңбасын айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;
      4) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстырудың себебі болуы ықтималдығы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Өнеркәсіптік меншік объектілерін  
пайдалануға байланысты басқаға беру 
шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша               

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

2-қосымша               

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің    
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Өнеркәсіптік меншік объектілерін басқаға беру
шартын тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) шартты тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
_____________________________________________________________________
      3. Иесі (иелері):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:

      Егер иесі бірнешеу болса, көрсету керек
      4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Егер құқықтық мирасқорлар бірнешеу болса, көрсету керек
      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтінім берушінің
өзге өкілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары: ___________________________________________________
      7. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:
_____________________________________________________________________
      8. Қосымшалар:
      Тіркелетін шарт ____ парақта (№№ ____ қосымшалар ____ парақта)
____ данада;
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті
өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;
      Басқа құжат (көрсету керек)
_____________________________________________________________________
      Өтініш беруші ____________________________________________ М.О.
                        (Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
      Күні «___» ___________ 20__ жыл.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік
меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы
шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
      он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың алдын ала сараптамасы жүргізіледі, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі;
      жиырма күндік мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында шарт материалдарын зерттеу жүргізіледі;
      сараптама нәтижесі оң болса, шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқ екендігі туралы қорытындыны сараптама ұйымы бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін жібереді (сараптама ұйымы шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарған жағдайда, бұл қорытынды көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде жіберіледі);
      сараптама ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға сұрау жіберіліп, ол жолданған күннен бастап үш ай мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшерлері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өнеркәсіптік меншіктің біртектес объектілері мәні болып табылатын, титул парағымен жабдықталған лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттың, төлемдер туралы шарттың төрт данадағы түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөртаңбасы және екі тараптың соған уәкілетті адамдарының қолдары қойылатын қағаз пломбасымен бекітіледі;
      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      4) мемлекеттік баж төлемін және сараптама жүргізу төлемін растайтын құжаттар;
      5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері) лицензиарды (қосалқы лицензиарды) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлға атынан өтініш берілген жағдайда оған кәсіпорын басшысының қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылдануын растау болып табылады.
      10. Мына:
      1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының қолданысын тоқтату;
      2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
      3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;
      4) лицензиатқа тауар таңбасын пайдалануға рұқсат беретін лицензиялық шартта қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге лицензиат өкілеттіктерінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге телефон бойынша жүгіну арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды,
өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға
байланысты төлемдер туралы шарттарды   
мемлекеттік тіркеу»            
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды,
өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға
байланысты төлемдер туралы шарттарды   
мемлекеттік тіркеу»            
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің    
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК        

Лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шартты тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шартты
тіркеуді сұраймын.
      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
_____________________________________________________________________
      3. Лицензиар (қосалқы лицензиар):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
нөмірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
      4. Лицензиат (қосалқы лицензиат):
      Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты (бар болса)немесе заңды
тұлғаның атауы
      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
нөмірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер немесе өтінім берушінің
өзге өкілі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
нөмірлері
      6. Лицензия түрі:
_____________________________________________________________________
      7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескерумен
берілетін құқықтар көлемі:
_____________________________________________________________________
      8. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:
_____________________________________________________________________
      9. Қосымшалар:
      Тіркелетін шарт ____ парақта (№№ ____ қосымшалар ____ парақта)
____ данада;
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті
өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
      Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
      Жалғастыруға арналған парақтар;
      Басқа құжат (көрсету керек)
_____________________________________________________________________
      Өтініш беруші
________________________________________________________________ М.О.
            Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы

Күні «___» ___________ 20__ жыл.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz және «Е-лицензиялау»: www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
      аттестаттау емтиханы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
      патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      Портал арқылы өтініш берген кезде:
      аттестаттау емтиханы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
      куәлік өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша оң шешім және қағаз жеткізгіште берілетін патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – патенттік сенім білдірілген өкілдердің аттестаттаудан өту орны мен мерзімі және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж заңды мәні бар әрекеттер жасаған және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды беретін жерде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы:
      патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау үшін – айлық есептік көрсеткіштің 1 500 (бір мың бес жүз) пайызы;
      қағаз жеткізгіште куәлікті бергені үшін – портал арқылы куәлік алу жағдайларын қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күніне қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 100 (жүз) пайызы төленеді.
      Мемлекеттік баж төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген кезде төлем электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ ) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      патенттік сенім білдірілген өкілдердің аттестаттаудан өтуі үшін:
      1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш;
      2) фотосуреті бар жеке іс парағы;
      3) жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
      4) зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не қабылдау және шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
      5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      6) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
      Құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы өзі немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі ұсынған кезде құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін қайтарылады.
      Осы бөліктің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын олардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
      аттестаттау емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда куәлік алу үшін:
      1) еркін нысанда толтырылатын куәлікті алуға өтініш;
      2) аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша оң шешім;
      3) куәлікті беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
      порталға:
      патенттік сенім білдірілген өкілдердің аттестаттаудан өтуі үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
      2) фотосуреті бар жеке іс парағының электрондық көшірмесі;
      3) жоғары білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
      4) зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының электрондық көшірмесі не қабылдау және шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
      5) ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылған патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төлемі туралы ақпарат не электрондық құжат түріндегі түбіртек.
      аттестаттау емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда куәлік алу үшін:
      1) еркін нысанда толтырылатын куәлікті алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша оң шешімнің электрондық көшірмесі.
      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Портал немесе уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіште өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі жасау оның қабылдануын растау болып табылады;
      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкері, сондай-ақ оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болуы;
      3) зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен көрсетілетін қызметті алушыны алып тастау;
      4) заңда белгіленген тәртіппен қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді 
мемлекеттік тіркеу және аттестаттау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар Банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Тауар таңбасына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде тауар таңбасына сараптама жүргізу және оған куәлік дайындау барысында сұратылатын құжаттарды, соның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрау салуға жауап беру мерзімдерін ұзартуды, көрсетілетін қызметті алушы өткізіп алған мерзімдерді қалпына келтіруді, басқаға беру шартын немесе лицензиялық шартты тіркеуді есептемей) уақытылы ұсынған жағдайда – 12 (он екі) ай ішінде көрсетіледі.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасына куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және тауар таңбасына берілген куәлікті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз немесе электронды түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылу мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстары жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы өтінім берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      3) белгіленген мөлшерге сәйкес төлемді растайтын құжаттар;
      4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда);
      5) көрменiң халықаралық мәртебесiн, оның уақыты мен өткiзу орнын, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар экспонаттау объектісін көрсете отырып, көрмелiк басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын құжат (құжатты әкімшілік немесе көрмені ұйымдастыру комитеті мәлімдейді және көрменің халықаралық мәртебесін растауға тиіс);
      порталда:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініш;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      3) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің төленгенін растайтын ақпарат, екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз түріндегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге қоса тіркеледі;
      4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтінімге қоса тіркеледі.
      5) көрменiң халықаралық мәртебесiн, оның уақыты мен өткiзу орнын, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар экспонаттау объектісін көрсете отырып, көрмелiк басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын құжат (құжатты әкімшілік немесе көрмені ұйымдастыру комитеті мәлімдейді және көрменің халықаралық мәртебесін растауға тиіс) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтінімге қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді.
      10. Мына:
      1) егер мәлімделген тауар таңбалары айырым қабілеті жоқ белгiлерден ғана тұратын;
      тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
      жалпыға ортақ қабылданған символдар мен терминдер болып табылса;
      тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген орны мен уақытын көрсетсе;
      тауарларды немесе көрсетiлетін қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық және (немесе) қауымдастық байланысқа ие болса;
      2) егер мәлімделген тауар таңбалары мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық символиканы, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн соларға ұқсас белгiлердi жасаса;
      3) егер мәлімделген тауар таңбалары тауарға немесе оның дайындаушысына, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруға қабілетті географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылады немесе жаңылыстыруға қабілетті болса;
      4) егер мәлімделген тауар таңбалары тауар нақты шығарылған жерін формальды көрсетеді, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк берсе;
      5) егер мәлімделген тауар таңбалары минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектілердiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын, сол жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса;
      6) егер мәлімделген тауар таңбалары өзiнiң мазмұны бойынша қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келсе;
      7) егер мәлімделген тауар таңбалары араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас:
      бiртекті тауарлар мен қызметтерге қатысты басқа адамның атына неғұрлым ерте басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбаларымен ұқсас болса;
      тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен ұқсас болса;
      бiртекті тауарлар мен қызметтерге (керi қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа адамның атына неғұрлым ерте басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлермен ұқсас болса;
      егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен ұқсас болса;
      8) егер мәлімделген тауар таңбалары олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа адамдардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiлермен ұқсас болса;
      9) егер мәлімделген тауар таңбалары өтiнiм берiлген күнге авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерiнің атауларын қамтыса;
      10) егер мәлімделген тауар таңбалары осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қамтыса, сондай-ақ, егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болғанда, тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тіркелмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Тауар таңбасына куәлік беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Тауар таңбасына куәлік беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

      ҰЗМИ РМК толтырылады

Түскен күні

Берілген күні

Өтінім N

Тауар таңбасын тіркеуге арналған
ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
010000‚ Астана қ.‚ Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, № 18 В кіреберіс

Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелу сұратылады.

Ұжымдық тауар таңбасы

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсетумен өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса).

ДЗМҰ st.3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса)

Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді (ҚР өтінім берушілері үшін)
мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет

______________________________________________________________________________________
Өтінім берушінің мекенжайы**, телефон, мобильдік телефон, телефакс, E-mail

______________________________________________________________________________________
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл

______________________________________________________________________________________
Хат-хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжай) телефон,
мобильдік телефон, телефакс, E-mail

Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдылық сұратылады

Бірінші өтінім нөмірі

Сұратылған басымдылық күні

ST.3 бойынша берілген елдің коды

Көрмелік басымдылық сұратылады

Ашық көрсетілімнің басталу күні

Мәлімделетін белгі:

Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы
Транслитерация
Аударма
Көлемді тауар таңбасы
Түсті белгідегі тауар таңбасы
Түстерді көрсету:

* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады;
** Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады; шетелдік өтінім берушілері үшін латын әрпімен толтырылады                қажеттісін белгілеу

ТҚХК сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер

Мәлімделген белгі Қазақстанда ертерек тіркелген. Тіркеу № ____________________________

______________________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар тізбесі:
Дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат
Мәлімделетін белгінің бейнесі: ақ-қара саны _____, түрлі-түсті саны _____
Белгі сипаттамасы
Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса)
Өтінім берушілер тізбесі (егер олар бірнешеу болса)
Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы № ________________
Сенімхат
Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі
Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі
Ұжымдық белгі туралы келісім
Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер _____________
Барлығы __________________ бет

Қоса берілетін құжаттар тізбесі
______________________________________________________________________________________

Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын

Қолы

Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса)

МО

Күні

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде тауар шығарылған жердің атауына куәліктің сараптамасын жүргізу және дайындық процесінде сұратылатын құжаттарды, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрау салуға жауап беру мерзімдерін ұзартуды, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруді, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) уақтылы ұсынған кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут.
      3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілетін Тауарлар шығарылған жердің атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына куәлікті почта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз немесе электрондық түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы қосымша алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті алушылары үшін:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген географиялық объектіде орналасқаны және ерекше қасиеттері осы географиялық объектіге тән табиғат жағдайларына және (немесе) адами факторларына байланысты тауарды шығаратыны туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы;
      осы географиялық объектіде өндірушінің және оның өндірісінің нақты орналасқан жері туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы;
      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының тауардың шығарылған жерінің мәлімделген атауына құқығын растайтын құжат (түпнұсқа немесе куәландырылған көшірме түріндегі тауардың шығарылған елінің құзыретті органы берген шығарылған елдегі объектіні тіркеу туралы куәлік (сертификат);
      3) өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      4) сараптама ұйымы көрсеткен қызметке төлемнің төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады;
      порталға өтініш берген кезде:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, белгіленген нысандағы өтініші;
      2) Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті алушылары үшін:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген географиялық объектіде орналасқаны және ерекше қасиеттері осы географиялық объектіге тән табиғат жағдайларына және (немесе) адами факторларына байланысты тауарды шығаратыны туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге қоса тіркеледі;
      осы географиялық объектіде өндірушінің және оның өндірісінің нақты орналасқан жері туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге қоса тіркеледі;
      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының тауардың шығарылған жерінің мәлімделген атауына құқығын растайтын құжат (түпнұсқа немесе куәландырылған көшірме түріндегі тауардың шығарылған елінің құзыретті органы берген шығарылған елдегі объектіні тіркеу туралы куәлік (сертификат) – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      3) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;
      4) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын ақпарат, төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) тауардың шығарылған жеріне қатысты жаңылыстыруы мүмкін географиялық объектілердің атауларын білдіретін;
      2) тауардың шынайы шығарылған жерін формальды көрсететін, бірақ тауар басқа аумақтан шығарылатыны туралы қате түсінік беретін;
      3) тауарлар шығарылатын жерге байланысты емес географиялық объектілердің атауларын қамтитын белгілер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Тауар шығарылған жердің атауына
куәлік беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Тауар шығарылған жердің атауына
куәлік беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

      (ҰЗМИ РМК толтырылады)

Түскен күні

(210) Өтінім №

(220) Берілген күні

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитеті "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, № 18 В кіреберіс

Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану
құқығын тіркеуге және/немесе оны беруге
ӨТІНІШІ

Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтінімге көрсетілген белгіні тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуді және онымен пайдалану құқығын беруін сұраймын.

(731) Өтінім беруші:

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды

(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері немесе, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өтінім берушінің толық мекенжайы:

Телефон:

Ұялы телефон:                                               Факс:

(750) Хат-хабар алмасу мекенжайы: (толық пошталық мекенжайы, аты немесе адресаттың атауы)

Телефон:

Ұялы телефон:                                               Факс:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Т.А.Ә. (бар болса) тіркеу нөмірі)
және өтінім берушінің өзге өкілі

(540) Мәлімделген белгі (бас әріптермен басып шығару)

Тауардың түрі немесе нақты тауар

Тауардың ерекше белгілерін суреттеу

Тауар шығарылған (өндірілген) жердің орны (географиялық
объектінің шекараларын көрсету)

_____________________________________________________________
             Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақтар саны

Даналар
саны

өтінімді беру үшін төлемнің төленгені туралы құжат

құзыретті органның қорытындысы

өтінімге қоса берілетін құжаттардың орыс тіліне аудармасы

өкілдің уәкілеттігін куәландыратын сенімхат

өзге де құжат (көрсету)

Қолы

Өтінім берушінің (егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады) немесе патенттік сенім білдірілген өкілінің қолы және күні:

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде өнеркәсіптік үлгіге патенттің сараптамасын жүргізу және дайындық процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сауалға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілетін Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген өнеркәсіптік үлгіге патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және өнеркәсіптік үлгіге патентті почта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізгені үшін қосымша мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;
      3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
      4) өкiл немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы iс жүргiзген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      5) белгiленген мөлшерде өтінім беруге тиісті төлемнің төленгенiн растайтын құжат;
      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары).
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініші;
      2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы – құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      3) оның елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын өнеркәсiптiк үлгiсінiң еркін нысандағы сипаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      4) өкiл немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы iс жүргiзген жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы нотариат куәландырған сенімхат;
      5) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде төлем төленгенiн растайтын ақпарат екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек – құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, орта техникалық оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары) – құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы мәртебесі бейнеленеді.
      10. Мына:
      1) көрсетілетін қызметті алушы сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) егер өтiнiм өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
      3) егер ол туралы хабарланғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы елеулi белгiлерiнiң жиынтығын өзгертпесе;
      4) ұсынылған елеулi белгiлерiнiң жиынтығы өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтыса немесе өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттаса немесе оған қатысты өнеркәсiптiк үлгi бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтерін төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Кіріс нөмірі №

Түскен күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

Басымдығы

Өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан
Республикасының патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-ға
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй,, № 18 В кіреберіс,

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз).

(71) Өтінім беруші (берушілер)

(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі.
Өтінім иелері – авторлардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер 97 коды бар бағанда көрсетіледі)

ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша
елдің коды
(егер белгілі болса)

ҰЗМИ -ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады.
Өнеркәсіптік үлгінің басымдығын:
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінім (өтінімдер) берілген (Заңның 20-б. 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бұдан бұрын өтінім берілген
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы берілген
(өтінім нөмірі _______________, берген күні _________________)
бұдан бұрын берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түскен (Заңның 20-б. 3-т.) күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).

Бірінші, бұдан бұрын берілген, бастапқы өтінімнің №

басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген
елдің коды (конвенциялық
басымдық сұралған кезде)

(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған

(98) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты-жөні)

Телефон:                      Ұялы телефон:                      Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім берушінің (берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және патент алуға құқықтың туындау негізі (құжатты ұсынусыз):
Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықты қайта беруі
мұрагерлік құқығы

өтінімге қосымша

өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы

бұйым кескіндемесінің жиынтығы

сызба(лар) және өзге де материалдар

өтінімді беруге ақы төлегені
туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмесі (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(ҰЗМИ мөртаңбасының орны)

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат

басқа да құжат (көрсетілсін)

(72) Автор(лары)
(толық аты (Т.А.Ә. (бар болса)

(97) Елдің атауы және егер ол белгілі болса, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы

Патентті алу құқығын қайтадан берген автор(лар) - өтінім беруші(лер) және/немесе автор(лар) қол(дар)ы

Мен (біз) ______________________________________________________________________________________
                                 (Т.А.Ә. (бар болса)

патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар)ы ретінде көрсетпеуді сұраймын(мыз).

Автор(лар) қол(дар)ы:

Қолы

Автор(лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде пайдалы модельге патенттің сараптамасын жүргізу және дайындық процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрауға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті берушінің өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілетін Пайдалы модельдердің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген пайдалы модельге патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және пайдалы модельге патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізгені үшін қосымша мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) белгiленген мөлшерде тиісті төлем төленгенiн растайтын құжат;
      4) тиiстi бiлiм саласындағы маман жүзеге асыру үшiн оны толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модельдің сипаттамасы;
      5) объектiні айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн пайдалы модельдің формуласы;
      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары).
      7) сызбалар;
      8) реферат.
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініші;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің төленгенін растайтын ақпарат, төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      4) тиісті білім саласындағы маман жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашып көрсететін пайдалы модельдің еркін нысандағы сипаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      5) объектіні айқындайтын және оның мәнін білдіретін пайдалы модельдің формуласы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары) – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі.
      7) сызбалар – құжаттың электрондық нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      8) еркін нысандағы реферат құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) өтiнiм пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтитыны немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты пайдалы модель бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізiлмегенi туралы оған хабарланғаннан кейiн пайдалы модель формуласын өзгертпесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414).

«Пайдалы модельге патент беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Пайдалы модельге патент беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Келіп түскен күні

(85) Халықаралық өтінімнің ұлттық фазаға ауыстырылған күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімнің тіркелген нөмірі және халықаралық өтінімнің берілген күні
(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні

Пайдалы модельге
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, № 18 В кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):

(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса)немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)

ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша
елдің коды
(егер белгілі болса)

ҰЗМИ-ға өтінім берген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады
Пайдалы модельдің басымдығын:
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінім (өтінімдер) берілген (Заңның 20-бабы 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бұдан бұрын өтінім берілген
Заңның 20-б. 5-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы өтінімді беру күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз)
бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)
(өтінімнің нөмірі __________, берген күні _____________)
бұдан бұрын берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түскен (Заңның 20-б. 3-т.) күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз)

(31) Бірінші, бұдан бұрын берілген, бастапқы өтінімнің №

(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Пайдалы модельдің атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған

Хат алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)

Телефон:                         Ұялы телефон:                          Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә.(бар болса) немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және пайдалы модельге патент алуға құқықтың туындау негізі (құжат ұсынусыз):
Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе құқықтық мирасқордың құқықты қайта беруі
мұрагерлік құқығы

өтінімге қосымша

пайдалы модель сипаттамасы

пайдалы модель формуласы

сызулар және өзге материалдар

реферат

өтінім беруге төлем туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері (конвенциялық басымдылық сұралған кезде)

(ҰЗМИ мөртаңбасы орны)

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат

басқа құжат (көрсетілсін)

формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(72) Автор(лар)
(толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Пайдалы модельге патент алуға құқығын берген автор(лардың) - өтініш иесінің (лерінің) және/немесе авторлардың қолы(дары)

Мен (біз)
______________________________________________________________________________________
                                  (Т.А.Ә. (бар болса)

пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)

Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):

Қолы

Автор(лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Өнертабысқа патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде өнертабысқа патенттің сараптамасын жүргізу және дайындық процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрауға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап – 18 (он сегіз) ай өткеннен кейін;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілген, Өнертабыстардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген өнертабысқа патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және өнертабысқа патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды берген жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізгені үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы қосымша алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) белгiленген мөлшерде тиісті төлем төленгенiн растайтын құжат;
      4) тиiстi бiлiм саласындағы маман оны жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасы;
      5) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн формуласы;
      6) өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажетті болса, сызбалар мен материалдар;
      7) реферат;
      8) өтінім беруге төлем мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжат;
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініші;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің төленгенін растайтын ақпарат, төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      4) тиісті білім саласындағы маман жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашып көрсететін өнертабыстардың еркін нысандағы сипаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      5) объектіні айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      6) егер олар мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар мен материалдар құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      7) еркін нысандағы реферат құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, орта техникалық оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары) – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) көрсетілетін қызметті алушы сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) егер өтiнiм өнертабыстар ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
      3) егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтитыны немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болса, портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Өнертабысқа патент беру»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Өнертабысқа патент беру»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Келіп түскен күні

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні
(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні
(96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні
(97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні

Өнертабысқа Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға
010000,, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, № 18 В кіреберіс,

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):

(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)

ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша
елдің коды
(егер белгілі болса)

ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады
Өнертабыстың басымдығын:
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінім (өтінімдер) берілген (Заңның 20-бабы 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бұдан бұрын өтінім берілген
Заңның 20-б. 5-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы берілген
бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)
(өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні _____________)
бұдан бұрын берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түскен (Заңның 20-б. 3-т.) күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).

(31) Бірінші бұдан бұрын берілген, бастапқы өтінімнің №

(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Өнертабыстың атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған

Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)

Телефон:                            Ұялы телефон:                             Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және өнертабысқа патентті алуға құқықтың туындау негізі (құжат ұсынусыз):
Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе құқықтық мирасқордың құқықты қайта беруі
мұрагерлік құқығы

өтінімге қосымша

өнертабыстың сипаттамасы

өнертабыстың формуласы

сызбалар және өзге материалдар

реферат

өтінім беруге төлем туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(ҰЗМИ мөртаңбасы орны)

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат

басқа құжат (көрсетілсін)

Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(72) Автор(лар)
(толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Өнертабысқа патент алуға құқығын берген автор (лардың)-өтініш иесінің (лерінің) және/немесе авторлардың қолы(дары)

Мен (біз)
______________________________________________________________________________________
                                  (Т.А.Ә. (бар болса)

Өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)

Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):

Қолы

Автор (лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Инновациялық патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде өнертабысқа патенттің сараптамасын жүргізу және дайындық процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрауға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілетін Өнертабыстардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген инновациялық патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және инновациялық патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізгені үшін қосымша мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2)порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) белгiленген мөлшерде тиісті төлем төленгенiн растайтын құжат;
      4) тиiстi бiлiм саласындағы маманның оны жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасы;
      5) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн формуласы;
      6) өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажетті сызбалар мен материалдар;
      7) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары).
      8) реферат.
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініші;
      2) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      3) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті төлемнің төленгенiн растайтын ақпарат, төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      4) тиісті білім саласындағы маман жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашып көрсететін өнертабыстардың еркін нысандағы сипаттамасы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде өтінімге тіркеледі;
      5) объектіні айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      6) егер олар мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар мен материалдар құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      7) еркін нысандағы реферат құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі;
      8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары) – құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өтінімге тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) өтiнiм өнертабыстар ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтитыны немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе;
      3) егер өтiнiм жергiлiктi жаңалыққа және өнеркәсiптiк қолдану шартына сай келмейтiн ұсынысты қамтыса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Инновациялық патент беру»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Инновациялық патент беру»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Келіп түскен күні

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні
(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні
(96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні
(97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні

Өнертабысқа Қазақстан Республикасының
инновациялық патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, № 18 В кіреберіс,

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына Қазақстан Республикасының инновациялық патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):

(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)

ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша
елдің коды
(егер белгілі болса)

ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады
Өнертабыстың басымдығын:
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінім (өтінімдер) берілген (Заңның 20-бабы 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бұдан бұрын өтінім берілген
Заңның 20-б. 5-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы берілген
бастапқы өтінімнің басымдылығы (Заңның 20-б. 5-т.)
(өтінімнің нөмірі __________, берген күні _____________)
бұдан бұрын берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түскен (Заңның 20-б. 3-т.) күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).

(31) Бірінші бұдан бұрын берілген, бастапқы өтінімнің №

(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Өнертабыстың атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған

Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)

Телефон:                             Ұялы телефон:                             Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және инновациялық патентті алуға құқықтың пайда болу негізі (құжат ұсынусыз):
Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе құқықтық мирасқордың құқықты қайта беруі
мұрагерлік құқығы

өтінімге қосымша

өнертабыстың сипаттамасы

өнертабыстың формуласы

сызбалар және өзге материалдар

реферат

өтінім беруге төлем туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(ҰЗМИ мөртаңбасы орны)

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат

басқа құжат (көрсетілсін)

Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(72) Автор(лар)
(толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі)

Елдің атауы және белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Өнертабысқа инновациялық патент алуға құқығын берген автор(лардың) - өтініш иесінің(лерінің) және/немесе авторлардың қолы(дары)

Мен (біз)
______________________________________________________________________________________
                                  (Т.А.Ә. (бар болса)

Өнертабысқа инновациялық патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор(лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)

Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):

Қолы

Автор(лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен   
бекітілген     

«Селекциялық жетістікке патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3.Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөнiндегi және тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияларының жануарлар тұқымдарын сынақтан және байқаудан өткiзу және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын бағалау мерзімдеріне байланысты көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде селекциялық жетістікке сараптама жүргізу және оған патент дайындау процесінде сұратылатын құжаттарды уақтылы, оның ішінде төлемді растайтын құжаттарды (сұрауға жауапты ұзарту мерзімін, көрсетілетін қызметті алушының өткізіп алған мерзімін қайта қалпына келтіру, өзгеге беру шартын немесе лицензиялық шарттың тіркелуін ескерместен) ұсынған кезден бастап;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіште берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген селекциялық жетістікке патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және селекциялық жетістікке патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
      Сараптама жүргізгені үшін қосымша мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген ақы алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) селекциялық жетістіктің сауалнамасы;
      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      4) белгiленген мөлшерде тиісті төлем төленгенiн растайтын құжат;
      5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары);
      порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған белгіленген нысандағы өтініш;
      2) селекциялық жетістіктің еркін нысандағы сауалнамасы – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде өтінімге тіркеледі;
      3) құжаттың электрондық көшірмесі нысанында өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат;
      4) ЭҮТШ арқылы белгіленген мөлшерде тиісті ақы төленгенiн растайтын ақпарат, төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы төленген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі түбіртек құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі;
      5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелер, техникалық орта оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары) – құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі өтінімге тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
      10. Мына:
      1) егер сорттың, тұқымның атауы селекциялық жетістікті бірдейлендіруге мүмкіндік бермесе және көрсетілетін қызметті алушы сорттың, тұқымның жаңа атауын ұсынбаса;
      2) егер сорт, тұқым патентке қабiлеттiлiк талаптарына сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.intellkaz.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Селекциялық жетістікке патент беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк
деректемелері

      Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша
Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық
комитеті» ММ
      КБЕ - 11
      Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:

«Нұрбанк» АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Селекциялық жетістікке патент беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Түскен күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

Басымдылығы

Селекциялық жетістікке
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-ға
010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй,, № 18 В кіреберіс,

Төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, өтініш берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз).
(71) Өтініш беруші(лер):

(Толық аты-жөні немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі. Өтініш иелері–авторлардың тұрғылықты мекен-жайы туралы мәліметтер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда көрсетіледі)

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша
елдің коды (егер
белгілі болса)

ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады.
Селекциялық жетістіктің басымдылығын:
Халықаралық конвенцияға қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді(дер) беру (Заңның 7-б.2-т.)
мемлекеттік комиссияда пайдалануға рұқсат беруге өтінімнің түсуі (Заңның 4-б.2-т.) күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).

Бірінші немесе пайдалануға рұқсат беруге өтінім №

Сұралатын басымдылық күні

(33) берілетін мемлекет коды ДЗМҰ ST.3 бойынша

Өтінімді қарастыру кезеңі

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелген

Бірінші өтініммен берілген материал осы сортты (тұқымды) көрсететінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (мәлімдейміз)

Тегі, түрі ___________________________________________________________________________
                        (атауы мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде)
           ___________________________________________________________________________
                                      (латынша атауы)

Ұсынылатын атауы

Селекциялық нөмірі

Селекциялық жетістік ____________________________ елде (елдерінде) өсіріліп шығарылған
Сорт (тұқымы) сатуға ұсынылды ма немесе сатылады ма ұсынылды ма:
Өтінім берілген елде - жоқ - иә бірінші рет ______________ атауымен ___________
                                                     (күні)

Басқа елдерде: - жоқ - иә бірінші рет ____________________________________________
_____________________________________________________________________________ атауымен

98) Хат-хабар алмасу үшін мекенжайы (толық пошталық мекенжайы)

Телефон:                                         Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өкілі (өкілдері)

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы
бет саны.

Даналар саны

Патентті алу және өтінім беру құқықтарының туындау негіздемесі (құжатты ұсынбай):
Заңның 5-б. 1-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылса
жұмыс беруші немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарын беруі
автор немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарын беруі
мұрагерлік құқығы

(ҰЗМИ мөртаңбасына арналған орын)

өтінімге қосымша

селекциялық жетістіктер анкетасы

суреттер

түрлі-түсті слайдтар

бұрынғы сатылым туралы ақпараттар

өтінім беру төленгендігі туралы құжат

төлем мөлшерін азайту үшін негіздеменің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінім (өтінімдер) көшірмесі (конвенциялық басымдылықтар сұралған кезде)

өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы

патенттік сенім білдірілген өкілі немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат

басқа да құжат (көрсету)

72) Автор(лары)
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

(97) ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің атауы және оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы, егер орнатылған болса

Патентті алу құқығын қайтадан берген автор(лар) - өтінім беруші(лер) және/немесе
автор(лар) қол(дар)ы

Өтінім материалдарын жариялаған кезде мені (бізді) (Т.А.Ә. (бар болса)
______________________________________ автор(лар)ы ретінде көрсетпеуді сұраймын(мыз).

Автор(лар) қол(дар)ы:

Патент алуға құқық берген автор мирасқоры (толық аты немесе атауы, тұрғылықты жерінің немесе орналасқан жерінің атауы, қолы, күні (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

Мендегі (біздегі) ақпарат бойынша өтінімдерді қарастыру үшін қажетті және өтініш пен ережеге енгізілген өзгертулер дұрыс және түпкілікті екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен (біз) үлгілер дұрыс алынғанын және селекциялық жетістіктердің репрезентациялық іріктемесін көрсететінін растаймын(мыз).

Қолы

өтініш иесінің (иелерінің) немесе патенттік сенім білдірушінің қолы (қолдары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қойылған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы                                                       Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады