Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 751 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1068-құжат).
      2. «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 85, 1077-құжат).
      3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 88, 1092-құжат).
      4. «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 77, 1002-құжат).
      5. «Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 25-құжат).
      6. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 61-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады