«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 151
қаулысына баспасөз парағы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2014 жылғы 25 ақпанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы қаулыны қабылдау мақсаты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулыда «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту көзделеді.
Жоғарыда аталған қаулыны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, оны іске асыру бюджет қаражатын талап етпейді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі