Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 152 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 486 қаулысы.
      3. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 354 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне енгізілетін өзгерістердің 28-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1166-құжат).
      5. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 696 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады