Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 220 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актiлерiн орындау үшiн 2014 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 3008854 (үш миллион сегіз мың сегіз жүз елу төрт) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтiрген мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 220 қаулысына   
қосымша      

Орындауға жататын сот актiлерiнiң тiзбесi

Р/с

Сот органының атауы және шешiм шығарылған күн

Талапкер

Борыш сомасы (теңге)

1

2

3

4

1

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотының 2013 жылғы 28 наурыздағы шешімі,
Шығыс Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 28 мамырдағы қаулысы,
Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 8 тамыздағы қаулысы

В.А. Яковлев

1302600

2

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 14 мамырдағы шешімі,
Астана қалалық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 4 шілдедегі қаулысы,
Астана қалалық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 1 қазандағы қаулысы

Р.А. Ахметов

500000
50000

3

Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2013 жылғы 19 маусымдағы шешімі,
Атырау облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 6 тамыздағы қаулысы,
Атырау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысы

А.Ж. Бұқарбаев

72246
237297
300000
722

4

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының 2013 жылғы 25 шілдедегі шешімі,
Қарағанды облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы

М.Ш. Жұмабеков

545989

Жиыны: 3008854

Жалпы сомасы: 3008854

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады