«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 43118-1098-10 маркалы КАМАЗ автомобилі (2013 жылы шығарылған, шанақ нөмірі ХТС43118 КD2429107, қозғалтқыш нөмірі D 2704439) мобильді байланыс кешені республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мобильді байланыс кешенін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов