Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
      1) 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытудың 2015 - 2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекітсін;
      2) өңірді дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы желісінің номенклатурасын кезең-кезеңімен мемлекеттік нормативке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін;
      3) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін дамыту, оның ішінде кеңейту жөніндегі шараларды толық көлемде орындау шартымен және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 735-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 536-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 114 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің
мемлекеттік нормативі

      1. Аудандық деңгейде:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      халқының саны 50-ден (елу) 800 (сегіз жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) медициналық пункт құрылады;
      халқының саны 800-ден (сегіз жүз) 2 000 (екі мың) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) фельдшерлік-акушериялық пункт* құрылады;
      тіркелген халқының саны 2000 (екі мың) және одан көп елді мекенде (ауылдық округте) дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) құрылады;
      тиісті медициналық кадрлар және үй-жайлары болған кезде тіркелген халықтың саны 10000 (он мың) адам және одан асатын шағын ауылдық елді мекендерде ауылдық емхана құрылады;
      аудан орталығында аудандық емхана (бұдан әрі - АЕ):
      2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын ауылдық елді мекендерде ауылдық аурухана;
      аудан орталығында аудандық аурухана;
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 20 000 (жиырма мың) адам және одан көп ауылдық елді мекендері бар ауданда нөмірлік аудандық ауруханалар құрылады;
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (жүз мың) адам және одан көп аудандарда орталық/аудандық аурухананың базасында көп бейінді ауданаралық аурухана құрылады;
      туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық/ауданаралық деңгейлерде құрылады;
      3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары:
      жедел медициналық жәрдем станциясы орталық/аудандық және көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары:
      ауылдық/аудандық/көп бейінді аурухананың жанындағы оңалту бөлімшесі (төсектері);
      5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар:
      ауылдық/аудандық/көп бейінді аурухананың жанындағы хоспис/бөлімше (төсектері);
      6) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      орталықтандырылған патологоанатомиялық бөлімше аудандық/көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде;
      7) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      саламатты өмір салтын қалыптастырудың аудандық орталығы.
      2. Қалалық деңгейде:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      тіркелген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес қалаларда бір аумақтық учаске шегінде дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы);
      тіркелген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде қалалық емхана (бұдан әрі - ҚЕ), бірақ кемінде бір ҚЕ;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада стоматологиялық емхана;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада консультациялық-диагностикалық орталық;
      2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      қалаларда (аудан орталығын қоспағанда), республикалық маңызы бар қалада және астанада көп бейінді стационар түріндегі қалалық аурухана;
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан 300 000 (үш жүз мың) мың адамға дейін болатын қалаларда көп бейінді стационар түрінде қалалық аурухана/жедел медициналық жәрдем ауруханасы;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан асатын қалаларда көп бейінді стационар түрінде қалалық балалар ауруханасы;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда көп бейінді стационар жанында перинаталдық орталық/перзентхана бөлімше;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда туберкулезге қарсы аурухана (диспансер);
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда онкологиялық аурухана (диспансер);
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда наркологиялық аурухана (диспансер);
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда психиатриялық аурухана (диспансер);
      республикалық маңызы бар қалада және астанада көп бейінді аурухананың жанында тері-венерологиялық аурухана (диспансер)/бөлімше;
      республикалық маңызы бар қалада және астанада көп бейінді аурухананың жанында инфекциялық аурухана/бөлімше;
      3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары:
      республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан асатын қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы;
      тұрғылықты халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары:
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 150 000 (жүз елу мың) адамнан асатын қалаларда санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы;
      5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар:
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 400 000 (төрт жүз мың) адамнан асатын жерлерде хоспис (бөлімше, төсектер), мейіргерлік күтім көрсететін аурухана;
      6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      республикалық маңызы бар қалада және астанада қан орталығы;
      7) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде республикалық маңызы бар қалада, астанада және халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;
      8) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      республикалық маңызы бар қалада және астанада саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы;
      9) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      республикалық маңызы бар қалада және астанада ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық.
      3. Облыстық деңгейде:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      облыстық орталықта тіркелген халықтың саны 30000 (отыз мың) адамнан аспайтын бір аумақтық учаскенің шегінде дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы);
      тіркелген халқының саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын облыстық орталықта бір аумақтық учаске шегінде қалалық емхана (бұдан әрі - ҚЕ), бірақ кемінде бір ҚЕ;
      стоматологиялық емхана:
      консультациялық-диагностикалық орталық;
      2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      облыстық аурухана;
      облыстық балалар ауруханасы;
      көп бейінді ауруханалардың жанындағы перинаталдық орталық/перзентханалық бөлімше;
      туберкулезге қарсы аурухана (диспансер);
      онкологиялық аурухана (диспансер);
      наркологиялық аурухана (диспансер);
      психиатриялық аурухана (диспансер);
      көп бейінді аурухананың жанындағы тері-венерология ауруханасы (диспансер)/бөлімше;
      көп бейінді аурухананың жанындағы инфекциялық аурухана/бөлімше;
      3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары:
      жедел медициналық жәрдем станциясы;
      халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация) облыстық аурухананың немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы айқындайтын өзге ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары:
      қызмет көрсетілетін халықтың саны 150 000 (жүз елу мың) адамнан асатын облыстық деңгейде оңалту орталығы, санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий;
      5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар:
      қызмет көрсететін халықтың саны 400 000 (төрт жүз мың) адамнан асатын жерде мейіргерлік күтім көрсететін аурухана, хоспис (бөлімше, төсектер).
      6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      қан орталығы;
      7) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар:
      сот медицинасы орталығы;
      патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;
      8) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы;
      9) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталық.
      4. Апаттар медицина ұйымдары:
      апаттар медицина орталығы республикалық деңгейде құрылады.
      5. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіретін ұйымдар.
      6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;
      3) обаға қарсы станция;
      4) дезинфекция станциясы.
      7. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар: ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары:
      орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде.
      9. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.
      10. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдар мен оның ведомстволарының тізбесіне сәйкес құрылады.
      * - жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тіркелген халқының көрсетілген саны бар ауылдық елді мекендерде кадрлар мен тиісті үй-жай болған жағдайда дәрігерлік амбулатория құрылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады