«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 167 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы
шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын
үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит
берудің 2014 жылға арналған шарттары
1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2014 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
2) «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қарыз алушыларға 29 472 165 000 (жиырма тоғыз миллиард төрт жүз жетпіс екі миллион бір жүз алпыс бес мың) теңге сомасындағы кредиттер тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге сыйақының 0,01 % мөлшерлемесі бойынша беріледі;
3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2015 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 559 қаулысымен.
2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.